Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


дұп-дұрыс.  Отыз жыл шығыпсың,  Отызда жасың бар.  Жайықтай  тұнықсың



Pdf көрінісі
бет171/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

дұп-дұрыс. 
Отыз жыл шығыпсың
Отызда жасың бар. 
Жайықтай 
тұнықсың.
 (Қ.А.) 
Бұл үзінділердегі 
дұп-дұрыс,
тұнықсың
деген сын есімдер бастапқы 
жалғаусыз күйінде, II жақ жіктік жалғау тұлғасында келіп, баяндауыш болып 
тұр.
Сын есім сөздері сөйлемдегі етістік баяндауышпен не етістіктен болған 
өзге мүшемен жалғаусыз тұрып, қабыса байланысып, қ а л а й ? деген сұраққа 
жауап беріп, пысықтауыш қызметінде де келе береді. Мысалы: 1
) Қайсысы-
ның образы
 күшті
 шыққан екен? (С.М.) 2) Жолдас Орлов осы жұмысты 
қолға 
қатты
 алып жатыр. (Ә.Ә.) 3) Михаил Иванович 
ұзақ 
сөйледі.
(Ғ.С.)
Бұл сөйлемдерде 
күшті, қатты, ұзақ
деген сын есімдер 
шыққан екен, алып 
жатыр, сөйледі 
деген етістік баяндауышпен қабыса байланысып, қ а л а й ? 
деген сұраққа жауап беріп, пысықтауыш болып тұр.
Сын есім сөздері затпен байланысты болып, зат есім сөздерінің алдын-да 
тұрып, онымен қабыса байланысып, сындық мағынада қолданылғанда, 
көптелмейді, септелмейді және тәуелденбейді. 
Үлкен адамдарды сыйлау керек.
Сөйлемде сын есім сөзімен тіркесіп айтылуға тиісті зат есім сөзі айты-лмай
сын есім сол айтылмаған зат есім сөзінің орнына жұмсалғанда, зат есім сөзінің 
үлгісімен көптеледі, септеледі және тәуелденеді. 
Үлкенді сыйлау керек.


Сын есімнің зат есім сөзінің орнына жұмсалып, заттық мағынада 
қолданылуы с ы н е с і м н і ң з а т т а н у ы (субстантивтенуі) деп 
аталады. 
 
Сын есімнің заттануы екі топқа бөлінеді: 1) контекстік заттану 2) 
лексикалық заттану. 
Контекстік заттану деп белгілі контексте (сөйлем ішінде) ғана заттық 
мағынаға ие болатын сын есімдерді айтады. 
Мысалы: білімдіден үйрен, үлкенді 
сыйла, жастарға ақылшы бол, көп ақымақтың ағасы болғанша, бір 
ақылдының інісі бол. т. б.

Кейбір сын есім сөздері қолданыла келе заттық мағынаға ауысқан. 
Мысалы, 
байдың малы, кедейдің лашығы, кірдің суы, шамның жарығы, жердің 
тоңы,асылдың сынығы, қысқы суық, жақсы жолдас, қарындас, құрдас
деген 
тіркестердегі 
бай, кедей, кір, жарық, тоң, сынық, суық, жолдас, қарындас, 
құрдас
деген сөздер лексикалық жолмен сын есімнен зат есімге ауысқан 
сөздер. 
Заттық ұғымға айналған сын есім сөздері морфологиялық тұлғасына қарай 
сөйлем мүшелерінің қай-қайсысы да бола алады. Мысалы: 1. 
Не жуандар, 
мықтылар кетпепті оның қасынан (Ж. Ж.). 2. Жаманға жалынғанша, жат 
та, жаңыңды қарман (М.М.). 3. Арзанның жілігі татымас (М.М.). Ауырдың 
астымен, жеңілдің үстімен (М.М.). 
Бұл сөйлемдердегі 
жуандар, мықтылар
деген сын есімдер көптеліп барып, атау тұлғада тұрып бастауыш болып тұр. 
Қараңғыны, жаманға
деген сын есім сөздері табыс және барыс септік тұлға-
сында келіп,толықтауыш болып тұр да
арзанның, ауырдың, жеңілдің 
деген 
сын есім сөздері ілік жалғау тұлғасында келіп, анықтауыш болып тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет