Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет85/122
Дата10.06.2022
өлшемі2,12 Mb.
#146325
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   122
Байланысты:
kaskabasov seiit oioris (1)

 
 
 


156 

ӘПСАНА 
 
 
Қазақ фольклорында аңыздан гөрі көркем, бірақ көркемдігі ертегіден 
төмендеу әңгімелер бар. Олардың мазмұны әр түрлі, себебі сюжеттік қайнар 
көзі осылай. Бір топ әңгіме – бір кезде тарихта болған адамдар жайында аңыз 
болып шығып, тараған шығармалар. Екінші бір тобы – белгілі бір мекен,
жер-су жайын қиял түрінде баяндайтын әңгімелер. Ал, үшінші топ құрайтын 
әңгімелер – Інжіл мен Құран, тағы басқа да діни кітаптар арқылы тараған 
сюжеттер. Алайда, бұлардың бәрінде көркемдік пен кереметтіктің 
элементтері мол пайдаланылады. Сондықтан дінге қатыссыз шығармаларда 
эпсаналық, ал мұсылман дініне байланысты әңгімелерде хикаяттық сипат 
басым екенін ескеріп, әпсана мен хикаят жанрларын жекелеп қарастырған 
жөн. Әпсана сөзі парсыша ертек, қиял, мысал, әңгіме жанрларының атауы 
және әдемі, сұлу, керемет деген мағына береді [1]. Демек, бұл сөз біздің 
қарастырып отырған көркемдігі біршама дамыған, қиял мен керемет 
элементтерін мол пайдаланып отырған мұсылман дініне қатыссыз 
шығарманың мәніне сәйкес. Әпсана терминін өз еңбектерінде Ә.Марғұлан 
жиі қолданады. Әпсана сөзін термин ретінде қолдану жалпы фольклортануда 
бар [2].
Аңыз бен әпсана - өзара жақын, бірақ бір-бірінен оқшаулығы бар екі 
жанр. Олардың бір-бірінен айырмашылығы көркемдіктің дәрежесінен 
білінеді, яғни шығармада қиял (вымысел) мен кереметтік (чудесное) 
қаншалықты көркемдік роль атқарады, міне, бұл – аңыз бен әпсананың 
әрқайсысын ерекшелендіріп тұратын басты белгі, бірінші шарт. Бұл екі 
жанрдың айырмашылығы олардың атқаратын функциясынан да көрінеді. 
Басқаша айтқанда, аңыз бен әпсана шығармалары қандай мақсатта айтылады, 
міне, бұл да – жанрды ерекшелендіретін белгі. Аңыздың мақсаты – бір 
фактіні, тарихи оқиғаны хабарлап, ол туралы тыңдаушыға мәлімет беру. 
Демек, аңыздың қызметі (функциясы) – танымдық, мағлұматтық. Ал, 
әпсананың мақсаты - баяғыда болған, немесе болды деген бір оқиғаны, іс-
әрекетті, немесе жағдайды көркемдей баяндау арқылы тыңдаушыға ғибрат 
беру. Мұнда бас кейіпкерлер дәріптеле суреттеледі, олар көркем бейне 
деңгейінде көрінеді.
Аңыз бен әпсана – прозалық фольклордың көркемдік даму жолындағы 
екі кезең десе де болады. Себебі бұл екеуінің де түп негізінде көп жағдайда 
өмірде болған бір оқиға жатады, бірақ аңыз осы оқиға дәуіріне жақынырақ 
болады, сол себепті ол аса көркемделмей, мағлұматтық мақсатта ғана 
айтылады. Бірте-бірте, оқиға болған дәуірден алыстаған сайын, аңызда қоспа 
көбейіп, неше түрлі қосымша детальдар пайда болып, алғашқы мәліметтік 
әңгіме көркемделе түседі де, болған оқиғаның өзі де көмескі тартады. Сөйтіп, 
аңыз әуел бастағы сипатын жоғалтып, әпсанаға немесе хикаятқа ауысады. 
Әрине, бұдан барлық аңыз әпсанаға немесе хикаятқа өстіп айналады екен, ал 
әпсана мен хикаят тек осылай ғана пайда болады екен деген пікір тумауы 
керек. Бұл – тек бір ғана жолы.


157 
Әпсана басқа да жолмен пайда бола береді. Мұндай жағдайда ол 
тарихи оқиғаға негізделе бермейді, оның сюжеті ойдан шығарылған, я 
болмаса басқа бір шығармадан алынған болып келеді. Әсіресе, жер-су, мекен 
тарихын баяндайтын әпсаналардың сюжеті көп жағдайда сол тектес аңыздар 
сюжетіне ұқсатылып, ойдан шығарылады. Мысал ретінде «Тоқпанның 
балалары», «Айнақ көл», «Ыстық көл», «Қара жігіт», «Өгіздің терісі», 
«Қызылкеніш ордасы» сияқты шығармаларды атауға болады [3].
Мұндай шығармаларда әпсаналық, яғни ертегіге жақын сипат басым 
болады. Әңгіме бір заманда болыпты деген оқиғадан гөрі сондай болса екен 
деген мақсатта құрылған сюжетті баяндайды, сондықтан мұндай әпсанада 
ойдан 
шығарылған, 
бірақ 
фантастикалық 
түрге 
жетпеген 
қиял 
пайдаланылады. Онда аспанды шарлатып, жерді айналдыратын, я болмаса 
әп-сәтте шаһар тұрғызып, елді таң қалдыратын керемет болмайды. Басқаша 
айтқанда, керемет (чудесное) ғажайыпты (фантастикалық) сипатта емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет