147
Зат есім сөздерінің жіктелу үлгісі
жақ
болымды
болымсыз
Жекеше
I ж. мен
II ж. сен сіз
III ж. ол
аңшы + мын
аңшы + сың аңшы + сыз
аңшы
аңшы емес + пін
аңшы емес + сің аңшы емес +
сіз
аңшы емес
Көпше
I ж. біз (дер)
II ж. сендер, сіздер
III ж. олар
аңшы + мыз
аңшы + сың+дар
аңшы+сыз+дар
аңшы(лар)
аңшы емес + піз
аңшы емес+сің+дер
аңшы емес+сіз+дер
аңшы емес
Жекеше
I ж. мен
II ж.
сен сіз
III ж. ол
әнші + мін
әнші+сің әнші + сіз
әнші
онші емес + пін
әнші емес+сің әнші емес + сіз
әнші емес
Көпше
I ж. біз (дер)
II ж. сендер, сіздер
III
ж. олар
әнші + міз
әнші+сің+дер әнші +
сіз+дер
әнші (лер)
әнші емес + піз
әнші емес+сің+дер әнші
емес+сіз + дер
әнші емес
Сұраулық шылаулар
ма, ме, ба, бе, па, пе
әдетте жіктік жалғаулы сөздің
екінші жағынан кейін айтылады да, бөлек жазылады:
Сен студентсің бе?
Агрономсың ба? Сен үйдесің бе? Ауылдасың ба?
Кейде сұраулық шылау екінші жақтың жіктік
жалғау қосымшасы мен
түбір сөздің арасына қыстырылып та қолданылады. Мұндай жағдайда
сұраулық шылаудың морфологиялық тұлғасы дыбыстық өзгерістерге ұшырап,
сол өзгерген күйінде жалғанады. Мысалы:
Сен студент
пі
сің? Агроном
бы
сың?
Сен үйде
мі
сің? Ауылда
мы
сың?
Есім сөздерге жалғанатын жіктік жалғау косымшасы өзі жалғанған сөзді
белгілі жақпен теңдестіреді. Сондыктан жіктік жалғау қосымшасы кез келген
зат есім сөзіне
жалғана бермейді, тек адамды, оның мамандығын және
туыстық қатынастарды білдіретің сөздерге ғана жалғанады. Бұл жағынан
алғанда, жіктік жалғау поэтикалык тіл көркемдік тәсіл ретінде үлкен кызмет
аткарады. Қейбір ұқсастық белгілері жағынан жанды, жансыз нәрселерді
білдіретін сөздерге жалғану арқылы көркем сурет, образдар жасалады.
Мысалы: XIX ғасырда өмір сүрген қазақтың жалынды ақыны Махамбет
Өтемісов өзінің Жәңгір ханға айтқан бір өлеңінде:
Хан емессің
қасқырсың,
Қара албасты басқырсың.
Хан емессің ылаңсың,
Ысқырынған
жылансың.
Хан емессің, аянсың,
Айыр кұйрық
шаянсың.
деп, Жәнгір ханды
қасқыр, жылан. шаян
сияқты жыртқыш
аңдар мен адамға
қастық істейтін, не ұсқынсыз жәндіктерге
теңестіру арқылы жиренішті,
жағымсыз образ туғызып отыр. Бұл көркем образ
қасқыр, жылан, шаян
сөздері жіктік жалғаудың екінші жағын жалғау арқылы жасалып тұр. Сол
сияқты Сарамен айтысында
Біржан
«Ақ иық мұз балақпын жерге түспес»
деп
өзін балағына мұз қатқанша көтерілетін бүркіт сияқты қыран құсқа
теңдестіреді.
Бірақ жіктік жалғауды адаммен ешқандай байланысы жоқ және ешбір
белгісі жағынан адамға
тендестіруге келмейтін, бұйым атауын білдіретің зат
есім сөздеріне жалғап айтуға болмайды. Мысалы:
столмын, столсың
деп
айтуға еш уакытта да болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: