Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне


ОНТОГЕНЕЗДЩ ДИСКРЕТТІЛІП (оқшаулығы)



Pdf көрінісі
бет74/96
Дата04.06.2022
өлшемі8,63 Mb.
#145987
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   96
ОНТОГЕНЕЗДЩ ДИСКРЕТТІЛІП (оқшаулығы)
Онтогенез барысында организм біртұтас система болып тіршілік 
етеді. Сондықтан қандай болмасьш құрылым мен функциялар бір - 
бірімен 
тығыз 
байланысты. 
Дегенмен 
онтогенез 
барысында 
оқшаулылық, яғни дискреттілік байқалады. Бұл жағдайда жеке даму 
процесі бір қалыпты өтпей, өсу мен дамудьщ сипаты өзгеріп 
отырады. Мысалы, өсімдікгердегі даму стадияларын алуға болады. 
Бірінші яровизация стадиясы - ол түқым өне бастағаннан басталады. 
Бұл кезде организм үшін қажетті негізгі фактор температура болып 
есептеледі. Жаздық бидай бүл стадиядан 5-12° температурада 7-15 
күнде, ал күздік бидай 6-10°-та 30-70 күнде өтеді.
Келесі - жарық стадиясы. Бұл стадияда дамуды анықтайтын 
басты фактор жарық, яғни күн үзақтығы. Мысалы, жүгері, мақта 
сияқты өсімдіктер ұзақ күнде өсетін, ал қара бидай, брюква т.б. 
қысқа 
күн 
өсімдіктеріне 
жатады. 
Егер 
өсімдік 
яровизация
199


стадиясында тиісті температура алмай, белгілі бір жарық режимінде 
өссе, ол өзінід дамуьш толық аяқтай алмайды. Стадиялық өзгерістер 
міндетті түрде бірінен соң бірі кезектесіп келеді, жарық стадиясы тек 
яровизация стадиясынан соң жүреді.
Онтогенездің дискреттілііі дамудьщ кейбір қатерлі кезендерінде 
де (критический период) байқалады. "Қатерлі кезең" деген үғым 
тұтас организмге емес белгілі бір органдар мен үлпаларға тән. Кез- 
келген орган бүл кезеңге морфогенез процесі қарқынды түрде жүріп 
жатқан кезде кезігеді және дәл сол кезде ол сыртқы орта 
факторларына сезімтал келеді. Сондықтан сыртқы факторлар қатерлі 
кезеңце тұрған белгілерді оп-оңай фенотиптік өзгеріске ұшырата 
алады.
Жеке дамудың белгілі бір кезеңінде организмге сыртқы орта 
факторының эсер етуінен пайда болатьш, түқым қуаламайтын 
фенотиптік өзгерістерді морфоз деп атайды. Кейбір морфоздар 
мутацияға өте үқсас больпі келеді, оны фенокопия дейді.
Мысалы дрозофила шыбындары дернәсілдері дамуьшьщ қатерлі 
кезеңінде химиялық мутагенмен, не температурамен эсер ету арқылы 
қанаттарының тілігі бар, яғни морфозға үшыраған үрпақтарды алуға 
болады.
Күзді күні температураның төмендеуіне байланысты табиғатта 
фенокопиялық 
өзгерістер 
байқалады. 
Мысалы, 
өсімдіктердің 
жапырақтары 
саргаяды. 
Сонымен, 
жоғарыда 
біз 
онтогенездіц 
генетикалық жолмен қалай анықталатынын, яғни ген, белгі, организм 
сияқты біржақты байланысты қарастырдық. Бірақ жыныстық немесе 
сомалық клеткалардағы генетикалық процестер автономды емес, олар 
организммен 
түтастай 
байланысты. 
Қазір 
генстикада 
кері 
байланыстьщ, яғни организм-белгілі- ген бар ексндігі де белгілі.
2 0 0


Жалтгы генотиптің фенотипке айналуы цитоплазмадағы құрылымдар 
мен метаболиттерге, кроссинговер мен мутацияға, организмнің 
жасына, жынысына және физиологиялық жағдайларына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет