өсімдіктердің сондай сорттарын, микроорганиздердің штаммдарын
шығару жэне үй жануарлары мен екпе
өсімдіктер эволюциясының
зандылықтарын зерттеу.
H. И. Вавиловтың айтуынша селекция мынандай негізгі
бөлімдерден тұрады:
I. Селекциялық жұмыстың объектілері болып есептелетін
өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің тұқымдық,
сорттық, түрлік құрамын зерттеу;
2. Гибридизация жэне мутациялық процесс жағдайында пайда
болатын тұқым қуалайтын өзгергіштіктің
заңдылықтарына талдау
жасау;
3. Өсімдіктер мен жануарлардың жэне микроорганизмдердің
белгілері мен қасиеттерінің дамуындағы сыртқы ортаның ролін
зерттеу;
4. Организмнің бойындағы пайдалы белгілер мен қасиеттердің
бекіп дамуына жағдай жасайтын қолдан сұрыптау жүйесін құру.
СЕЛЕКЦИЯҒА ҚАЖЕТТІ БАСТАПҚЫ
МАТЕРИАЛДАР Т¥Қ Ы М , СОРТ ЖЭНЕ ШТАММ
Селекция үшін қажетті бастапқы материалды білмей, олардың
шығу тегі мен
эволюциясын зерттемей тұрып, жануарлар мен
өсімдіктердің және микроорганизмдердің қазіргі бар формаларын
жанарту, жақсарту мүмкін емес.
Өсімдіктердің дүние жүзілік ресурстарын зерттей отырып
Н.
И.
Вавилов басты - басты екпе өсімдіктердің шығу орталықтарын 8
204
ошаққа
бөлді, индиялық ошақ - күріштің, қант қамысының,
цитрустардың отаны,
ортаазиялық ошақ - бидайдың, бұршақтың
және басқа дақылдардың отаны, Қытай - дэнді дақылдар (тары,
қарамық, сояның ), алдыңғы азиядан бидайдың жэне қарабидайдың
көптеген формалары жэне жеміс-жидектердің біраз түрлері шыққан.
Одан басқа жерорта теңізі, абиссина, оңтүстік Мексика, Оңтүстік
Америка ошақтары бар.
Үй жануарларын да осы сияқты ошақтардан таратуға болады.
Тұқым, сорт жэне штамм дегеніміз белгілі бір түқым
қуалайтын
ерекшеліктері бар, адам қолдан жасап шығарған организмдердің
популяциясы. Бір тұқымның, сорттың немесе штаммның ішіндегі
дарақтардың түқым қуалаушылық жағынан бекіген, ұқсас,
ортақ
қасиеттері болады. Олар беретін өнімі, физиологиялық жэне
морфологиялық қасиеттердің белгілі бір жиынтығы және сыртқы орта
факторларына бір типті жауап беруі. Мысалы, леггорн тұқымына
жататын тауықтардың салмағы томен,
бірақ жұмыртқалағыштығы
жоғары келеді. Азықтандыру және күтім жағдайларын жақсартқанда,
олардың
жұмыртқалағыштығы
артқанымен,
салмағы
онша
өзгермейді. Ал лангшан тұқымына жататын тауықтардың керісінше
салмағы жоғары да, жүмыртқалағыштығы томен. Күтім жағдайын
жақсартқанда олардың салмағы артады да, жүмыртқалағыштығында
өзгеріс онша болмайды. Сонда эр тұқымның өзіне тэн түқым
қуалайтын қасиеттері бар.
Қандай болмасын тұқым, сорт, штамм одан белгілі бір өнім алу
мақсатында шығарылады. Қазіргі кезде жануарлардың, өсімдіктердің
және микроорганизмдердің мол өнімді
формаларын алуда селекция
205
едәуір жетістіктерге жетті. Мысалы, голштинофриз тұқымының бір
сиырынан 365 күнде майлылығы орта есеппен 5,1 % 16702 кг сүт
сауылған.
Селекционер
академик
В.С.Пустовойт
шығарған
күнбағардың майлылығы 50 % пайызға дейін жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: