Жүктілік патологиясы. Ерте кезеңдегі токсикоз. Гипертензиялық жағдайлар. Дайындаған – 38 топ топша



бет1/2
Дата25.02.2023
өлшемі28,31 Kb.
#170129
  1   2
Байланысты:
Жүктілік патологиясы. Ерте кезеңдегі токсикоз. Гипертензиялық жа-melimde.com


Жүктілік патологиясы. Ерте кезеңдегі токсикоз. Гипертензиялық жағдайлар

Жүктілік патологиясы. Ерте кезеңдегі токсикоз. Гипертензиялық жағдайлар.

Дайындаған – 338 топ 2 топша

Тексерген – Сахипова.Б

Жоспар:
1. Ерте токсикоздар.


2. Ерте кезеңдегі токсикоз.
3. Сирек кездесетін токсикоздар.
4. Жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайлар.
1. Жүктілік кейде қалыпты физиологиялық бағытынан ауытқып асқынады.
Бұл өзгеріс ұрықтың дамуына байланысты, тек жүктілік кезінде пайда болады, босанғаннан кейін ауру белгілері жойылып кетеді, не ауру салдарынан организмда өзгерістер қалады. Бұл аурулар гестоздар немесе токсикоздар деп аталады. Ол үлкен 3 топқа бөлінеді: ерте, сирек, кеш кездесетін гестоздар.
Ерте токсикоздар: құсу, сілекей ағу жатады. Кеш гестоздарға жүктілік шемені, гестоз немесе жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайлар преэклампсия, эклампсия, ал сирек кездесетін түрлеріне – жүктілік дермтаозы, сары ауруы, бауырдың жіті сарғайып солуы, остеомаляция, қолқа демікпесі, тетания т.б. жатады.
Гестоз себептері мен даму жолдары толық анықталмаған, ғылыми тұрғыда дәлелденген 30-ға жуық теориялар бар. Көп жағдайда гестоздың дамуын жүктілікпен байланыстырады. Себебі-құсуда жүктілікті үзсе, әйелдің жағдайы бірден жақсарады, босананнан кейін де гестоздың белгілері жойылады. Гестоздың пайда болуын түсіндіретін негізгі теорияларға – нейроген, иммунологиялық аллергия және адаптация теориялары жатады.
2. Ерте токсикоздар (құсу)- жүктіліктің ерте мезгілінде кездесіп,зат алмасудың барлық түрлерінің бұзылуымен сипатталады. Ерте токсикоздар- жүктіліктің алғашқы айларында пайда болады. Құсу жиі кездеседі. Клиникалық белгілеріне байланысты 3 түрге бөлінеді: жеңіл, орташа, ауыр немесе тоқтаусыз құсық. Жеңіл түрі- тәулігіне 4-5 рет құсады,аздаған гипотония, көбіне тамақтан соң құсу, тамаққа тәбеті сақталған, көңіл күйі өзгеріссіз, ащы тамақтарға әуес болады. Лабораториялық анализдері қалыпты. Орташа түрі тәулігіне 10 және одан көп реттей құсады, тері құрғауы,субфебрильді температура, тахикардия,гипотония,басы ауырады, айналады, айқын әлсіздік,апатия,іш қату тамаққа тәбеті нашарлайды, әлсіреп жүдей бастайды, ішкенін құсып тастайды. Нерв жүйесінде, зат алмасумен, көмір сутегі алмасуында өзгерістер болады. Кетоацидоз байқалады, тамыр соғысы минутына 90 ретке жиілеп, аздап қызуы көтеріледі.Лабораториялық анализде, қанда-жеңіл анемия,зәрде-ацетон бар(ацетонурия). Ауыр түрі тоқтаусыз құсуда тәулігіне 20 және одан да артық құсады, тамаққа жақындамайды,иісінен құсады,оң жақ қабырға асты ауруы білінеді,тері құрғауы,»шаңды із» симптомы(саусақпен теріні сызғанда эпидермис түлеуі), субфебрильді температура, аузынан ацетон иісі шығуы, бұған сілекей ағу қосылуы мүмкін. Организм сусызданады, әлсірейді, жүдеп, 8-10кг-ға дейін салмақ жояды.Лабораториялық анализде қанда-гематокриттің 42%-ке,лейкоциттің 9*10*9/л,қанның биохимиялық анализінде азот қалдығының ,мочевинаның,билирубиннің көбеюі,жалпы белоктың,альбуминнің,холестериннің,калий мен хлоридтердің азаюы анықталады. Зәрде-протеинурия,цилиндрурия,лейкоцитурия,желчь пигменттерінің пайда болуы,ацетонурия-айқын анықталады.
3. Ерте токсиозды емдеу жолдары: құсудың жеңіл түрін аяқтай емдеуге болады, ал орташа, ауыр түрлерін тек стационарда емдейді.Жедел госпитализациялау көрсетілімі - тоқтаусыз құсық, клиникалық симптомдарын басу үшін және жүктілікті созуды анықтау үшін жүргізіледі.
Жоспарлы госпитализациялау көрсетілімі - PS>100минутына,АД<100мм с б, склера сарғайуы,дене қызуы көтерілуі,кетонурия++. Сонымен қатар клиникалық симптомдарын басу үшін және жүктілікті созуды анықтау үшін.
Режим – емдік тыныштандыру, теріс эмоцияны болдырмау. Науқасты жеке палатаға жатқызу. Диета – жеңіл сіңімді, витаминдерге бай. Тамақты салқындатылған күйде, аздаған порциямен жиі береді. Өткір, ащы, майлы, ысталған тамақтар болмайды. Сілтілі минералды газсыз су, лимонмен қою емес шай, шөп шайлары тағайындалады.Медикаментозды ем:
1. Нерв жүйесін тыныштандырып, қызметін қалпына келтіру мақсатында: дроперидол, электроанальгезия(60-90мин-1процедура,6-8сеанс курсына), электро-ұйқы(60-90мин-1процедура,6-8 сеанс курсына), психотерапия қолданады.
2. Құсуды басу үшін: метоклопрамид 2мл б/е,к/т 1-2рет күніне,5-7күнге, атропин 0,1%-1,0мл,1-2рет күніне, 5-7 күнге қолданады,ондансетрон 2,0б/етке,к/т ,1-2рет күніне , 2-3күнге.
3. Улануға қарсы сұйықтықтармен инфузионды терапия кристаллоидтармен жүргізіледі -Рингер-Локка, физ.ерітінді, лактасол,трисоль, хлосоль, витаминдер: В1, В6, С, белок препараттары альбумин,т.б.
Ем нәтижесіз болса жүктілікті үзеді. Жүктілікті үзу көрсетілімдері:
-емделу кезінде тоқтаусыз құсықтың 3күн бойы жалғасуы
-диурездің тәуілік бойы 300мл-ге азайуы
-айқын тахикардия(100-120рет/мин)
-ацетонурияның 3-4күн бойы жоғарылауы
-орталық нерв жүйесі функциясының бұзылуы(апатия,эйфория,ауысу)
-тері мен склера сарғайуы
-гипербилирубинемия(100мкмоль/л)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет