заңдылықтарына сай ажырау жүреді. Кез-келген дарақ бір жұп
аллельге байланысты гетерозиготалы болуы мүмкін.
Гетерозис - бірінші будан ұрпақтың тіршілік қабілетінің ата-
аналарына қарағанда күшті болуы.
Гибрид
-
генетикалық
түрғыдан
бір-бірінен
өзгеше
формаларды будандастыру арқылы алынған ұрпақ.
Гипертрихоз - құлақ қалқанының жиегіне жүн осу. У
хромосомамен тіркес тұқым қуалайтын белгі. Әдетте, бүл
ауру тек ер
адамдарда болады.
Гипоплазия - тіс эмалі өте жұқарып, соның салдарынан тістің
түсі бұзылады. Жыныспен тіркес түқым қуалайтын доминантты белгі.
Гистондар
- жануарлар
мен
өсімдіктер
клеткаларының
көпшілігінің ядросында болатын қарапайым белоктар немесе
протеиндер тобы.
Глаукома - көз алмасындағы сүйықтықтың сыртқа бөлінуі
бұзылады.
Соның салдарынан түрлі
патологиялық
өзгерістер
қалыптасып, ең соңында адам көруден қалады. Глаукоманың түрлері
көп. Олардың біразы аутосомдық - доминантты, ал кейбіреулері
аутосомдық рецессивті тип бойынша түқым
қуалайды. Сондай-ақ түқым қуаламайтын
фенокопиялық формалары
да кездеседі.
Гомозигота - деп клеткаларында белгілі бір аллель жұбының
біркелкі не доминантты (АА), не рецессивті гендері
(аа)
бар дарақты
айтады.
Ондай дарақтардың гаметалары
бір сортты болады және
ешуақытта ажырамайды.
227