Сабақтың тақырыбы: №1 Бақылау жұмысы Сілтеме



Дата20.11.2019
өлшемі26,51 Kb.
#52142
түріСабақ
Байланысты:
11-8

Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары------------------


Мұғалімнің аты-жөні

Көбекова Манат Жәлелқызы

--------- орта  мектебі

Сыныбы

11

8 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

№1 Бақылау жұмысы

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы , Б.А.Мансұров 11сынып оқулығы, Алматы «Атамұра» 2011жыл.

Жалпы мақсаты

Өтілген сабақта алған теориялық және практикалық білімді қайталап бекітіп, еске түсіріп, қорытындылай алады.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар реакция теңдеуін құрастыра отырып, есеп шығаруға бейімделеді.

Негізгі идеялар

Есептер шығару

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар, кестелер, презентециялар Есептер жинағы, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Талдау, жинақтау. АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар


Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сергіту сәті. «Жорға» биі .

ІІкезең Сабақтың барысы:



І деңгей сұрақтары:

  1. Электрон жұптары арқылы қандай химиялық байланыс жүзеге асырылады?

  2. Бір элемент атомдарының арасында қандай байланыс түзіледі?

  3. Металл мен бейметалл атомдары арасында байланыстың қай түрі түзіледі?

  4. Әр түрлі бейметалдар атомдарының арасында байланыстың қай түрі пайда болады?

  5. Молекулалық формула нені көрсетеді? Мысал ретінде екі формула жазыңдар?

  6. Изомерге анықтама беріңдер. Изомерлерге мысал ретінде екі формула жазыңдар.

  7. Құрылымдық формула нені көрсетеді? Мысал ретінде екі формула жазыңдар?

  8. Заттың құрылысына анықтама беріндер. Мысал ретінде екі формула жазыңдар?

  9. А.М. Бутлеров теориясының бірінші жағдайын тұжырымдаңдар.

  10. А.М. Бутлеров теориясының екінші жағдайын тұжырымдаңдар.

  11. А.М. Бутлеров теориясының үшінші жағдайын тұжырымдаңдар.

  12. А.М. Бутлеров теориясының төртінші жағдайын тұжырымдаңдар.

ІІ –деңгей

  1. Мына химиялық формулаларда электрондар қай атомға ығысады: CH4, CO, CO2, CF4, CN,WC, HCI, NH3, KH, H2O,H2S, CaC2, CaO, CaS, K2S, SO3, FeS.

  2. Химиялық формулалардағы элементтердің валенттілігін анықтандар: Ag2C2, Fe2C2, WC, Cu2C2, CaC2, CN, CF4, C3H8, C5H12, C6H12, CH4, C2H2, N2O5, NO, N2O, HCI, NH3, KH, H2O, H2S, K2S FeS, BaS, CaS, CaO, F2O, SO3, V2O5, CO,CO2

  3. Химиялық формулалар бойынша элементтердің тотығу дәрежесін анықтандар: N2O5, CO,CO2, CaO, F2O, NH3, C3H8, C5H12, C6H12, CH4, C2H2, KH, H2O, H2S, K2S FeS, CN, CF4, NF3

ІІІ- деңгей

  1. Мына көмірсутектердің әрқайсысына 5- тен изомерлерінің құрылымдық формуласын жазыңдар: С7Н16, С6Н14, С8Н18, С9Н20.

  2. Екі түрлі заттар молекулаларындағы элементтердің массалық үлестері бірдей: 92,3% көміртегі және 7,69% сутегі. Заттардың сутегі бойынша тығыздықтары 39 және 13. Осы заттардың молекулалық формулаларын табыңдар.

  3. Бір зат құрамында С-72,72%, Н- 18,18 % болады. Осы зат буының сутекпен салыстырғандағы тығыздығы 22. Бұл қай зат?

ІҮ кезең Қорытынды
Үйге тапсырма: Қайталау.

Бағалау Критерийлерді белгілеу, сол арқылы бағалау. ОүБ (топтарда бағалау, өзара бағалау, өзін-өзі бағалау)

Рефлексия



Оқушы іс-әрекеті

Талқыланады.Оқушылар жеке дәптерге орындайды .





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет