Қайрат Рысқұлбеков атындағы № 33, орта білім беретін мектеп
Куні: 17.02.2015ж.
11 «А» Сыныбы
Биология сабағы
Мұғалім:Калиева А.А.
Ашық сабақ жоспары
Тақырыбы: «Адамның тірі табиғаттағы орны. Адам эволюциясының кезеңдері.»
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды антропогенездің негізгі кезеңдерімен таныстыру, адам эволюциясының негізгі кезеңдеріне , тірі табиғатта орнына сипаттама беру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру
Көрнекілік: презентация, адамның арғы тегінің мүсіндері
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері мен әдістері
|
Атқарылатын жұмыс
|
І. Ұйымдастыру
|
1. Сәлемдесу.
|
ІІ.
Сабақтың мақсатын қою
|
Балалар, біз бүгін сабақта адам эволюциясының кезеңдерімен танысуды жалғастырамыз. Антропогенездің негізгі бағыттарын қарастырамыз. Сабақтың басында алдында өткен тақырыптарды еске түсірейік.
|
Алдында алған білімдерін пысықтау
Қорытындылау
|
Сабақта топпен жұмыс істейміз. І топ – ҰБТда биология пәнін таңдап отырған оқушылар, яғни «биологтар» тобы. ІІ топ- «тарихшылар» тобы, ІІІ топ «әдебиетшілер» тобы. Биологтар тобы ҰБТ тесттерін шешеді, «тарихшылар» саналы адам түрінің тірі табиғат жүйесінде алатын орының еске түсіреді. «Әдебиетшілер» шығармашылық тапсырма орындайды. Егер тапсырманы дұрыс орындасаңдар, жасырын өлең шығады. Тапсырма орындауға 5 минут уақыт беріледі. Алған бағаларыңды бағалау парағына қоясыңдар.
«Әдебиетшілер» тобы шыққан өлеңді оқиды.
Өмір деген не десем Біреулерді алдау да
Өмір деген не десем, Біреулерден алдану.
Өмір деген осы ма? Қор боп отпей жалғанда,
Ұрейлендің неге сен? Қолдан келсе, жан бағу.
Үрікпе, жаным, шошыма.
Кейде шалқып шаруам,
Өзіңе – өзің жүк артып Кейде қашып берекем,
Өмір деген тер төгу. Өмір деген, жаным-ау
Бір нәрсеге құмартып Өзім екем, мен екем.
Бір нәрседен жеркену
Мұғалім бағалайды.
|
Проблемалық сұрақ қою
|
Бұл өлеңнің авторы кім деп ойлайсыңдар. Осы ақынның өлеңдерімен біздің өтілетін тақырыппен қандай байланысы бар? Сендер бүгін сабақта осы сұраққа жауап алады деп үміттенемін.
|
ІІІ.
Жаңа тақырып
Қорытындылау.
|
Адамның арғы тегі саналы адамға ойналуы өте ұзақ уақыты қажет етті. Антропогенез үш бағытқа бөлінеді архантроптар – ежелгі адамдар, палеоантроптар – ертедегі адамдар және неоантроптар – осы заманғы адамдар. Сендер жаңа тақырыпты өз беттерімен оқисыңдар, бір біріңе түсіндіресіңдер. 1 оқушы – питекантроп, 2 оқушы – архантроп, 3 оқушы – неандерталь адамы, 4 оқушы – кроманьон 5 оқушы – саналы адам адамдар. Оқып, бір біріне мазмұндайсындар.Топ басшылары бағалайды.
Жоспар бойынша мазмұндау.
Жоспар: 1. Аты
2. Тіршілік еткен уақыты
3. Сыртқы келбеті
4. Ми көлемі
5. Еңбек құралдары
6. Тұрмыс салты
Тақырыпты меңгергендеріңді тексеру үшін сұрақтарға жауап берейік.
1. Ява аралында табылған ежелгі адамның қазба қалдықтарын не себептен питекантроп деп атады?
2. Адамның негізгі ерекшеліктердің бірі – сөз – адамның қай ата тегінде бірінші пайда болды?
3. Архантроптардың ми көлеміне сәйкес тұрмыс салтын сипаттаңдар.
4.Ертедегі адамдардың ежелгі адамдардан қандай негізгі айырмашылықтары бар?
5. Кроманьон адамдардың дене құрылысындағы өздеріне тән белгілері қандай?
6. Архантроптардың қандай топтары тіршілік еткен?
|
Алдын ала берген тапсырмалар
|
Оқулықта осы ежелгі адамдар туралы мәлімет өте қысқаша берілген, соны толықтыру үшін биологтар тобы адамның арғы тегі туралы мәлімет дайындап келді, соған назар аударайық.Бағалау.
Адамның пайда болуында еңбектің алатын орның ғүлама ғалым ал-Фараби орынды бағалаған. «Адам еңбек ету нәтижесінде ғана жоғарғы сатыға көтерілген. Адам мен еңбек бір-бірінен бөлінбейді. Еңбек адамды хайуанаттар әлемінен бөліп алып жоғары көтерді, оның дене және рухани жағынан өсуіне мүмкіндік туғызды», - деп өте маңызды тұжырым жасаған.Сол себептен тарихшылар тобы – еңбеқ құралдардың дамуы туралы айтады. Бағалау.
Ал әдебиетшілер тобы Мұқағали Мақатаевтің шығармашылығы туралы хабарлайды. Бағалау.
Қорытындылау
|
ІV
Бекіту
|
Енді, балалар, антропогенез туралы білімдерімізді пысықтайық. Келесі тапсырма орындайық 4 оқушы бірінен кейін бірі тақтаға шығады, қалғандары орыннында орындайды. Архантроп, палеоантроп, неонтроп,
Шежіре құрастыру.
|
V
Қорытындылау.
|
Сонымен балалар, біз адам эволюциясы туралы көптеген деректер білдік. Антропогенездің бағыттарымен таныстық. Сабақтың басында қойылған проблемалық сұраққа кім жауап тапты? Мұқағали Мақатаевтің өлеңі «Адам қайдан жаралған» өленің тыңдау. Талдау. Сендер ертең үлкен өмірге аттанасыңдар, әр қайсыңның өз жолдарың, өз тағдырларың бар. Қайда жүрсеңдер де, кім болсаңдар да ең бастысы адам екендеріңді ұмытпаңдар,сонда ғана біз бүгін оқыған, Мұқағали ағамыз жырлаған бақытқа жетесіңдер деп ойлаймын.
|
Бағалау
|
Топтарды бағалау. Оқушыларды бағалау
|
Үй жұмысын жазу
|
биологтар тобы – эволюцияның қозғаушы күштерін қайталау, тарихшылар – адам қоғамының дамуы туралы, әдебиетшілер – еңбек туралы мақал-мәтел дайындау
|
Рефлексия
|
Оқу 3 оқушыны тыңдау
|
Достарыңызбен бөлісу: |