Сабақтың тақырыбы: Аминдер Сілтеме



бет3/3
Дата24.04.2017
өлшемі380,91 Kb.
#14821
түріСабақ
1   2   3

Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары --------------




Мұғалімнің аты-жөні




------- орта  мектебі

Сыныбы

11

60 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Нуклеин қышқылдары құрылысы, құрамы, нуклеотидтердің құрылысы, ерекшеліктері,РНҚ және ДНҚ

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Б.А.Мансұров 11сынып оқулығы Алматы «Атамұра» 2011

Жалпы мақсаты

Тақырыптың негізгі түйіні тірі клетканың құрамды бөлігі болып саналатын нуклеин қышқылы жайында толық түсінік алады,ДНҚ мен РНҚ молекулаларының бір-бірінен өзгешелігін түсінеді.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар нуклеин қыщқылдарының құрамы мен нуклеотидтер құрылысының жалпы сызбасын; ДНҚ жəне РНҚ биологиялық рөлі, белок синтезіндегі нуклеин қышқылдарының рөлін біледі. Жаңа тақырыпты игере отырып, сыныпта оқушының топпен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.

Негізгі идеялар

Нуклеин қышқылдары жоғары молекулалы гетерополимерлі қосылыс, тірі клетка ядросының маңызды құрам бөлігі.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, PowerPoint, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар.ДНҚ, РНҚ молекулаларының модельдері; постер, оқулық, кестелер.

Сабақтың түрі

Түсіндірмелі- демонстрациялы қорытынды сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Сергіту сәті,АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар «Сымсыз телефон» әдісі


Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

 Сергіту сәті. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау «Лездеме сұрақтар» Қай топ сұрақтарға көбірек жауап береді?


  1. Белоктардың құрамы неден тұрады?

  2. Белоктардың маңызы және атқаратын қызметтері қандай?

  3. Денатурациялану қандай құбылыс?

  4. Белоктардың неше түрлі құрылымы болады?

  5. Белоктардың қандай сапалық реакциялары бар?

  6. Глицин, аланин қышқылдарынан пептид тізбегін құрастырындар.

  7. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазындар: этан→ этил спирті→сірке альдегиді→хлорсірке қышқылы→ аминсірке қышқылы→ полипептид.

Әр топ қысқа хабарлама жасайды:

  1. Белоктың микробиологиялық синтезі және оның маңызы;

  2. Жасанды және синтездік тағамдар жасау проблемасы;

  3. Алмастырылмайтын аминқышқылдары деген не?

ІІ. Кіріспе кезеңі . Сұрақ: Нуклеин қышқылдары туралы не білесіндер? Ассоциация әдісі.

ІІІ кезең Негізгі кезең .Жаңа сабақ : Нуклеин қышқылдары «Галлереяға саяхат» әдісі

Топпен жұмыс: І топқа ДНҚ молекуласының құрылымын жазу.

ІІ топқа: РНҚ молекуласының құрылымын жазу.

ІІІ топқа: ДНҚ мен РНҚ-ның құрылысындағы және қызметтегі ұқсастықтар мен айырмашылықтары қандай?

ІҮ кезең Қорытынды.

Есеп: Тұз қышқылы қатысында 49,5 г дипептид гидролиздегенде, 83,6 г

α -аминқышқылының тұзы түзіледі. Осы қосылыстың құрылысын анықтаңдар.

Үйге тапсырма.Азотты гетероциклді қосылыстар туралы түсінік.

Рефлексия «Мен не үйрендім? «Бүгінгі сабақ ұнады ма?»постеріне стикерге өз пікірлерін жазып қыстырады.




Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді
Бағдаршам әдісімен стикерлер арқылы оқушылар өздері бағалап отырады..Өзін-өзі, өзара бағалау(топ басшысы)

1) Ассоциация әдісі арқылы оқушылар нуклеин қышқылы туралы білімдерін жүйелейді.

2) Оқушылар алдымен топта талдайды, Бір оқушы постерде қорғайды.

Ұпай жинау арқылы оқушылар бағаланады.

Оқулықпен жұмыс. Оқушылар тапсырманы топта талдайды, сосын топтың бір мүшесі басқа топтарға қорғайды , жұмыстары бағаланады.



Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары ------------------




Мұғалімнің аты-жөні




-------------- орта  мектебі

Сыныбы

11

61сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Сандық есептер шығару .




Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы , Б.А.Мансұров 11сынып оқулығы Алматы «Атамұра» 2011

Жалпы мақсаты

Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнім шығымының массалық, көлемдік үлестерін анықтай алады

Күтілетін нәтиже

Математикалық біліктілік қалыптасады ,химиялық формулалар мен теңдеулер бойынша есептеулер жүргізе алады

Негізгі идеялар

Танымдық есептер-білім кілті.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, PowerPoint, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар. Виртуальды зертхана. Топтық жұмыс, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар.

Сабақтың түрі

Жазбаша қорытындылау сабағы.тЕсеп шығару.

Әдіс-тәсілдер

Сергіту сәті, АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар. Тақтамен жұмыс.


Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі Сергіту сәті.
ІІ кезең Негізгі кезең . Жаңа сабақ Сандық есептер шығару «Ойлан,жұптас,бөліс»әдісімен тапсырмалар беріледі,екеуара жұптасып орындайды,сосын топпен бөліседі.

1) Теория жүзіндегімен салыстырғанда 60%-ке сәйкес сірке қышқылының 45 г алынған. Қанша альдегид тотыққаның есептендер.

2) 18 г сірке қышқылымен 12 г метанол әрекеттескенде 18,5 г метилацетат түзілген. Шыққан эфирдін теория жүзіндегімен салыстырғанда массалық үлесін есептендер.

3. Шығымы 80% болса, 148 г сірке қышқылының метил эфирін алуға қажетті метил спирті мен сірке қышқылының зат мөлшерін анықтандар.

4. Құрамында 90% метаны бар 1 м3 табиғи газдан, шығымдылығы 70% болса, қанша көлем «қ.ж.) ацетилен алуға болады?

5. Егер шығымы 75 % болса, 32,4 кг целлюлозадан қанша триацетилцеллюлоза алуға болады?

6. Егер шығымы 55% болып, 30 г этил спирті алынған болса, қанша крахмал гидролизденген?

7. Егер шығымы 74% болса, 4,6 г глицериннен неше грамм стеарин қышқылының триглицеридін гидролиздеу қажет?

8. Егер шығымдылығы 75% болса, 8,8 г этаналь алу үшін қанша этанолды дегидрлейді?

9. Металл натриймен әрекеттескенде 5,6л сутек (қ.ж.) бөлетін пропанолдан шығымы 70% болса, қанша пропаналь алуға болады?

10. Шығымы 70% болса, 4,7 г фенол алу үшін қанша хлорбензол қажет?

11. Егер шығымы 80% болса, 200 л ацетиленнен (қ.ж.) қанша бензол алуға болады?

ІҮ кезең Қорытынды.

Ү кезең. Үйге тапсырма: Қайталау. Бақылау жұмысына дайындық.

ҮІ . Рефлексия «Мен не үйрендім? «Бүгінгі сабақ ұнады ма?»постерге стикер арқылы өз пікірлерін жазып қыстырады.




Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді

Түрлі-түсті стикерлер арқылы оқушылар бағаланады.Өзін- өзі, өзара бағалау



Бекітемін:

Мектеп директорын

оқу ісі жөніндегі орынбасары




Мұғалімнің аты-жөні







Сыныбы

11

62 сабақ




Сабақтың тақырыбы:

Бақылау жұмысы №4

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы Н. Нұрахметов,Ә.Е.Темірболатова, 11сынып. Алматы «Мектеп» 2007

Жалпы мақсаты

Өтілген сабақта алған теориялық және практикалық білімді қайталап бекітіп, еске түсіріп, қорытындылай алады. Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту,ой-өрісін,өз бетінше ізденетін,тапқырлыққа баулу, жауапкершілікті сезінетін саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға білім беруде стратегиялар мен амал -тәсілдерді қолдана отырып, өз бетімен тиімді жұмыс жүргізуі қалыптасады.

Негізгі идеялар

Құрамында азоты бар органикалық қосылыстар жайлы білімді қорыту.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар ,кестелер

Сабақтың түрі

Есеп шығару

Әдіс-тәсілдер

АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру

 Сергіту сәті. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.



ІІ. Бақылау жұмысы

І –нұсқа

  1. Мына заттардың құрылымдық формуласын жазындар: а) изопентиламин; ә) 2-амин-2-метилпропан қышқылы, б) 2-метил-1,5 –диаминпентан.

  2. Массасы 12,3 г нитробензолды толық тотықсыздандырып 8,5 г анилин алынған. Теория жүзіндегімен салыстырғанда бұл өнім қанша массалық үлесті құрайды?

  3. Құрамында С-77,42% , N -7.53% ,бар заттың молекулалық формуласын табыңдар.

  4. Мына өзгерістерді орындауға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазындар:

Этан→ хлорэтан →этил спирті → сірке альдегиді → сірке қышқылы → хлорсірке қышқылы→аминсірке қышқылы

ІІ –нұсқа



  1. Массалық үлестері С-61,7%, Н -15,25%, N -25,73%-ды құрайтын екіншілік аминнің формуласын анықтаңдар.

  2. 100 кг анилинді аса көп мөлшерде бромды сумен әрекеттестіргенде ақ тұнба түзіледі. Егер оның тәжірибелік шығымы 85% болса, түзілген өнімнің массасын анықтандар.

  3. Мына заттардың құрылымдық формуласын жызындар: а) 2-амин –бутан қышқылы, ә) бутилметиламин; б) β-аминсіркеқышқылының этилэфирі

  4. Мына өзгерістерді орындауға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазындар:

ацетилен→ сірке альдегиді → сірке қышқылы → хлорсірке қышқылы→аминсірке қышқылы
ІҮҮйге тапсырма: Қайталау

Ү. Бағалау: «Критериалды» Рефлексия



Оқушы іс-әрекеті

Топқа бөлінеді






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет