бір бөлігінде
жоғалып кетіп,
басқа жерінде жаңадан пайда
болатындығы байқалды. Оның өзі хромосоманың сол бөліміңце РНК
—ның синтезделуіне байланысты екендігі анықталды.
Сонымен
пуфтарды
зерттеудің
нәтижесінде
дернәсілдің
дамуының
әртүрлі
кезеңінде
олардың
сілекей
бездерінің
клеткаларында арнаулы информациялық РН К синтездей алатын
хромосоманьщ активті бөлімдері болатьшдығы белгілі болды. Бірақ
енді сол хромосомалардың жеке бөлімдерінің белгілі бір уақытта
жұмысқа
кірісіп
немесе
жұмысьш
тоқтатьш
тұруы
қандай
факторларға байланысты болуы мүмкін? Бүл мәселе қазір жан —
жақты зерттелуде.
Бактерия клеткаларында бірдей мезгілде активтсніп, қажетті
ферменттердің комплексін жасап шығара алатын гендер тобы бар
хромосома табылған. Бұл сол бактерия
өсетін ортада белгілі бір
қорекгік зат, мысалы, қант болса ғана пайда болады.
Осы тәжірибенің негізінде 50—жылдардың аяғында француз
ғалымдары Ф. Жакоб пен Ж. Моно клеткадагы гендер активтілігінің
реттелу механизмінің нұсқасын жасады. Бұл нүсқа үш түрлі геннен
тұрады. Олар: белок ферменттердің синтездеріне жауап беретін
құрылымдық гендер, ген оператор және реттеуші ген.
Ген оператор
мен құрылымдық гендерді бірге қосьш, оперон деп атайды.
Индукция жағдайында реттеуші ген белок —репрессор жасап
пгьнарады. Ол ген операторға келіп тіреліп, оперонньщ қызметін
бөгейді. Бірақ клеткада белгілі бір метаболит жинақталып (зат
алмасу
өнімі, белок репрессорға қосылады да, оны ген оператордан
ажыратып алады. Сөйтіп оперонга жүмыс істеуге мүмкіндік туады. Ал
репрессия жағдайында белок репрессор бос күйіндс оздігінеи ген
операторға эсер ете алмайды. Оған белгілі бір метаболит қосылганда
2 0 2