Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


Орта ғасырлар тұсындағы фольклор



Pdf көрінісі
бет8/122
Дата10.06.2022
өлшемі2,12 Mb.
#146325
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   122
Байланысты:
kaskabasov seiit oioris (1)

Орта ғасырлар тұсындағы фольклор 
(Мемлекеттік қоғам кезі). 
Адамзат тарихының ең бір ұзақ мезгілін рулық қауым қамтыды. Рулық 
қауым неолит дәуірінде ыдырап, осыдан 7-8 мың жыл бұрын алғашқы 
мемлекеттер пайда болды. Жер бетіндегі ең көне мемлекеттер Египетте, 
Месопотамияда, Үндістанда, Қытайда, Грекияда, Иранда, Италияда орнығып, 
құлиеленуші сипатта болған да, біздің дәуіріміздің ІІІ-ІV ғасырларында 
феодалдық сипаттағы қоғамға ауысқан деп есептеледі 
[3]
. Осы уақыттан 
басталатын заман әлем тарихының ортағасырлық дәуірі деп саналады. Бұл 
ХVІІІ ғасырға дейін созылған да, одан бергі кезеңді жаңа заман деп атайды. 
Қазақстан тарихы да осылай дәуірленеді 
[4]

Қазақстан жерінде алғашқы мемлекет б.з.д. І мыңжылдықта, сақтар 
дәуірінде орныққан. Сақтар «көшпелі, жартылай көшпелі және егінші ел 
болатын. Бірақ олар ең алдымен тамаша шабандоздар еді. Дүниеде атпен 
шауып келе жатып садақпен оқ атуды бірінші болып сақтар меңгерген. 
Қайтпас қайсар кісікиік (кентавр) бейнесінің үлгісі салт атты скиф және сақ 
адамы болған... Сақтардың өз жазуы, мифологиясы және дүниежүзілік 
деңгейдегі үздік өнері болды, ол әдебиетте «Аң стильді өнер» деп аталды. 
Сюжеттері – жыртқыш аңдар мен шөппен қоректенетін жануарлар, солардың 
арасындағы күрес» 
[5]
.
Сақтардан соң сарматтардың, үйсіндердің, қаңлылардың, түркілердің 
мемлекеттері болған, олар мың жылдан астам уақытты қамтып, Қазақстан 
тарихында ерекше із қалдырған. Аталған мемлекеттер де, олардан кейін 
құрылған оғыздардың, қыпшақтардың, қарлықтар мен қарахандықтардың 
мемлекеттері де, кейінірек дүниеге келген Алтын Орда да, Қазақ хандығы да 
орта ғасырлық феодалдық сипаттағы мемлекеттер болды. Олардың
әрқайсысы өз қоғамына сай мәдениет тудырды, бірақ рухани жалғастық 
үзілген жоқ. Әр дәуір мәдениеті өзіне дейінгіні пайдаланды, соны негізге 
алды, жаңғыртты әрі дамытты. Ертедегі орта ғасырдың, яғни сақтар мен 
ғұндардың, қаңлылар мен үйсіндердің тұсындағы рухани мәдениет дамыған 
орта ғасыр мен соңғы орта ғасыр кезінде сақталынып қана қойған жоқ. 
Ежелгі замандағы мифтер мен аңыздаулар, т.б. фольклорлық дүниелер әрі 
қарай өзгертіле, кеңейе дамыды. Олардың классикалық фольклорға айналуы 
осы дамыған орта ғасырға тұспа тұс келеді. Рулық замандағы көптеген 
ұғымдар мен нанымдар, мифтік әңгімелер ендігі жерде көркем фольклордың 


18 
құрамында танымдық, эстетикалық міндет атқарады. Сөйтіп, ескі мен 
жаңаның кіріккен түрі, яғни біртұтас мәдениетке айналған руханият 
қалыптасты, ал мұның өзі фольклорды көпсатылы, көпсипатты және 
көпқырлы өнерге айналдырды. 
Сонау сақтар заманында туып, кейінгі дәуірлерге жеткен фольклорлық 
шығармалар миф түрінде, аңыз ретінде ертедегі гректер мен қытай 
жазбаларында орын алғанының арқасында бізге жетіп отыр. Олардың 
сюжеттері мен кейіпкерлерінің іс-әрекеттері кейінгі уақытта туған жырлар 
мен ертегілерде, аңыздауларда көрініс тапқан. Мысалы, атақты Геродот 
«Тарихындағы» Томирис пен Кирдің арасындағы қақтығыс туралы сюжет 
классикалық фольклорға тән 
[6]
. Мұнда қаһармандық эпостағы мотивтер бар. 
Айталық, парсылардың патшасы Кирдің жорыққа шығуы, оның өз 
ақылмандарымен кеңесуі; Томиристің Кирге берген жауабы және Кирге 
қойған шарты; Кирдің шайқас алдында түс көруі; Томирис ұлының тұтқынға 
түсуі, оның өзін-өзі өлтіруі; екі қолдың шайқасы; Кирдің қаза табуы және 
Томиристің кек қайыруы. 
Бұл сюжетте ежелгі заманның нанымы сақталған. Кирдің түсінде 
болашақ патша Дарий аспанға ұшып, бір қанатымен Европаны, екінші 
қанатымен Азияны жауып тұрғанын көреді. Ал, Дарийдің әкесі Гистасп 
(парсыша - Виштасп) Зардуштың қамқоршысы. Осы арқылы Кирдің жеңілуі 
Ахурамазданың қолдамағанынан болды деген сол шақтағы ел арасына 
тараған аңыз көрініс береді. Демек «түс көру» мотиві – ең ерте кезде туып, 
біздің дәуірімізге жетіп отыр. Жалпы, «түс көру» мотиві Геродоттың 
кітабындағы біраз патшалардың өмірінде кездесіп отырады. 
Сақтар мен ғұндар кезінде туындаған фольклорлық сюжеттер мен 
мотивтер кейінгі замандарда да жалғасын тауып, жаңаша әңгімеленетін 
болған, сөйтіп ескі сюжеттер негізінде соны шығармалар дүниеге келіп 
отырған, және мұндай туындыларда бұрынғыға ұқсас, немесе жаңадан 
қалыптасқан тақырыптар мен сарындар баяндалып отырған. Мәселен, 
ғұндардың патшасы Мөденің табғаштарға қарсы соғысы туралы аңыздың 
бүкіл сарыны кейінгі түркілер дәуіріндегі фольклорда жалғасын тапқан, яғни 
Мөденің өз ата-мекенін, елінің бірлігін, амандығын сақтау үшін жүйрік 
тұлпарын да, сүйікті жарын да құрбан етуі, алған сыйларына қанағат етпей 
басынған жауға қарсы жорыққа шығуы, оны күйрете жеңуі, 

осы сияқты 
тақырыптың Түркі қағандары туралы тас жазбаларда кең баяндалатынын 
айтуға болады. 
Жоғарыда 
айтылғандай, 
Қазақстанда 
орныққан 
ортағасырлық 
мемлекеттер, негізінен, феодалдық сипатта болды. Ол мемлекеттердің басты 
ерекшелігі – құлдық қоғамның болмауы, әрі патриархалды рулық өмірдің, 
оның салттарының, руханиятының феодалдық болмысқа сіңісіп, араласып 
кетуі, тіпті әлеуметтік құрылымға негіз болуы. Бұл, әсіресе, Түркі қағанаты 
тұсында айрықша көрінді, себебі қағанат құрамына енген ру-тайпалар 
бұрынғы өмір салтын сақтай отырып, феодалдық мемлекеттің талаптары 
бойынша тіршілік жасады. Осындай қоспаның арқасында ежелгі руханият 
енді мемлекет мүддесі тұрғысынан молынан пайдаланылды әрі патриархалды 


19 
рулық қауымның мәдениетін де жаңа сапаға көшірді. Ежелгі мифтер мен 
нанымдар, сюжеттер мен мотивтер Түркі қағанаты тұсында бірыңғай 
идеологиялық сипат алып, қағанды дәріптеу үшін біршама көркем қасиетке 
ие болды. Мұны Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі жазбалардан айқын 
көреміз 
[7]
. Ол мәтіндерден көне түркі заманындағы мифологиялық 
ұғымдардың ежелгі мифтік түсініктермен байланысты екені байқалады. 
Аспанға табыну, оны Тәңір деп білу, Көк Тәңір деп құрметтеу, ал жерді 
Ұмай-әйел ретінде қастерлеу, жалпы табиғатты қадірлеу сияқты ежелгі 
анимистік нанымның, сондай-ақ түркі жұртының бабасы – Көкбөрі деп
Ашинадан тарағаны туралы тотемистік ұғымның іздері Құлтегін, Білге Қаған, 
Тоныкөк туралы жазуларда жақсы сақталған 
[8]
. Ал, бұл мәтіндер өзінің 
мазмұны мен стильдік-көркемдік қасиеттері жағынан ерте заманғы жырдың 
үлгісі болып есептеледі. Олардағы бейнелілік, кейіпкерлердің сипатталуы, 
қағандардың ерлік іс-қимылдары, олардың астындағы аттарының бейнеленуі, 

осының бәрі батырлық эпостың поэтикасына лайық. Ендеше, Орхон-Енисей 
ескерткішіндегі мәтіндер – VІІ-VІІІ ғасырда хатқа (тасқа) түскен 
фольклорлық шығармалар деуге толық негіз бар. Аталмыш текстердің кейбір 
тұстарында жоқтаудың үлгілері, мақал-мәтел, шешендік сөз тәрізді 
тіркестердің, тұрақты формулалардың кездесуі сондықтан. Осы Құлтегін мен 
Білге қаған және Тоныкөк туралы шығармалардан Түркі қағанаты кезіндегі 
фольклор туралы, тіпті сол шақтағы әдеби-көркем жүйе жайында толық 
мағлұмат алуға болады. Ол ғана емес, сол замандағы Түркі мемлекетінің 
тарихы, өмірі, мәдениеті, басқа елдермен қарым-қатынасы, басты-басты 
саяси, әскери оқиғалары жөнінде кең ақпарат табуға болады. Сол себепті де 
ол мәтіндер тарихи дерекнама ретінде де зерттелді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет