Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



Pdf көрінісі
бет83/96
Дата04.06.2022
өлшемі8,63 Mb.
#145987
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   96
Антигендер 
- организм үшін бөгде болып есептелетін белокты 
заттар. Олар организмге енгенде қорғағыш заттар /антиденелер/ 
түзіледі.
Антидене 
- организмге бөгде бөлшектер енгенде түзіліп, оның 
зиянды әсерін жоятын белокты зат.
Антикодон-белок 
биосинтезі кезінде матрицалық РНК-ға 
сәйкес келетін транспорттық РНК молекуласының бөлігі.
Антимутагендер 
- мутагендердің әсерін кемітетін немесе 
жоятын заттар.
Аутбридинг-туыс 
емес дарақтарды будандастыру.
223


Аутосомды хромосомалар 
- аталық жыныс пен аналық 
жыныстардағы құрылыстары біркелкі хромосомалар. Мысалы, адам 
клеткасының диплоидты жиынтығында 22 жұпты аутосомалар және 
1 жұп жыныс хромосомалары бар.
Ахондропиазия 
- эмбриондық дамудың алғашқы кезеңінен 
бастап-ақ сүйектерінің өсуі баяулайды. Соның салдарынан тұлға 
бітімі дұрыс болмай балалардың қол-аяқтары қысқа, танауы 
жалпақ, ергежейлі болып туады. Көпшілік жағдайда бала іште 
жатып 
өледі. 
Аутосомдық доминантты 
белгі 
ретінде тұқым 
куалайды.
Ахроматин 

хроматинмен 
салыстырғанда 
әлсіз 
реңге 
боялатын ядролық зат.
Бактериофаг 
- бактерия клеткасында паразиттік тіршілік 
ететін және оны ертіп жіберетін вирус. Ол сыртын белокты 
қабықша қаптаған ДНК-дан тұрады. 
Мөлшері 200-500 
мкм 
шамасында.
Бекрос 
- будан ұрпақты бастапкы ата-аналық формалардың 
біреуімен қайыра будандастыру.
Бивалент 
- мейоздың 1-профазасының пахитена кезеңінде 
бір-бірімен 
жақындасып, 
коньюгацияланатын 
екі 
гомологты 
хромосома.
Биогенетикалық 
заң 

онтогенездік 
даму 
кезеңдерінің 
филогенез кезеңдерін қайталайтындыгын көрсететін заң.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет