Сабақтың тақырыбы: Аминдер Сілтеме



бет1/3
Дата24.04.2017
өлшемі380,91 Kb.
түріСабақ
  1   2   3
Бекітемін:

Мектеп директорының



оқу ісі жөніндегі орынбасары


Мұғалімнің аты-жөні




----------- орта  мектебі

Сыныбы

11

53сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Аминдер

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Б.А.Мансұров 11сынып оқулығы Алматы «Атамұра» 2011

Жалпы мақсаты

Органикалық қосылыстардың жаңа бір класына жататын азоты бар аминдер жайлы түсінік алады және олардың құрылымы, атаулары, құрылыстары, қолданылуымен танысады. Аминдердің қасиеттерін аммиакпен салыстыра алады.

Күтілетін нәтиже

Аминдер жайлы мәлімет алады ,аммиак туындыларын , оны халықаралық атау жүйесімен атай алады. Анилиннің физикалық қасиетін ,біріншілік ,екіншілік және үшіншілік аминдердің әсерін салыстыра алады. Химиялық қасиеттерін жазу арқылы молекуладағы атомдардың бір-біріне әсерін талдай алады.

Негізгі идеялар

Аминдер- молекуласындағы бін немесе бірнеше сутек атомы амин тобына (-NH2) алмасқан көмірсутектердің туындылары.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Сергіту сәті,АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар «Интервью» әдісі ,Галлерея» әдісі

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

 Сергіту сәті. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау «Интервью» әдісі

Сабақ барысында «интервьюге» шығаратын оқушылардың орындықтарына белгі қойып кетуге болады.Әрбір дұрыс жауап берген оқушыға асықты сыйға тару етіп отыруға болады. Сонында асықтың санына қарай оқушыларды бағалауға болады. Егер шыққан оқушылар жауап бера алмаған жағдайда сыныптан көмек сұрауға болады.

Сұрақтар: 1. Көмірсулар деп қандай қосылыстарды айтады?

2. Көмірсулар қалай жіктеледі?

3. Моносахаридтер қандай түрге бөлінеді?

4.Глюкозаның құрамында қандай функционалдық топтар бар?

5. Фруктоза қандай қосылыстарға жатады?

6. Глюкоза мен фруктозаның бір-бірінен айырмашылығы қандай?

7. Дисахаридтер деп қандай қосылыстарды айтады?

8. Сахароза табиғатта қайда кездеседі?

9. Сахарозаның құрамына қай моносахаридтердің қалдығы кіреді?

10. Сахарозаның қандай изомерлерін білесіңдер?

11. Крахмалдың формуласы ?

12. Крахмалды гидролиздеп қандай заттар алады және олар қайда қолданылады?

13. Крахмалды қандай сапалық реакциямен анықтайды?

14. Крахмал мен целлюлозаның құрамы мен құрылысында қандай айырмашылықтар бар?

15. Целлюлозадан талшықтар алады. Ал крахмалдан талшық алуға бола ма?Себебін түсіндіріңдер.

ІІ. Кіріспе Слайдтар көрсету. «Аминдер»

ІІІ кезең Негізгі кезең . Жаңа сабақ: Аминдер

«Галлерея» әдісі

Оқушыларға 3 топқа 3 түрлі тапсырма түрлері беріледі : І- топқа: Номенклатурасы,физикалық қасиеттері; ІІ- топқа:Химиялық қасиеттері: Аминнің хлорсутек қышқылымен және бромды сумен әрекеттесуін тәжірибе арқылы көрсетеді. ІІІ- топқа : Анилин, алынуы, қасиеттері. Тапсырма : Берілген мәтінді әр топ өздері түсіндіріп ізденуші ролін атқарады.

Жұмыстың орындалуы:

ІҮ кезең Қорытынды

Есептер шығару.


  1. 6 л. Метиламн толығымен жанғанда (қ.ж.) көмірқышқыл газымен азоттың қандай көлемі бөлінеді?

  2. Массалық үлестері көмңртегі -61,7% , сутегі – 15,25 % , азот -25,73% -ды құрайтын екіншілік аминнің формуласын анықтаңдар. Аминнің құрылымдық формуласын жазыңдар және оны атаңдар.

Үйге тапсырма:Аминдер

Бағалау: «Қол шапалақтау» арқылы бағалау, Топтық жұмыста бірін – бірі бағалау

Рефлексия «Мен не үйрендім? «Маған не қиын болды?» постерге, стикерге өз пікірлерін жазып қыстырады.


Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді
Ұпай жинау арқылы оқушылар бағаланады.
Оқулықпен жұмыс. Оқушылар тапсырманы топта талдайды, сосын топтың бір мүшесі басқа топтарға қорғайды , жұмыстары бағаланады.
Оқушылар жұмысты нұсқаулыққа қарап орындап, қандай аминдер екенін анықтайды.

Есеп шығару


Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары-------------




Мұғалімнің аты-жөні




--------------орта  мектебі

Сыныбы

11

54 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Аминқышқылдары, аминқышқылдарының құрамы мен құрылысы, аминқышқылдарының номенклатурасы мен изомерленуі

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Б.А.Мансұров 11сынып оқулығы Алматы «Атамұра» 2011

Жалпы мақсаты

Молекуласында екі функционалдық тобы бар қосылыстардың құрамы, құрылысы, қасиеттерімен танысады. Аминқышқылдары жайлы түсінік алады. Аминқышқылдардың ұқсастығы мен айырмашылығын айыра білуге үйренеді.

Күтілетін нәтиже

Аминқышқылдарының құрамы мен құрылысын; изомерлерінің құрылымдық формуласын құруды, реакция теңдеулерін жазуды үйренеді.Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыланады

Негізгі идеялар

Аминқышқылдары молекуласында амин және карбоксил топтары бар органикалық қосылыстар.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар,постер, плакаттар

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Сергіту сәті,АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар, №4 көрсетілімдер: амин қышқылы ерітіндісінен функционалдық топтарды анықтау; топтық жұмыс, слайд шоу, ЖИГСО әдісі


Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

 Сергіту сәті. «Банан іздеу»ойыны бойынша оқушыларды топқа бөліп отырғызу.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау «Құлақ, көз,мұрын» әдісі

Сабақ барысында «Шеңбер»құрып, оқушылар дөңгеленіп тұрады, бір-біріне доп лақтырып, сұрақ-жауап арқылы сұралады. Әрбір дұрыс жауап берген оқушыға «Бағдаршам» әдісімен бағалауға болады. Жауап бере алмаған жағдайда басқа оқушыдан көмек сұрауға болады.

Сұрақтар:


  1. Нитроқосылыстарға анықтама беріндер 2. Аминдер мен нитроқосылыстардың айырмашылығы неде? 3. Тринитробензол, тринитрофенол молекулаларының түзілуі қайсысында оңай жүреді, себебі неде? 4. Аминдер деп қандай қосылыстарды айтады?

5. Аминдер қалай жіктеледі?

6. Біріншілік, екіншілік және үшіншілік аминдердің айырмашылығы неде?

7. Аминдердің негізділігі дегеніміз не? Метиламин, диметиламин, үшметиламин қатарының негіздік қасиеті қалай өзгереді? Неліктен?

8. Анилиннің химиялық формуласы?

9. Анилин мен алифатты аминдердің құрылысын салыстыра отырып, неге анилиннің әлсіз негіздік қасиет көрсететінің түсіндіріндер.

10. Анилин бромды сумен әрекеттескенде сутегі атомдарын броммен орынбасуы неге көбінесе орто- және пара- жағдайында жүреді?

11. Төменде берілген қосылыстардың қайсысының негізділігі жоғарырақ болады:

а) аммиак, этиламин; ә) этиламин, анилин.

12. Аминдер молекуласындағы азот атомының гибридтену күйі?

13. Аминдердің судағы ерітінділерінің реакция ортасы қандай?

14 Аминдердің жану өнімдері қандай?

15. Анилинді қандай реактивтің көмегімен анықтауға болады? Хлор әгі, күлгін түске боялады.



ІІ. Кіріспе Тапсырма: 1. Сірке және пропион қышқылдарының хлорлау реакцияларының теңдеулерін жазындар.2. Хлорсірке және -хлормай қышқылдарындағы хлор атомдарының аминтоппен орынбасу өнімдерінің формулаларын құрастырындар.3. Осы қышқылдардың масштабты моделдерін құрастыру.4. Алыну әдісін жазу.

ІІІ кезең Негізгі кезең .Жаңа сабақ: Аминқышқылдары.

Оқушыларға 3 топқа 3 түрлі тапсырма түрлері беріледі : І- топқа: құрамы С4Н9О2N изомерлерінің құрылымдық формуласын жазу.ІІ- топқа: құрамы С5Н11О2N изомерлерінің құрылымдық формуласын жазу ІІІ- топқа: құрамы С6Н13О2N изомерлерінің құрылымдық формуласын жазу . Берілген затың атын халықаралық және тривиальді номенклатурасы бойынша атайды.Әр топ өздері түсіндіріп ізденуші рөлін атқарады.


ІҮ кезең Қорытынды

Ү кезең Бағалау



Үйге тапсырма:Аминқышқылдары

Рефлексия «Мен не үйрендім? «Маған не қиын болды?» стикерге өз пікірлерін жазып постерге қыстырады.




Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді
Баідаршам арқылы оқушылар бағаланады.Өзін-өзі, өзара бағалау(топ басшысы)
Оқулықпен жұмыс. Оқушылар тапсырманы топта талдайды,

Оқушылар жұмысты нұсқаулыққа қарап орындап, қандай аминқышқылдары екенін анықтайды.



Бекітемін:

Мектеп басшысының



оқу ісі жөніндегі орынбасары-------------


Мұғалімнің аты-жөні




--------------орта  мектебі

Сыныбы

11

55 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Аминқышқылдарының қышқылдық-негіздік қасиеттері.

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Б.А.Мансұров 11сынып оқулығы Алматы «Атамұра» 2011

Жалпы мақсаты

Аминқышқылдардың физикалық, химиялық қасиеттеріне тоқтала отырып, белок түзудегі маңызына көңіл аударады. Заттардың екідайлығы жайлы білімді еске түсіріп, оның мәнін терендете түсінеді, тиісті реакция теңдеулерін жазады

Күтілетін нәтиже

Оқушылар аминқышқылдардың спирттермен, негіздермен, қышқылдармен әрекеттесу реакциясын, поликонденсациялау реакция теңдеулерін жаза алады; олардың мәнін терең түсінеді.Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттері артады.

Негізгі идеялар

Аминқышқылдар- амфотерлі органикалық қосылыстар.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта,слайдтар,постер, плакаттар

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Сергіту сәті,АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар, №4 көрсетілімдер: амин қышқылы ерітіндісінен функционалдық топтарды анықтау; топтық жұмыс, слайд шоу, ЖИГСО әдісі, Венн диаграмма


Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

 Сергіту сәті. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу. «Амин» тобы, «Карбоксил» тобы

ІІ Үй тапсырмасын сұрау «Аялдама» әдісі

І топ: Мына өзгерістерді жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазындар.

СН4→ С2Н2→С6Н6 →С6Н5NO2→C6H5NH2

ІІ топ: С2Н4→ С2Н5ОН→ СН3СООН→ СН2СІСООН→NH2CH3COOH

С2Н6→ С2Н5СІ→С2Н5ОН →СН3СОН→ СН3СООН →СН2СІСООН→NH2CH3COOH

ІІ. Кіріспе


  1. Аминқышшқылдары деген не?

  2. Аминқышқылдарының изомерлерінің болуы неге байланысты? Олар қандай топтарға бөлінеді?

ІІІ негізгі бөлім

  1. Сірке қышқылынан амин қышқылын алу реакция теңдеуін жазындар.

  2. Пропион қышқылынан амин қышқылын алу реакция теңдеуін жазындар.

  3. Глициннің төмендегі қосылыстармен реакция теңдеулерін жазындар:

А) хлорсутек қышқылы;

Ә) сілтінің судағы ерітіндісі;

4. Валиннің метил эфирін қалай алуға болады? Реакция теңдеуін жазыңдар.

5. Аминқышқылдарының полимерленуінің қандай маңызы бар? Капрон қышқылынан капрон алу реакциясының теңдеуін жазындар.

ІҮ кезең Қорытынды

Мына айналымды жүзеге асырындар:

С2Н6→ С2Н5СІ→С2Н5ОН →СН3СОН→ СН3СООН →СН2СІСООН→NH2CH3COOH

Ү кезең Бағалау



Үйге тапсырма:Аминқышқылдары

Рефлексия «Мен не үйрендім? «Маған не қиын болды?» стикерге өз пікірін жазып постерге қыстырады.




Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді.

Әр топ өздерінің түсті маркерлерімен реакция теңдеулерін жазады. Қай топ қанша реакцияны дұрыс жазса сонша ұпай жинайды.

Оқулықпен жұмыс. Оқушылар тапсырманы топта талдайды,

Оқушылар жұмысты нұсқаулыққа қарап орындап, реакция теңдеуін жазады.




Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары ----------------




Мұғалімнің аты-жөні




------- орта  мектебі

Сыныбы

11

56 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Азотты гетероциклді қосылыстар туралы түсінік.Пиридин,пиррол,пиримидинді және пуринді негіздер,оның туындылары.

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Б.А.Мансұров 11сынып оқулығы Алматы «Атамұра» 2011

Жалпы мақсаты

Азотты гетероциклді қосылыстарға пиридин мен пиррол мысалында түсінік алады. Нуклеотидтер мен нуклеин қышқылдары түзілуі үшін гетероциклді қосылыстардың маңызы зор екенін түсінеді.Гетероциклді қосылыстардың құрылысын біле отырып, қасиеттерін түсінеді.

Күтілетін нәтиже

Пиридин,пиррол,пиримидинді және пуринді негіздер,оның туындылары жөнінде білімдерін меңгереді. Гетероциклді қосылыстардың құрамы, маңызды туындыларын жаза алады. 2013№3 48 слайд(Химик анықтамалығы)


Негізгі идеялар

Азотты гетероциклді қосылыстар-түссіз сұйық заттар,өзіне тән иісі бар суда нашар еритін,көптеген органикалық еріткіштерде жақсы еритін ароматты яғни бензол туындылары.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар.Виртуальды зертхана.

Сабақтың түрі

Түсіндірмелі демонстрациялы,қорытынды сабақ.

Әдіс-тәсілдер

Сергіту сәті,АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар«Джигсо» әдісі


Сабақ бойынша мұғалім жазб алары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

 Сергіту сәті. «алма, алмұрт»ойыны бойынша оқушыларды топқа бөліп отырғызу.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау «Интервью» әдісі

Сабақ барысында «Интервьюге» шығаратын оқушылардың орындықтарына байқатпай белгі қойып кетеді.Сұрақ қою барысында әрбір дұрыс жауап берген оқушыға асықты сыйға тару етіп отыруға болады. Сонында асықтың санына қарай оқушыларды бағалауға болады. Егер шыққан оқушылар жауап бере алмаған жағдайда сыныптан көмек сұрауға болады.

ІІ. Кіріспе

Сұрақтар: 1. Аминқышқылдары дегеніміз не?

2Құрамында бес атомы бар аминқышқылдардың изомерлерін ата ?

3. Аминқышқылдары құрамына амин және карбоксил топтарының болуы нені көрсетеді?4.Аминқышқылдарының құрамында қандай функционалдық топтар кіреді? 5. Аминқышқылдарының өзара әрекеттесуінен қандай байланыстар түзіледі?6. Поликонденсация реакциясы деген не?



ІІІ кезең Негізгі кезең .Жаңа сабақ. Азотты гетероциклді қосылыстар туралы түсінік.Пиридин,пиррол,пиримидинді және пуринді негіздер,оның туындылары

Галлереяға саяхат әдісі



1) Пиррол

2) Пиридин

3) Пиримидин және пурин негіздері

ІҮ кезең Қорытынды

Сұрақ: Урацил, тимин, цитозинде қанша азоты бар? Бұлар қай қосылыстың туындылары.

Үйге тапсырма. Азотты гетероциклді қосылыстар туралы түсінік.

Рефлексия «Мен не үйрендім? «Бүгінгі сабақ ұнады ма?»постерге стикер арқылы өз пікірлерін жазып қыстырады.


Оқушы іс-әрекеті Топқа 2 топқа бөлінеді.
Бағдаршам әдісімен стикерлер арқылы оқушылар өздері бағалап отырады..Өзін-өзі, өзара бағалау(топ басшысы)

Оқулықпен жұмыс. Оқушылар тапсырманы топта талдайды, сосын топтың бір мүшесі басқа топтарға қорғайды , жұмыстары бағаланады.Өзін-өзі, өзара бағалау



Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет