Күні: 18.11.21
Тақырыбы: Білгірлер ауылы
Мақсаты : Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыра отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін сақтауға , ырымдар мен тыйым сөздер арқылы жаман әдеттен , теріс мінезден сақтануға тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, тақырып жазылған плакат
Әдісі : ойын әдісі , топтық жұмыс
Барысы:
І. Кіріспе бөлім:
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 4-сыныпта өткелі отырған «Білгірлер ауылы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Еліміздің әрбір парасатты азаматы, ең алдымен, өз халқының тілін, дінін, өткенін білуі қажет, себебі өзін, өз халқының жақсысын түсіне білген адам ғана өзгені де сыйлай алады. Туған тілінің асыл қазынасының тұнығынан тұшынып іше білген, оның інжу- маржанын мөлдіретіп тізіп ала білген ұрпақ қана халқын сүйеді, елінің ертеңін ойлайды.Байтақ далада сан ғасыр көші - қонды күндер кешкен қазақ халқы жан сезімін өлең – жырымен ағытқан, ақыл мен ойдың кені даналық сөз өнерінде деп қадірлеген, қылпылдап тұрған қылышқа қыңбаса да, жүйелі сөзге жүгінген. Сөз асылы жыраудан – жыршыға, атадан – балаға ұласып, тот баспай, ғасырлар аттап, біздің дәуірімізге жеткен.
Айналайын, бір өзіңнен дана халқым,
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Тіл ұшына оралар кездескенде,
«Сәлем сөздің анасы» деген нақыл.
Топ алдына шыққанда басын иіп,
Сәлемдесу парызы әрбір жастың.
Өнерлерін паш етер ұландармен,
Сәтте келіп қалғандай танысатын.-дей келіп, сайысқа түсетін білгірлеріміз өздерін таныстырып өтсін.
Топтар өздерінің аттарын және құрамдарын таныстырады.
1.«Қызғалдақ» қыз балалар ауылы
2. «Жебе» ер балалар ауылы
Айтысқа кезек береміз:
Ерасыл:
Ата-баба дәстүрін,
Үйренуден қашпаймыз.
«Айтыс» десе сәнденіп,
Қыздар іздей бастаймыз.
Сарбиназ:
Біржан болып сен келсең,
Ақын Сара мен болам.
Сәйгүлік боп сен шапсаң,
Қыран құсың мен болам.
Бекзат:
Біздің топтың ұлдары,
Шеттерінен ақылды-ақ.
Жұмбақ, тақпақ бұл тойға,
Айтып берер тақылдап.
Дильназ:
Көйлектерін бұл тойға,
Біздің қыздар сәндеді.
Қонақ күтіп, ән салар,
Ұлдарыңнан кем бе еді.
Расул:
Түрлендіріп қамшы өрсем,
Қыздарың таң қалады.
Күмбірлетіп күй шертсем,
Мұнда думан болады.
Нұрсезім:
Мақтандың ғой, жігітім,
Өнеріңді көрейік.
Көрсет сәнді қамшыңды,
Біздер баға берейік.
Нұрдәулет:
Тойға барам деген соң,
Домбыра ұстап жетіп ем.
Шашақталған қамшымды,
Үйге тастап кетіп ем.
Аянат:
Қалып қойса қамшыңыз,
Тағы тойға келерсіз.
Сол қамшыны біздерге,
Сонда сыйға берерсіз.
Мұғалім:
Шын жүйріктер сыналады жарыста
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?- деп бүгінгі сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныс болайық:
1.
2.
3.
Ал енді сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:
Достарыңызбен бөлісу: |