Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі48,96 Kb.
#29115
түріСабақ
Өркениет өнегесі – өз тіліңмен өмір сүру. Қазақ елі барда қазақ тілі де болады. Өседі. Өркендейді.

Н.Ә.Назарбаев Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың етістіктен алған білімдерін тиянақтау, практикалық тұрғыда тексеру.

Дамытушылық: берілген мысалдардың мән- мағынасын аша отырып, терең ойлауға, жүйелі ой түюге дағдыландыру.

Тәрбиелік: ұлтын сүюге, туған жерін, елін аялап қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау, бекіту сабағы.

Сабақтың әді сі: СТО әдістері, сұрақ- жауап, ойын түрлері.



Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика,өзін-өзі тану, ағылшын, орыс тілі

Сабақтың барыcы: 1. Сабақты тыныштық сәтімен бастаймыз.

2.Оқушыларды түгендеу және үш санына саналу арқылы топқа бөлу.

3. Үй тапсырмасын тексеру

Қызығушылықты ояту.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Етістіктен өткенді қайталау» «Мина алаңы» әдісі бойынша етістіктен өткенді қайталауға кіріселік. Ортаға бір оқушыдан шығып, ақ қағазға жазылған сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар: 1. Етістік дегеніміз не?

2. Етістік жасалу жолына және құрамына қарай нешеге бөлінеді?

3. Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

4. Дара және күрделі етістік дегеніміз не?

5. Туынды етістік қалай жасалады?

6. Болымды және болымсыз етістік дегеніміз не?

7. Сабақты және салт етістік дегеніміз не?

8. Етіс дегеніміз не?

9. Етістің түрлері ата

10. Есімше қалай жасалады?

11. Көсемшенің жасалу жолдары

12. Тұйық етістік дегеніміз не?

13. Тұйық етістіктің емлесі

Мағынаны тану

1.Оқулықпен жұмыс. 212-жаттығу. Етістіктерді тауып, олардың қай жақта қалай жіктеліп тұрғанын айтыңдар.

1-тапсырма.

2.Шығармашылық жұмыс.

Жұмбақ шешуін табу. Әр топқа бір жұмбақтан жасырылады. Жауабын үш тілде айту керек.



1. Ұзын-ұзын нұсқауын,

Ұзынына кім жетер?

Шұбар ала күйкентай,

Шұбарына кім жетер? (жол-дорога-road)



2.Тең,тең тең киіз, Екі ортасы кең киіз..
(аспан-небо- sky мен жер- земля- land) 3. Кішкене ғана тостаған жер дүниені бастаған. (көз-глаза-eye )

Сергіту сәті. «Калькулятор» ойыны 10+10=20 Бірінші оқушы сан айтады, екінші оқушы таңба айтады, үшінші оқушы тең болады деп, төртінші оқушы жауабын айтады. 4. Мәтінмен жұмыс. Газет-журналдардан оқушылар күрделі, орташа, жеңіл мәтіндерді тауып, талдау жасайды. Сол мәтіндегі етістіктерді тауып, талдау жасайды. Ой толғаныс сатысы Руно тест сұрақтары.Оқушылар тест сұрақтарының жауабын дұрыс табатын болса, бөрік және тымақ деген сөздер шығуы керек.

1.Туынды етістікті табыңдар.

А) Сұра

У) Бөл


Т) Ойла

В) Қал.


2.Ортақ етісті табыңдар.

А) Тарс


Г) Жумас

Ы) Жуыс


Р) Дос.

3. Ырықсыз етісті табыңдар.

А) Айтқыз

Е) Жуынды

М) Орылды

Т) Жәбірледі.

4.Сабақты етістікті табыңдар.

А) Әкел


Р) Көмектес

В) Қалма


Н) Жатыр.

5. Омоним болатын етістік.

А) Кел

Ә) Бол


Қ) Бақ

В) Отыр.


6. Дініңді, ұлтыңды, арыңды сақта.

Сөйлем құрамындағы етістіктің етістіктің қай түріне жататындығын анықтаңдар.

А) Салт етістік

Б) Болымды етістік

Д) Болымсыз етістік

Ж) Тұйық етістік.

7. Өздік етісті табыңдар.

Ө) Көрінді

Ә) Көргіз

Л) Көрсетіңіз

С) Көрісті.

8.Үйге, мешітке, қасиетті орындарға оң аяқпен кіру керек.

Сөйлем құрамындағы тұйық етістікті анықтаңдар.

А) Үйге, мешітке

Ә) Қасиетті орындарға

Б) Оң аяқпен

Р) Кіру керек.

9.Субъектісі белгісіз әрекет қалай аталады?

А) Өздік етіс

Ә) Ортақ етіс

І) Ырықсыз етіс

В) Өзгелік етіс

10. Қазақ үйіне келген адамға дәм таттырып шығарады.

Сөйлемнен көсемшенің жұрнақтары бар сөздерді табыңдар.

А) Қазақ үйіне

В) Келген адамға

П) Үйіне келген

К) Дәм таттырып шығарады.



Үй тапсырмасы: «Етістік маған ұнайды» шағын эссе. 213-жаттығу

Бағалау: Топбасшылары топ мүшелерін бағалайды.

№37 жалпы орта білім беретін мектеп


Ашық сабақ

Тақырыбы: «Етістіктен өткенді қайталау»

Сыныбы: 6 «Б»

Мұғалім: Шалабаева Г.С

2016-2017 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет