145
Көпірдің қай жерде екенін дәл белгіліп алған жау самолеттері түн ішінде де
келіп, дүркін-дүркін бомбалап кетеді. (Ғ. Мүсір.)
§ 59 Зат есімнің жіктік категориясы және жіктік жалғаулары
Зат есім сөздері сөйлемдегі өзге сөздермен синтаксистік
байланысқа ену
үшін тек көптеліп, тәуелденіп, септеліп қана қоймайды, сонымен қатар
жіктеліп те қолданылады.Жіктік жалғаулары сөйлемнің баяндауышына
жалғанатын қосымшалар болғандықтан, зат есім сөздерінің жіктік
жалғаулары
арқылы түрленуі оның синтаксистік қызметімен байланысты. Мысалы:
Мен
студенттін, сен студентсің, ол студент
дегенде
сөйлеуші, тыңдаушы және
бөгде адамдардың кім екендіктері көрсетіліп, бір-бірінен аралары ашылып,
жіктеліп айтылып тұр. Бұны зат есімнің жіктік категориясы дейді және ол
жіктік жалғаулары арқылы көрінеді.
Жіктік жалғау, негізінде, зат есім сөздеріне
жалғанатын морфологиялық
косымша. Сонымен қатар, жіктік жалғау зат есімнің үлгісімен өзге есім
сөздеріне де (сын есім, сан есім, есімдік), модальдық сөздерге де жалғанады.
Мысалы:
Мен жұмысшы
Достарыңызбен бөлісу: