Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет157/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

аста 
жатыр, 
үстен 
түсіп келеді, 
үске 
шығып кетті, 
үсте 
отыр 
деген тіркестердегі қара әріптермен жазылған 
сөздер сол септік жалғау тұлғасы қалпында үстеуге айналып кеткен. Бұл 
сөздерге 
ілік, табыс, көмектес 
септік жалғауларын тікелей жал-
ғап 
қолдануға келмейді. Мысалы, 
алдты, алдпен, асттың, астты, астпен 
деп 
айтуға келмейді. 
б) Бұл сөздердің қай-қайсысы да өзге бір толық мағыналы ілік жалғаулы 
зат есім сөздеріне тіркесіп, тәуелдік жалғауының үшінші жағында тұрып қана 
көптеліп, септеліп келеді. Мысалы: 
үйдің алды, үйдің арты, үй алдына, стол 
астына, үй артына, үй алдын, стол астын, үй артын, , стол астында, үй 
артында 
немесе 
Олардың алдарында жаюлы дастарқан. Олардың үстерінде 
жылы киімдері бар. Олардың астарында семізден жараған аттар. 
Алдарының өр екенін көріп, олар тұра қалды. Үстерінің шаңын қағып жатыр. 
Сөйтіп, заттың, не заттық ұғымның атын білдіріп, толық мағыналы 
ілік жалғаулы есім сөздеріне тіркесіп айтылып, тәуелдеулі түрде септеліп
көмекші қызмет атқаратын есімдерді к ө м е к ш і с і е с і м дейді.


151 
Көмекші есімдер үнемі тәуелдік жалғаулы түрде қолданылады да, оның 
алдында толық мағыналы негізгі есім сөзі ілік септік жалғауының не ашық 
түрінде, не жасырын түрінде қолданылады. 
Көмекші есімдер ілік жалғаудың жасырын түрімен тіркесе айтылғанда, өз 
алдына жеке сөйлем мүшесі болмай, өзінің алдындағы қабыса байланысқан 
сөзбен бірігіп, күрделі мүше болып келеді. Мысалы, 
Біз олармен ат үсті 
амандастық; Мектеп іші оқушылардың күшімен әшекейленді; Үй артында 
кішкене көл бар еді 
деген сөйлемдердегі 
ат үсті 
деген тіркес 
қалай 
амандастық? 
деген сүраққа жауап беріп, пысықтауыш болып түр. 
Мектеп іші 
деген тіркес н е әшекейленді? деген сұраққа жауап беріп, күрделі бастауыш 
болып тұр да, 
үй артында
деген тіркес
қайда 
? деген сұраққа жауап беріп, 
мекен пысықтауыш болып тұр. 
Көмекші есімдердің алдында ілік жалғаулы негізгі сөз айтылмаса, кейде өз 
алдына сөйлем мүшесі болып та келеді. 
Мысалы, Үстінде ақ көйлегі бар.
Астында жүйрік аты бар 
деген сөйлемдерде 
үстінде, астында
деген 
көмекші есімдер толықтауыш болып тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет