Жүктілік патологиясы. Ерте кезеңдегі токсикоз. Гипертензиялық жағдайлар. Дайындаған – 38 топ топша


Жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайлар



бет2/2
Дата25.02.2023
өлшемі28,31 Kb.
#170129
1   2
Байланысты:
Жүктілік патологиясы. Ерте кезеңдегі токсикоз. Гипертензиялық жа-melimde.com
rules ru, New Microsoft Office Word Document (2), гинзбург, Kurt Donald Cobain, Дизайн през, БЖБ№1, БЖБ№1, БЖБ№1, БЖБ№1, блум таксономия, Ғабит Мүсірепов (2), Календарно-тематическое планирование по химии 9 класс, Документ Microsoft Word, ббб
Жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайлар
Гипертензия – бір рет өлшегенде диастолдық қан қысымның 110мм сынап бағанасына тең немесе жоғары, араға 4 сағат салып, 2 рет өлшегенде 90 мм сынап бағанасына тең немесе жоғары болуы.
Классификациясы
1.Созылмалы артриальды гипертензия
2.Гестациялық гипертензия
3. Преэклампсия: жеңіл, ауыр
4.Эклампсия
Созылмалы артериальды гипертензия – жүктілікке дейін немесе жүктіліктің 20 аптасына дейін болған гипертензия. Босанғаннан кейін 6 аптадан соң сақталады.
Гестациялық гипертензия – бірінші рет жүктіліктің 20 аптасынан бастап дамып, протеинуриясыз жүреді, босанғаннан кейін 6 апта бойы қалып келетін гипертензия. Ол преэклампсияға ауысуы мүмкін. Сондықтан оны бақылау керек.
Преэклампсия –жүктілікке тән көпжүйелі синдром,жүктіліктің 20аптасынан соң дамиды, қан қысымының жоғарылауымен протеинуриямен жүреді(тәуіліктік зәрде белок 300мг дейін болуы), әртүрлі деңгейде ісінудің болуы. Осы 3 симптоматикалық белгі: гипертензия, протеинурия, дененің ісінуі преэклампсияның жеңіл және ауыр түрінде түгел қатар келмеуі де мүмкін.
Протеинурия – араға 4 сағат салып 2 рет зәр анализін жасағанда 0,3 г/л дейін, немесе 0,3 г/л-ден көп болуы.
Ісіну – физиологиялық жүктілік ағысында жүктілердің 50-80% дененің ісінуі байқалады. Ісінусіз өтетін преэклампсия ана мен ұрыққа аса қауіпті болып саналады. Тез үдеген дененің жалпы ісінуі, бел аймағындағы ісіну жақсылықпен аяқталмайтын белгілердің бірі.
Ісінудің классификациясы:
І дәрежесі – ісік аяқтарында (тобығымен балтырында);
ІІ дәрежесі – ісік белі аумағы мен құрсақ қабырғасына дейін көтеріледі;
ІІІ дәрежесі – ісік қолдарында бетінде;
IV дәрежесі – ісік бүкіл денесінде.
Ісікті анықтау:
1. Патологиялық салмақ қосу – жүкті әйел жүктіліктің 2 жартысынан бастап аптасына 350-400 салмақ қосып отыру тиісті.
2. Сақина сынағы – қолындағы сақинаның симай қалуы.
3. Әйелдің балтырын басып қарағанда ойықтардың қалуы, олар көпке дейін қалады.

  • Мак-Клюр-Олдрич сынағы- 0,2мл физ.ертіндіні білезік аймағында тері астына жібергенде пайда болған күлдіреуік қалыпты жағдайда 40-45 минутта жоғалады, ал ісікте 15-20 минутта сіңеді (тіндердің гидрофильдік қасиетінің жоғарлауынан)
    Преэклампсия- жүктіліктің 2-ші жартысында(20аптасынан кейін) пайда болып, артериальды гипертензиямен , протеинуриямен және кейде ісінумен қатар жүріп, көпжүйелі яғни, полиоргандық (полисистемдік) бұзылыстарға әкелетін патологиялық жағдай.

Преэклампсия даму қаупі факторлар:


-преэклампсия анамнезде болуы
-созылмалы пиелонфрит
-бірінші жүктілік
-жасы 40-тан үлкен
-босану арасындағы интервал 10-жылдан астам
-созылмалы гипертония
-көп жүктілік
-жүктілік кезіндегі инфекция
-тұқымқуалайтын тромбофилия
-жүктілік кезінде тым көп салмақ қосу,т. б.
Преэклампсияның жеңіл дәрежесінде қан қысымы 140/90 мм сб б дейін, зәрдегі белок 0,3г/л дейін, ісік тек аяқтарында болуы мүмкін.
Преэклампсияның ауыр дәрежесінде преэклампсияның белгілерімен қатар, қосымша ең болмағанда мына критерилердің біреуі болуы қажет: систоликалық қан қысымын 6сағат ішінде екі рет өлшегенде 160мм с б-на тең және жоғары болуы, диастоликалық қан қысымы 6сағат ішінде екі рет өлшегенде 110 мм с б-на тең және одан да жоғары, жоғары протеинурия 0,3 г/л -ден жоғары(5г/24), осы кезде ми қан айналымының бұзылуынан : бастың қатты ауруы, көруінің бұзылуы(көз алдында шіркейлер ұшып жүруі, көз бұлдырауы), асқазан тұсының ауырсынуы немесе жүрегі айнып құсуы, жалпы ісінудің болуы, дененің құрысуға шақ тұруы(гиперрефлексия), бауырды басып қарағанда ауырсынудың болуы, бауыр ферменттерінің қанда ұлғаюы(АСАТ,АЛАТ,ЛДГ), олигурия (4сағатта 100мл-ден аз,24сағатта 500мл -ден аз), кенеттен ауыр гипертензиямен бірге беті ,аяқ немесе қолы ісіп кетуі, т.б.- мұндай жағдай шұғыл көмек көрсетуді қажет етеді. Преэклампсияның ауыр дәрежесінің асқынулары: эклампсия талмасы, HELLP-cиндром (бауыр гематомасы,немесе жыртылысы),өткір бүйрек жеткіліксіздігі,инсульт,өкпе ісінуі,инфаркт,қалыпты орналасқан плацента ажырауы,ұрық гипоксиясы мен антенатальды өлімі.
Эклампсия – гипертензияның ең жоғарғы сатысы, әйел организмінде барлық жүйелер мен мүшелер патологиялық өзгерістерге ұшырап, ми ұлпалары ісініп, әйел есінен танып, бүкіл денесі, бұлшық еттері құрысып, эклампсия талмасы басталады. Эклампсия талмасы басталар алдында әйелдің басы қатты ауырып, көзінің көруі нашарлап, қан қысымы көтеріліп мазасызданады. Әрбір талма 1 жарым, 2 минутқа созылып, 4 кезеңнен тұрады, егер эклампсия талмасы 30минуттан ұзаққа созылса-эклампсиялық статус деп аталады.
І. Талма алдындағы кезең – әйелдің есі кіресілі – шығасылы, тыныс алуы жиілеп, жүрегі қатты соғып, қас қабағы тартылып жыбырлайды, бұл кезең 20-30 секундқа созылады,(эпилепсияда кездеспейді).
ІІ. Тоникалық талма кезеңі – әйел есінен айырылып, дем алысы тоқтап(апноэ), тер басып, беті көгеріп(цианоз), көз жанары үлкейіп, жағы тартылады. Осы кезде тілін тістеп алуы мүмкін. Бүкіл бұлшық еттер қатып, сіресіп қалады. Ұзақтығы 30 секунд. Ана мен нәрестеге қауіпті кезең.
ІІІ. Клоникалық талма кезеңі – қатып сіресіп,тартылған бұлшық еттер, бірінің артынан бірі, беттен кеудеге, саннан балтырға қарай селкілдеп тартылып тарай бастайды. Әйел ауыр тыныс ала бастайды, жақтары ашылып, аузынан сілекей қан аға бастайды. Ұзақтығы 40 секунд.
IV. Талмадан айығу кезеңі – әйел есін жиып өзіне өзі келе бастайды. Талмада болғанын білмейді, кейде ұйықтап кетеді.
Талма 1-2 ден 10ретке дейін қайталауы мүмкін.
Эклампсия ана өміріне қауіпті, жүрек қан тамыр, бүйрек жетіспеушілігі байқалады. Плацентаның қан айналымының жетіспеушілігінен нәресте гипоксиясы, плацентаның мезгілсіз ажырауынан нәресте шетінеп кетуі мүмкін.
Профилактика: преэклампсия даму қаупі жоғарыда -аз дозада аспирин /75-120 мг. тәулігіне/ жүктіліктің 36 аптасына дейін, кальцийді тамақпен аз қабылдайтын қауіпті топтарға - кальций препараттарын қосымша беру/1г тәулігіне/,алькогольден бас тарту,физикалық белсенділік ұсынылады.Жүктілік алдында(нерв түтікшесінің дефектісінің алдын алу) және жүктілік кезінде үнемі фолий қышқылын 0,4г қабылдау-преэклампсияның нәтижелі профилактикасы болып табылады. Сонымен қатар темекіден бас тарту мезгілінен бұрын босану және салмағы аз ұрықтың туылуын алдын алады.
Жүктілерге сұйықтықты шектеу, ас тұзын азайту, белокты азайту, көбейту, темір фолий қышқылы, балық майы, Е және С витаминдерін қабылдау сияқты шаралар өз нәтижесін берген жоқ.
Емдеу тактикасы:
ПМСП- да: Преэклампсияның жеңіл түрі деген диагноз қойылғасын, әйелді жоғары деңгейдегі емдеу мекемесіне диагнозды нақтылау үшін жіберу керек. Преэклампсияның жеңіл түрінде, перинаталды көмекті өңірлендірудің 2-3дәреждегі медицина мекемесінің патология бөлімінде емделіп, бақыланады.
Преэклампсияның ауыр түрінде біздің мақсатымыз-эклампсия талмасына жеткізбес үшін, талманы алдын алуда көрсетілетін шұғыл көмек: бірден магнезиальды терапияны бастау керек. Магнезиалды терапия преэклампсияның ауыр дәрежесі мен эклампсияны емдеуде ең қатерсіз,нәтижелі, қауіпсіз және қарапайым ем болып табылады. Көрсетуі бойынша гипотензивті ем. Міндетті түрде науқасты перинаталды көмекті өңірлендірудің ІІІ-ші дәрежелі емдеу мекемесінің анестезиология-реанимация және қарқынды емдеу бөліміне (ОАРИТ), жағдайы тұрақты болғасын, жедел жәрдеммен жеткізу керек. Қабылдау бөлімінде дәрігер қабылдайды. Науқасты тек каталкамен тасымалдау керек. Науқас әйел преэкламсияның ауыр дәрежесінде, эклампсияда перзентхананың анестезиология-реанимацияжәне қарқынды терапия бөлімінде(ОАРИТ) емделеді.
Симптоматикалық ем. Қазіргі уақытта симптоматикалық емнің 2 түрі қолданылады: талмаға қарсы, гипотензивті ем.
Преэклампсияның ауыр дәрежесіндегі шұғыл көмек:
-Пациентпен,оның қасындағы жақындарымен жылы сөйлесіп, тыныштандырып, пациентті жатқызып, бір мезгілде дәрігерлік бригаданы шақырту (анестезиолог,анестезистка,акушер гинеколог,акушерка,лаборант),қан қысымы, есі бар жоғы ,бас ауруы,ентігу,іш ауырсыну,қан кету,ұрық жүрек соғысы бойынша жағдайын бағалау керек
-перифериялық көктамырды катетерлеу( 14-16G)
-магнезиалды терапияның бастапқы дозасын жіберу:
Магнезий сульфатының 5 г. құрғақ түрі /20,0-25 %/ көк тамырдан 10-15 мин бойы егу керек.Одан әрі магнезия сульфатының ұстап тұру дозасын енгізу керек,ол үшін:
-320 мл.-0,9 % физ. ерітіндіге 80 мл-25 % магнезий сульфатын қосып, көк тамырдан 1 мин 11 тамшы(сағатына1гр), одан әрі біртіндеп, минутына 22 тамшыға көбейтіп (сағатына2гр), ақырындап жібереді.Ұрықтың жүрек соғысын тыңдау, бағалау, гипоксияның алдын алу үшін оксигенотерапия жүргізу керек
-қан қысымы 140/90ммс.б. жоғары болса, гипотензивті ем жүргізу, метилдопа, нифедипин per os.
-қуықты тұрақты Фоллея катетерімен катетерлеу(сағаттық диурезді және протеинурияны бақылау үшін)
-ұрықтың жүрек соғысын тыңдап,бағалау,гипоксия алдын алу үшін оксигенотерапияны жалғастыру керек
-әйелді жылыту,жағдайы тұрақталғасын,перинаталды көмекті өңірлендірудің 3-ші дәрежелі емдеу мекемесіне тасымалдау ,емдеу мекемесіне алдын ала ескерту керек.
Эклампсия талмасындағы шұғыл көмек:
-Қажетті құралдар дайындау /отсос, маска және мешок Амбу, оттегі/ және оттегі беру 4-6 л.минутына
-әйелдің құлап қалмауын қамтамасыз ету, бірақ белсенді ұстамау.
-қан құсық, асқазан бойындағы сұйықтықтан, аспирация қауіпі туындамас үшін әйелді сол жақ қырына жатқызу.
-дәрігерлер бригадасын шақыру(анестезиолог,анестезистка,акушер гинеколог,лаборант,акушерка,санитарка)
-Бір мезгілде талма аяқталғасын ауыз қуысын тазалау(аспирация жасау),ол үшін аузын ашып,төменгі жақты алға басып шығарады,
-Оксигенотерапия ,минутына 8-10л жылдамдықпен жүргізу
-Перифериялық венаны катетерлеу(№14-16G)
-келесі талманың алдын алу үшін магнезиальды терапия бастау керек.
Бастапқы дозасы: 20,0-25 % магний сульфатын көк тамырдан 10 мин бойы ақырындап жіберу.
Ұстап тұратын дозасы:
320 мл. 0,9% физ ерітіндіге
80мл.-25% магнезий сульфатын қосып,бастапқыда минутына 11 тамшыдан(сағатына1гр), сосын минутын 22 тамшыдан (сағатына2гр) жіберіп отыру.
Егер талма қайталанса, онда 8,0-25 %(2грқұрғақ зат) магнезий сульфатын көк тамырдан 3-5мин бойы жәймен жіберу керек.
-гипертензия сақталса ,гипотензивті терапияны бастау керек метилдопа250-500мг,нифедипин 10мг
-қуықты Фоллея катетерімен тұрақты катетерлеп,диурезді,протеинурияны анықтап отыру

-эклампсиялық статусте,комада,есі сақталмаса, ЖӨЖ-не көшіру



-ұрық жүрек соғысын тыңдап,бағалай отырып,әйелді жағдайы тұрақтанғасын,перинаталды көмекті өңірлендірудің 3-ші деңгейлі емдеу мекемесіне тасымалдау, емдеу мекемесіне алдын ала ескерту қажет.
http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет