Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет166/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

Тақырып бойынша сұрақтар : 
1)
 
Қандай сөздерді сын есімдер дейді ? 
2)
 
Сын есімдер морфологиялық құрамына, яғни, тұлғасына қарай қалай 
бөлінеді ? 
3)
 
Туынды сын есімдер қандай жолдармен жасалады ? 
4)
 
Қандай жұрнақтар есім сөздерінен туынды сын есім жасайды ? 
5)
 
Қандай жұрнақтар етістік сөздерінен туынды сын есім жасайды ? 


6)
 
Сын есімдер мағынасы мен граммаикалық ерекшеліктеріне қарай 
қаншаға бөлінеді ? 
7)
 
 Сапалық сын есімдерге қандай сын есімдер жатады ? 
8)
 
Қатыстық сын есімдерге қандай сын есімдер жатады ? 
9)
 
Қандай сын есімдер жалаң және күрделі сын есімдер деп аталады ?
 
88-жаттығу
.
 
Көшіріп жазыңдар да, сапалық сын есімдердің астын бір, қатыстық 
сын есімдердің астын екі сызыңдар. 
 
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы. 
Аласыз қара көзі нұр жайнайды. 
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын, 
Ақша жүз, ал қызыл бет тіл байлайды.
Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,
Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды. 
Сөйлесе, сөзі әдепті әм мағыналы,
Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды. (А.Қ.). 
89-жаттығу
.
 
Мәтінді оқып шығып, жалаң сын есімдерді бір бөлек, күрделі сын есімдерді 
бір бөлек өзінің анықтайтын сөзімен бірге көшіріп жазыңдар.Күрделі сын есімдердің қалай 
жасалғанын түсіндіріңдер. 
Бақылау пункітінің жертөлесіне генерал Панфилов кіріп келді. Қасында 
ашаң жүзді, қара қатпа,сәл мұңды, ойлы көзді , асқақ пішінді артиллерия 
подполковнигі бар. Үстіне қонып тұрған әсем әскери формасы болмаса, « бұл 
күнәхар дүниеде бәрі де өтеді де кетеді, өзгерістен кім қашып құтылсын» деп, 
мырс күліп, мысқылдап тұрған салқын мінезді философтың тас мүсініне 
ұқсайды. Бұндай бейнелі подполковник – дивизиядағы артиллерия полкінің 
командирі Курганов Георгий Федорович ( Б. М. Ұ.). 
Қонақтар кіріп, амандасып, болжап отыр.Үй іші көп жан емес екен. Оң жақта 
, жер төсектің үстінде төрт-бес жасар немересін құшақтап, қызыл сары кемпір 
отыр. Ұзын бойлы, ашаң жүзді аққұба әйел бар. Қырық шамасына жаңа 
ілінген қара көз әйел. Кезінде сұңғақ, сұлу болғанға ұқсайды.
Үй иесін Абай жаңа анықтап көрді. Бұйралау ұзын сары сақалы бар, 
қызыл жүзді, көк көзді, кесек мұрынды сұлу адам екен. Дауысы зор, үні 
қатқыл. (М. Ә.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет