Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет146/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

-мен, -бен, -пен 
(бала-мен,
ине-мен, қағаз-бен, біз-бен, ат-пен, кілт-пен) 
түрінде жалғанады. 
Көмектес септік қосымшалары дыбыс үндестігі бойынша сөздің соңғы 
дыбысының әуеніне қарай төмендегі түрде құбылып жалғанады: 
а) Сөздің соңы дауысты және үнді дыбыстардың бірі болса, қосымша
-мен 
(-менен) 
түрінде жалғанады 
(шана-мен, жол-мен, Бейсен-мен,сені-менен).
ә) Сөздің соңы ұяң
з,
 
ж 
дыбыстарының бірі болса, косымша 
-бен (-бенен) 
түрінде жалғанады 
(қағазбен, сөзбен, біз-бен).
б) Сөздің соңы қатаң дауыссыз дыбыстардың біріне аяқталса, қосымша 
-
пен (-пенен) 
түрінде жалғанады 
(ат-пен, ұшақ-пен,ерлік-пен).
Көмектес септік жалғаулы сөз к і м м е н ? н 
е 
м е н ? деген сұрақтардың 
біріне жауап беріп тұрса, сөйлемде толықтауыш болады. Мысалы:
1) 
Содан кейін барып батпандай зор 
ашқышпен 
салдыр-гүлдір еткізіп темір 
торлы есікті ашып жіберді де, шошып кетіп, қайтадан жаба салды. (X. Е.) 
2) 
Мырқал сағатына қарай салып, 
Мирон Павловичпен 
сайысар кезі 


141 
жақындап қалғанын білді де, Сәуледен жаңағы жазып алған екі сөзін күбірлеп 
жалма-жан жаттай бастады. (Ә. Ә.) 
3) 
Осы 
қолғаппен 
бокс ойнауға болмас 
па екен деген ой келді оған. (Б. Соқп..) 
Бұл сөйлемдердегі 
ашқышпен, Мирон 
Павловичпен, қолғаппен 
деген көмектес септік жалғаулы сөздер н е м е н ? к і 
м м е н ? деген сұрауларға жауап беріп, толықтауыш болып тұр. 
Көмектес септік жалғаулы сөз қ а л а й ? деген сұраққа жауап беріп, 
сөйлемде пысықтауыш болады. Мысалы: 1) 
Әбішке зор 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет