ілтипатпен қарады. (М. Ә.) 2) —
Қел, Сәулеш, кел! —
деп, жылы шыраймен қарсы алды. 3)
Аяғын салмақпен басып ортадағы столға жақындап келді. (Ә. Ә.) Бұл
сөйлемдердегі
ілтипатпен, шыраймен, салмақпен деген көмектес септік
жалғаулы сөздер қ а л а й? деген сұрақтарға жауап беріп, пысықтауыш болып
тұр.
Тақырып бойынша сұрақтар: 1) Зат есімнің септік категориясы деген не Септік жалғаулары қандай
қызмет атқарады ? 2) Зат есім сөздерінің септелуі немесе зат есімнің септік парадигмасы деген не ? 3) Қандай септіктер синтетикалық септіктер деп аталдады ? 4) Қазақ тілінде неше септік бар ? 5) Атау септік қандай грамматикалық мағына білдіреді қандай тұлғада қолданылады ? 6) Ілік септік қандай грамматикалық мағына береді ? Жалғаулары қандай? 7) Ілік септік тұлғасындағы сөз сөйлемнің тек қандай мүшесінің қызметінде қолданылады ? 8) Барыс септіктегі сөз қандай грамматикалық мағыналар береді ? Жалғаулары қандай ? Барыс септік тұлғасындағы сөз сөйлемнің қандай мүшелерінің қызметін атқарады ? 9) Табыс септіктегі сөз қандай грамматикалық мағына береді ? жалғаулары қандай Сөйлемде негізіненқай мүшенің қызметін атқарады ? 10) Жатыс септіктегі сөз қандай грамматикалық мағыналар береді ? Жалғаулары қандай ? Сөйлемнің қай мүшелерінің қызметінде қолданылады ? 11) Шығыс септіктегі сөз қандай грамматикалық мағыналар береді ? Қандай жалғаулары бар ? Сөйлемде қандай мүшелердің қызметін атқарады ? 12) Көмектес септіктегі сөз қандай грамматикалық мағыналар береді? Жалғаулары қандай ? Сөйлемнің қандай мүшелерінің қызметін атқарады ?
77-жаттығу. Мәтіндегі қара әріптермен жазылған сөздерді теріп, септік жалғауларын
сызықша арқылы бөліп, соңынан жақша ішіне сұрақтарын қойып жазыңдар. Олардың қай
септік екенін айтыңдар.