соң ғана
көрді. (С. Бег.)
4)
Тәкежан
мен
Әзімбай ризалығын білдірсін. (М. Ә.)
5)
Шалтай жайында бұл күдік Сәуледе де бар еді,
бірақ
ол Күлтайды қостап
ілесе жөнелген жоқ. (Ә. Ә.)
Бұл сөйлемдердегі
арқылы, де, соң, ғана, мен,
бірақ
сөздерінің жеке тұрғанда беретін толық лексикалық мағынасы жоқ.
Сөйлем ішінде
суарылу арқылы, екеуміздің де, ұзаған соң ғана
күйінде өзде-
рінің алдындағы толық мағыналы сөздерге тіркесіп айтылып, сол сөздердің
грамматикалық мағыналарын дәлдеп, тиянақтап, өзге сөздермен байланысу-
ына себепші болып тұр. Бұл тіркестердегі
арқылы, де, соң, ғана
сөздерін
сөйлемнен алып тастаса, олардың алдындағы толық мағыналы сөздердің өзге
сөздермен грамматикалық мағыналары не мүлде бұзылады, не солғындайды.
Ал
мен, бірақ
сөздері сөз бен сөзді; сейлем мен сөйлемді байланыстыру үшін
келіп тұр. ^
Сөйтіп,
өз алдына толық лексикалық мағыналары жоқ, сөйлемде
өздігінен дербес мүше бола алмайтын, бірақ өзге толық мағыналы
сөздерге көмекші болып қызмет атқаратын сөз табын ш ы л а у сөздер
дейді.
Шылау сөздер мағыналарына және сөйлемдегі қызметіне
қарай үш топқа бөлінеді: 1) септеулік шылаулар 2) демеулік шылаулар
3) жалғаулық шылаулар.
1. Септеулік шылаулар. Өз алдына толық лексикалық мағынасы жоқ,
өзге сөздерге тіркесіп айтылғанда, өзінің алдындағы толық мағыналы
сөздің белгілі септік жалғауларында тұруын талап ететін шылау сөздерді
с е п т е у л і к ш ы л а у л а р дейді.
Септеулік шылауларға мына сияқты сөздер жатады:
арқы-лы, туралы,
үшін, сайын, сияқты (секілді, сықылды), шақты, шамалы, жөнінде,
турасында, тарта, таман, жуық, қарай, дейін, (шейін), гөрі, соң, кейін, әрі,
бері, бұрын, басқа.
т. б.
Бұл шылаулар өзінің алдындағы толық мағыналы сөздің
атау, барыс,
шығыс септік
жалғауларының бірінде келуін талап етіп тұрады, яғни сол
септік жалғауларындағы сөздермен тіркесіп қана айтылады.
а)
Туралы, тақырыпты, турасында, арқылы, шақты, шамалы, жөнінде,
үшін, сайын, сияқты
шылаулары атау тұлғалы сөзден кейін ғана тұра алады.
Мысалы: 1.
Мен қашан бүкіл
Достарыңызбен бөлісу: |