Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Мекен үстеулері . Етістіктегі айтылған қимыл, амалдың болып



Pdf көрінісі
бет244/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

2.Мекен үстеулері . Етістіктегі айтылған қимыл, амалдың болып 
жатқан, болатын орнын , бағытын білдіретін үстеулерді ң түрі м е к е н
ү с т е у л е р і деп аталады . 
Мекен үстеулері
қайда?қайдан?
деген сұрақтардың біріне жауап береді . 
Мысалы : 
жоғары,төмен,әрі, бері , алда, алға, алдан,артта, үсте, үстен, 
мұнда, осында, сонда,ілгері,ілгеріде, кейін,жолшыбай, тұс-тұстан асты-
үстінен ,әлдеқайдан, осылай. т. б. 
3)
 Мөлшерлік үстеулер. Қимылдың я санның теңдік не көлемдік

мөлшерін, шамасын білдіретін үстеудің
түрін м ө л ш е р л і к ү с т е у 
дейді.
Мөлшерлік үстеулер
қанша?қаншалық? қаншама?
деген сұрақтардың 
біріне жауап береді. Мысалы :
мұнша, сонша, соншалық, соншама, осынша, 
осыншама, анағұрлым, солғұрлым,соғұрлым, әжептәуір, бірен –саран, талай, 
бірталай, бірқатар, қыруар, едәуір ,азғантай,осыншалық, мұндайлық т.б 
4).
 Сын-қимыл (бейнелік) үстеулері. Етістіктегі айтылған қимыл - 
амалдың сапалық белгілерін , өту тәсілін , жай-күйін білдіретін үстеу-
лердің түрі сын-қимыл (бейнелік) үстеулері деп аталады. 
Сывн-қимыл үстеулері
қалай? қалайша?кімше?
деген сұрақтардың 
біріне жауап береді. Мысалы : 
әрең, азар, дереу, шапшаң, жылдам, тез, дәл, 
әншейін,әскерше, қазақша, адамша, бірге, тікелей, біржола, қолма-қол , 
ауызба- ауыз , емін- еркін, зорға, қапыда, етпетінен, жүресінен, кезекпен, 
бекер, бет алды, жатпай-тұрмай, бостан-босқа, емін-еркін, шама-шарқынша
т.б 
5).
 Мақсат үстеулері. Қимылдың, іс-әрекеттің мақсатын білдіретін 
үстеулердің түрі м а қ с а т ү с т е у л е р і деп аталады. 
Мақсат үстеулері
неліктен?, не мақсатпен
? деген сұрақтардың біріне жауап 
береді. 
Мақсат үстеулері өзге топтарға қарағанда сан жағынан өте аз топтың бірі. 
Бұларға: 
әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана
деген санаулы сөздер жатады. 
6). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет