Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет65/122
Дата10.06.2022
өлшемі2,12 Mb.
#146325
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   122
Байланысты:
kaskabasov seiit oioris (1)

контраст.
Ол ертегіде екі түрлі сипатта көрінеді. Бірі – сырттай, көзге 
бадырайып тұрады, яғни образдар қайырымдылық пен зұлымдықтың 
өкілдері есебінде бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Мұндай ашық түрде 
қарама-қарсы қою арқылы ертегі қаһарманның ең ізгі қасиеттерін айқын 
көрсетеді. 
Оның 
басқа 
кейіпкерлерден 
ерекшелігін, 
жауларынан 
артықшылығын сипаттайды.
 
Сыртқы контраст халық алдында қаһарманға қас 
дұшпандардың зымияндық ойлары мен әрекеттерін ашық әшкерелейді. 
Екінші – жай көзге сырттан көрінбейтін бір образдың өз ішінде 
кездесетін контраст. Басқа сөзбен айтсақ, образдың ішінде бірі мен бірі 
сыйыспайтын, қарама-қарсы қасиеттер мен қылықтардың үйлесуі. Образдың 
өзінде жақсылық пен жамандық, қайырымдылық пен зұлымдық, арамдық пен 
адалдық сияқты қасиет-мінездер диалектикалық дәнекер тауып, бірлікте 
болады. Мысалы, әу баста түкке тұрғысыз, ешнәрсеге жарамсыз болып 
көрініп, ең соңында өзінің үлкен ағалары мен дұшпандарынан талантты да 
ақылдырақ болып шығатын кенже ұл мен тазша секілді жағымды 
кейіпкерлер міне, осындай. Қаһарманның басты қолқанаты – аттың да 
бейнесі осылай. Алғашқыда аласа, қотыр мәстек болып көрінген ол біраздан 
соң алты айлық жолда алты аттап өтетін тұлпарға айналады. Ертегінің 
басында балтыры қотыр, басы таз, түріне адам қарағысыз жетім бала, немесе 
адамның ең жаманы саналған
 
Аяз би сияқты кейіпкерлер соңырақ елден 
асқан сұлу, ақылды, тіпті батыр болып шығады. 
Міне, ертегі эстетикасы деген осы. Ол халықтың эстетикасымен ұласып 
жатады. Халықтың эстетикалық мұраты – жаманды жақсы қылу, нашарды 
өрлету. Бұл мұрат пен арман ұштасып, халық оны ертегі эстетикасымен 
жүзеге асырады. Ол үшін қаһарман образында ішкі контраст бар. Сол арқылы 
бас кейіпкердің шын қасиеті танылып, халықтың оған деген сүйіспеншілігі 
білінеді. Халық ертегісінің кереметтігі сол – бас кейіпкерінің хас асыл 
қасиеттерін бірден көрсетпей, тыңдаушыларды қаһарманмен бірге өмір 
сүргізіп, ол құсап талай қиын-қыстауды бастан кешіртіп, әбден құмарттырып 
барып, оның бет пердесін, жан сырын ашады. Бұл үшін ертегі ішкі контраст 
әдісін қолданады. 
Ішкі 
контраст 
жағымсыз 
кейіпкерлердің 
бейнелерінен 
де 
байқалатындығы орынды. Мысалға, жалмауыз кемпірді алайық: сырт 
қарағанда ол әлсіз, қаусаған кемпір секілді, ал шын мәнінде ол

табиғаттың 
небір жасырын сырларын білетін, оларды өзіне бағындырған өте күшті 
әмірші. Демек, ертегіде ішкі контраст әдісі бейнеленетін нәрсенің, не 
образдың шын мәнін ашып көрсету үшін қолданылады. 


114 
Ертегі жанрына тән көркем әдістердің бірі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет