Асырмалы шырай. Белгілі сындық белгінің бір нәрседе екінші
нәрсемен салыстырғанда не тым артық, не тым кем екендігін білдіретін
сын есімнің түрін а с ы р м а л ы ш ы р а й дейді
.
ә) Асырмалы шырай сын есім сөздерінің алдына
аса, өте, тым, тіпті,
тіптен, нағыз, нақ, ең, орасан, керекмет, қас,
сияқты күшейткіш үстеулердің
тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы:
аса
биік,
тым
ұзын,
бек
жақсы
, өте
жуас,
орасан
жүйрік,
тіпті
үлкен,
нағыз
ер,
тамаша
білгіш,
ең
тәуір, қас
шебер.
91-жаттығу
.
Көшіріп жазыңдар да, сын есімнің астын сызыңдар, қай шырай екенін
айтыңдар.
1)Ойнақы, сауықшыл жігіт Өтекелді-Ноғай ауылының өз кісісі боп кеткен
адам. (М.Ә.) 2. Күн мөлшерін білген Өтекелді осы ауылдың тап орт а-сындағы
ең үлкен, сегіз қанат үйдің кермесінің тұсында тұр екен. (М.Ә.) 3)Жанбота
соқасы заулай жүріп жатқан соң, қалып қоямын ба деп жеңілірек алған. (Ғ.М.)
4) Жағдай қиын, бірақ обалына қалып керегі не, жігіттер жақсы -ақ соғысып
жатыр.(Б. М.) 5) Олардан биігірек штурмовиктерді көктен қорғап кіп-
кішкентай дауылпаздардай истребительдер шүйіліп, жүйткіп жүр. (Б.М.) 6.
Менің алдымда тұрған ең қиын бел – тезірек жылжып жиырмаға жету (Ғ. М.).
7) Саусақтары жұп-жұмсақ, жып-жылы екен. 8) Үлкен көкшіл көзі мөлдіреп,
күлімдеп тұр (З. Ш.). 9) Тап-таза тұнық ауа, көгілдір аспан, ну орман,
сылдырап аққан су... (З. Ш.). 10) Аспан ақшыл тартып, мұнарта түседі, сар
шытыр қуарып жоғалып, ебелек ұшып бітті, бетеге бозарып, қара жусандар
ақ бурыл тартты (Х. Е. ). 11) Оның сүмбілдей сұп-сұр денесі жай теңселген
шолақ, көк толқындармен бірде тұтас көміліп, бірде тұтас көрініп, суға қара
қоңыр сәуле түсіреді ( І. Е. ). Қолға түскен жоңғардың кішілеу қысық көзінен
қорқыныш ізі сезіледі ( І. Е.). Нұрыш тым қатты қуаныш үстінде жүріп,
әкесінің қабағын түйіп, даусын көтергенін де ұмытып кетті. Аса жағымсыз
айқайды естіген бала , отқа жеткізбей-ақ жөней берді. 12) Көрші бөлмеден
тап-таза болып киінген үш бала шықты, состиып бізге қарап тұрып қалды
(Б. Момышұлы.). 13) Сұлтанның сұрғылт, жүдеу жүзі енді көкшіл тартып,
сыртқа шығып кетті ( І. Е. ).
Достарыңызбен бөлісу: |