Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


әдемі үйлер  салына  бастады. Мұндай әдемі үйлерді



Pdf көрінісі
бет161/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

әдемі үйлер
 салына 
бастады. Мұндай
әдемі үйлерді
қаланың жеке тұрғындары да, мекемелер де 
көптеп салып жатыр
деген сөйлемдердегі 
әдемі 
деген сын есім 
үй 
сөзінің 
сапалық белгісін көрсетіп, зат есіммен тіркесе айтылып, орын тәртібі арқылы 
қабыса байланысып тұр.Сонымен қатар, 
үй 
бірінші сөйлемде атау септікте
екінші сөйлемде табыс септік тұлғасында түрленіп айтылып тұр да, оның 
белгісін білдіріп тұрған 
әдемі
деген сын есім ешқандай морфологиялық 
өзгеріске түсіп тұрған жоқ.
84 - жаттығу.

Мәтінді көшіріп, сын есімдердің астын сызыңдар. Олардың қай сөзді 
анықтап, қандай белгіні білдіріп тұрғанын айтып беріңдер. 


157 
Сұлу қыз басын жаңа көтерді. Орташа келген қырлы мұрын енді анық 
көрінді. Қырынан қарағанда бір түрлі сүйкімді екен. Жұмсақ, жұмыр иегінің 
астында жұқа ғана бір толқындай боп, нәзік бұғағы білінеді. Жылтырап тар-
алған шашы қап-қара қалың өріммен ерекше аппақ , нәзік мойнына қарай 
құлап түсіпті.Үлкен де, кіші де емес әшекей сырғасы діріл қағып, дамыл алмай 
сілкіне түсіп тұр (М.Ә.). 
85-жаттығу.
 
Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, сын есімдердің астын сызыңдар. 
Олардың қай сөзді анықтап, қандай белгіні білдіріп тұрғанын ай-тыңдар. 
1. Ұзын тұмсықты қара қоңыр құстар көгілдір айдынның бір көрінімдей 
аумағын шеңберлей қоршап, әлгі ақ қайраңға қарай қиқулап жүзіп келеді.
(Ә. С.) 2. Өзі сері, әнші, сұлу Байтасқа екеуі де – бірі кәрі, бірі жас бала 
қызғана да, тамашалай да қараған еді (М. Ә.). 3. Ләйлі биік қабақ, қалың 
қасты, танауы қусырылған, қанын ішіне тартқан қара сұр келіншек екен.
4. Кісінің бетіне тура қарай алмайтын, паң, жүдеу өңді жіңішке ақ құба қыз 
маған да ұнады. 5. Шашын тақырлап алғызған, кең иықты, жуан мойынды, ала 
көз, тарбақтау бидай өңді, жалпақ бет жігіт (М. М.). 5.— Ала қанат 
сауысқаның біз болғанда, жауыр ат деп тұрғаның кім, Мырекең бе? Соны да 
айта кет!—деп, Сәуле сөзбен қағытып еді, ол қолын бір сермеді. 
(Ә. Ә.)
6.
Екінші ротаның командирі Семен Краев ұзын бойлы, құлағы едірейген, 
етсіз жақты, өткіржасыл көзді, арық , тарамыс сары жігіт еді (Б. М. Ұ.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет