6
ФОЛЬКЛОРДЫҢ СТАТУСЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«Фольклор» – ағылшын сөзі, «халық даналығы» деген ұғымды береді.
Алайда, бұрынғы СССР-ден басқа өркениетті елдерде «фольклор» кең
мағынада түсініледі. Оған халық музыкасын, халық биін, халық өлеңін,
халық театрын, халық әдебиетін, халық қолөнерін, ырымдар мен ғұрыптарды,
салттар мен нанымдарды жатқызады. Сол себепті ол елдерде «фольклор»
сөзімен қатар көбінесе «этнография» сөзін қолданады, ғылымын
«этнология» дейді. Ал, бұрынғы СССР-ді және социалистік лагерьді құраған
елдерде «фольклор» терминімен тек халық әдебиетін, дәлірек айтқанда
халықтың ауызша туып, ауызша орындалатын шығармаларын атау
орныққан. Бұл дәстүр XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейде, XX
ғасырда соған қараған халықтардың ғылымында орын тепті.
Қазақ ғалымдары да осы үрдісті қолдап, фольклорға халық әдебиетін
(мұндаға дейін ақындар поэзиясын да) жатқызу дәстүрін енгізді де, екі
атауды аралас қолданып келеді. Бірақ «халық әдебиеті» деген атау әлем
қабылдаған «фольклор» ұғымын толық бере алмайды. Мысалы, көркемдігі
нашар, өнер деңгейі жоқ ауызша орындалатын шығармалар толық мағынада
сөз өнері, яғни әдебиет бола ала ма? Сол сияқты алуан түрлі ырымдар,
салттар мен нанымдар, бата, алғыс, қарғыс, арбау, жауын шақыру, күн
жайлату, жарапазандар өз мағынасындағы әдебиет бола қоймас. Ендеше,
«халық әдебиеті» дегеннен гөрі өркениет ті
мемлекеттер
қолданатын
«фольклор» терминін қабылдап, орнықтыру жөн сияқты. Ал, «халық
әдебиеті» ұғымын синоним ретінде көркем фольклорды, яғни өнер қасиеті
бар шығармаларды сипаттау үшін қолданған орынды болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: