Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


Фольклор – синкретті, көпфункциялы руханият



Pdf көрінісі
бет3/122
Дата10.06.2022
өлшемі2,12 Mb.
#146325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122
Байланысты:
kaskabasov seiit oioris (1)

Фольклорсинкретті, көпфункциялы руханият.
Ол әрі танымдық, 
әрі эстетикалық қызмет атқарады. Фольклор тәрбиелік мақсатта да 
пайдаланылады. Сонымен бірге фольклордың утилитарлық (қолданбалы) 
функциясы да бар, яғни ол белгілі бір жағдайда тұрмыстық қажетті өтейді. 
Фольклордың ең маңызды функциясы – эстетикалық және сейілдік. (Әлбетте, 
қажет болғанда идеологиялық міндет те атқарады). Фольклор қызметінің 
мұншалықты көп болуы, бір жағынан, оның синкреттілігінен туындаса
екінші жағынан, әр жанрдың әр дәуірде әр түрлі міндет атқаруына және 
фольклорлық 
шығармалардың 
орындалу 
мақсатына 
байланысты. 
Утилитарлық және тәрбиелік мақсат көздеген фольклорлық шығармалардың 
көркемдік сапасы эстетикалық және сейілдік функция атқаратын 
туындылардың поэтикалық деңгейінен төменірек болады. Егер бірінші 
топтағы шығармаларда нені айту керек деген мақсат алға қойылса, екінші 
топқа енетін туындыларда нені және қалай айту керек мәселесі бірінші 
кезекте тұрады. 
Осы уақытқа дейін біз фольклорды тек сөз өнері ғана деп ұғынып келдік. 
Бұл түсінік фольклордың аясын тарылтады әрі сөз өнерінің эстетикалық-
эмоциялық қасиетін төмендетеді. Өнер дегеніміз – өмірді, оқиғаны, 
құбылысты немесе сезімді көркем түрде бейнелеп, қайта жаңғырту. Олай 



болса, арбау, алғыс, қарғыс, немесе әр түрлі ырымдар мен нанымдар 
болмысты, я болмаса сезімді көркем түрде бейнелеуді, жаңғыртуды мақсат 
тұтпайтындықтан сөз өнері бола алмайды. Бұған қоса, өнер болу үшін 
шығарманың поэтикасы, композициясы, іс-әрекет атқаратын кейіпкерлері
олардың қақтығысы, т.б. қасиеті болуы керек. Осы тұрғыдан келгенде, 
ұлттық сөз өнерімізді үш түрге бөлуге болады: фольклор, ауыз әдебиеті 
(ақын, жыраулар поэзиясы) және жазба әдебиет. Бұлардың үшеуіне де ортақ 
белгілері болумен бірге әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. 
Фольклордың үш сипаты бар: а) фольклор – ежелгі дүниетаным және көне 
мәдениет, әрі мұра; ә) фольклор – тұрмыстың бір бөлшегі; б) фольклор – сөз 
өнері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет