Сабақтың тақырыбы: Халық музыкасын өңдеу



Дата28.12.2019
өлшемі212,53 Kb.
түріСабақ
«Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі: Жахудаев. Н




Қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-салт әндері және заманауи музыкасы
2-бөлім.5-сынып



Мұғалімнің аты-жөні:Әбшенов Ә
Күні: 11.12.2019ж


Сабақтың тақырыбы:



Халық музыкасын өңдеу


Осы сабаққа құрылған оқыту мақсаты (оқу бағдарламасының сілтемесі)

5.2.2.2 ¬ компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау


5.1.3.2.-музыкалық шығармалардың қарапайым үзінділерін музыкалық аспапта бірлесіп орындау

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар:

-

Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды

-Кәсіби музыкалық заманауи кезеңге сәйкес өңделген халық музыкасының әуендерін тыңдайды;
Оқушылардың көпшілігі:
-Заманауи өңделген халық музыкасының әуендерін ажырата алады.

-Көркемдік сипатына сыныптастарымен бірге пікірін білдіре алады;



Кейбір оқушылар:
-оқулықтағы берілген халық әндерін домбыра аспабында орындай алады.

-Өңделген музыкалық шығармаға байланысты өз ойларын айта алады.




Бағалау критерийлері

Әнді мәнерлеп орындау


Әннің жанрын біледі...
Өз жұмысын көрсете білу және бағалау;

Тілдік мақсаты

Оқушылар:
Халық әндерін түрлендіріп жеткізуге сәйкес терминдерді
қолданып,өз жұмысына түсінік береді, оны жақсарту үшін ұсыныстар жасай алады;

Талқылауға арналған сұрақтар;

-

«Бір бала» халық әнін тыңдау барысында мен...


-Әнді өңдеуде мен мына нұсқаны қолданар едім..
-Егер де....мен өз жұмысымды жақсартар едім.


Құндылықтарды дарыту

Қазақ халық әндерін заманауи үлгіге сәйкес лайықталған үлгілерін тыңдау арқылы мәдени құндылықтарды оқушыларға дарыту.




Ресурстар

Оқулық.



АКТ қолдану дағдылары


Компьютерлік бағдарлама,баян,слайд,видео.



Пәнаралық байланыстар

Кіріктірілген пәнаралық байланысы информатикамен ,тарихпен,әдебиетпен байқалады.


Бастапқы білім

Халық әні,ақындар, қазақ әнін кім құрады?Оқушылар білуі мүмкін алдыңғы сабақтан алған білімдері






Сабақ барысы








Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы

10 мин.

Сабақ басында оқушылардың назарын жинақтау:

Ұйымдастыру бөлімі


Оқушыларды карточка алу арқылы І «Домбыра», «Қобыз» топтарына бөліп отырғызу
Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Ән жұмбақ-тренинг
Әр топтан бір оқушы шығарып, әнді қарсы топқа қимылмен көрсету, ал топ мүшелері әнді табу

І-топ «Бір бала», «Бесік жыры»,

ІІ-топ «Айтыс» , «Көк шолақ»
Сонымен, сіздердің сабаққа дайын екендеріңізді көрдім.Бастаймыз!

Үй тапсырмасын тексеру
І-топ «Домбыра»
1.Интерпретация деген не?

2. «Қазағымның дәстүрлері ай» әні мен сөзінің авторын ата?

Қазақтың салт-дәстүрлерін ата
ІІ-топ «Қобыз»


  1. Жанр дегеніміз не?

  2. Үйлену тойында қандай әндер айтылады?

Қазақтың ұлттық ойындарын ата

Дауысқа жаттығу жасау

А-рам-шам-шам 2-рет

А-ля-ми-я-фа-соль-ля 2-рет

Өтілген әнді екі топтың оқушылары

Домбыра аспабында ойнап, хормен

орындайды.

Үй тапсырмасын қорытындылау.


Музыка оқулығы

2 мин.


2 мин. Интер белсенді тақта,

компьютер

аспаптар

музыкалық


слайдтар

4 мин.


5 мин

2-мин
5-мин




Сабақтың ортасы.


Жаңа тақырып:

Типография әдісі бойынша тақырыпты ашу
Оқулықпен жұмыс.

«Халық музыкасын өңдеу» тақырыбына алдыңғы сабақтағыдай оқулықта түсініктеме беріледі.Қазақтың ән мен күйлері жеке орындауда дамыған.Ән-күйлеріміз топтық,ұжымдық (оркестр,ансамбль,хор ) орындауға байланысты өңделіп жатыр.Ән хорға,күй оркестрге және басқа аспаптарға лайықталып орындалып жүр.Күйді оркестрмен ,әнді хормен орындау шығарма мазмұнын көркемдеп байыта түседі».


Сонымен бірге арнайы музыкалық дайындығы жоқ,бірақ музыканы сүйіп тыңдайтын немесе орындағысы келетін адамдарға да кейбір күрделі музыкалық шығармаларды жеңілдетіп өңдеуге болатынын мұғалімнің айтып өткені артық болмайды.Демек,музыкалық өңдеу- музыкалық шығарманың түпнұсқасын белгілі бір мақсатқа лайықтау.
Хор

Аралас хор

Ерлер хоры

Әйелдер хоры

Балалар хоры
Терминдер әлемі
Дирижер- хор жетекшісі

Альт- әйелдер дауысы

Сопрано- әйелдер дауысы

Бас- ерлер дауысы

Тенор-ерлер дауысы

Аранжировка- әуенге өңдеу жасау


2-тапсырма.Тыңдау және талдау.
Оқушылар өзіне таныс « Бір бала» халық әнін Роза Рымбаеваның орындауында тыңдайды.

Баян аспабымен өз орындауында «Бір бала» әнін мұғалімге қосылып орындау.


Оқулықта хорға анықтама берілген: «Хор- көп дауысты вокалдық музыкалық жанр.Хордың бірнеше түрі болады:балалар хоры, әйелдер хоры ,ерлер хоры және аралас хор.Хор кәсіби және халықтық болып бөлінеді.Кәсіби хорды төрт дауыста айтады: ерлер дауысы –бас,тенор,әйелдер дауысы- альт ,сапрано».
Тыңдаған хорға байланысты төмендегідей сұрақтар қойылған:

-«Бір бала» халық әнін орындаған қандай әнші? (Роза Рымбаева)

-Ән заманауи өңделген бе?

-Оркестр құрамында қандай аспаптар бар?

-Өз орындауларыңды қандай хор түріне жатқызасыңдар?

Сергіту сәті

Оқушылар домбыра аспабында хорменен «Ару ана»

әнін орындайды.

Берілген сұрақтар оқушыларға өз ойларын жеткізу және музыкалық терминдерді қолдана білу мақсатында құрылған.Сонымен бірге берілген тірек сөздер де хор музыкасын қаншалықты талқылай алатындықтарына, бағалауына мүмкіндік береді.




«Типография »

Әдісі

2 мин.


Кестелер

3мин


Терминдер

әлемі


3мин

Бейнебаян

3мин
Оқулықпен

жұмыс

2мин


«Сұрақ-жауап»әдісі
3мин

Сергіту сәті

домбыра




Сабақтың соңы

  • Оқушылар бірінші өтілген сабақта,кәсіби хорда төрт дауыс бар болатынын білдік . Ендеше, біз өзіміздің дауысымыздың қай дауысқа жататынын біліп алайық.Екі топтан бірнеше оқушыларды шығарып дауыстарын анықтау.

3мин.


Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз

Бағалау-
Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



2мин



Рефлексия:Сөзін жалғастырады, бүгін мен білдім.....

Қорытынды нәтижелері: сабақтың мақсаты мен критериін талқылау.

Критерийлер бойынша кері байланыс береді.

Бақылау;


Бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша;

Пікір алысу мен әнді орындау кезінде оқушылар бірін-бірі өзара бағалады.


«Білім қоржыны» кері байланыс.




Денсаулық сақтау

Технология лары


Белсенді іс-әрекет түрлері

«Білім қоржыны»


Стикер


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет