Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет243/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

132-жаттығу.
Мына сөйлемдерді көшіріп ,үстеулердің астын сызыңдар
 
Олардың 
құрылымы жағынан қандай үстеу екенін және қалай жасалғанын айтыңдар . 
1.
Сәтжан бірде тік жүріп ,бірде тасқа жабыса өрмелеп, жартастың 
кеудесіне таман келді.(С.Бег) 2) Иесіз қалған екі пулеметті қатар қойып алып,
екеуімен кезек-кезек ата бастады.(Ә.Ә) 3) Шу дегенде болатын тосырқаулық 
та,салқын сыпайыгершілікпен амандасу да бірте-бірте жойылды.(М.И.) 4) 
Сол күні кешке қарай қызметін бітіріп ,Жанна велосипедпен зырлатып келе 
жатты . 5) Қазір алдында жатқан өзеннің төменгі жағындағы ілгерілі –
кейінді орналасқан үш шоқының түбіне барды (Т.А.). 6) Жас ұшқыштың 
жауынгерлік жолы осылайша басталды. (С. Б.)
7). Осылай етіп алғаны ағат болған (М.Ә.) . 
 
§ 93. Үстеулердің мағыналық түрлері

Үстеулер тұлғасына қарай бірнеше топқа бөлінгені сияқты мағына-ларына
қарай да бірнеше топтарға бөлінеді . Үстеулердің сөйлем ішінде беретін 
мағыналары алуан түрлі бола тұрса да , оларды негізгі сегіз топқа бөлуге 
болады : 1) мезгіл үстеулері 2) мекен үстеулері 3) мөлшер үстеулері 4) сын-
қимыл (бейнелік) үстеулері 5) күшейту (ұлғайту) үстеулері 6) мақсат 
үстеулері 7) себеп-салдар үстеулері
1. Мезгіл үстеулері . Етістіктегі айтылған қимыл, амалдың
мезгілін, бағытын және дәл уақытын білдіретін үстеулердің түрі
м е з г і л ү с т е у і деп аталады
.
 


Мезгіл үстеулері
қашан ?қашаннан
? деген сұрақтартың біріне жауап 
береді Мысалы : 
кеше, бүгін ,ертең, былтыр ,биыл, ерте ,ертемен, 
 кеш,кешке ,түнде ,енді,әуелі,жаңа,қыстыгүні,жаздігүні,әнеугүні, 
түнеугуні
,
күздігүні,
екіншіәрі,жуырда, әуелде,ежелден,оқтын-
оқтын,жуырда,әуелде,кешкісін, жаздай,қыстай. т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет