Студент: Жупар Салтанат Асанқызы



Дата15.10.2022
өлшемі252,09 Kb.
#153173
түріҚұрамы
Байланысты:
Салта сөж2 лекс
Лексикология СӨЖ2, Практикалық сабақ -6. Бағалау құралд құрастыру. pptx

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті



СӨЖ

Пәні: Қазіргі қазақ лексикологиясы және диалектологиясы


Студент: Жупар Салтанат Асанқызы
Оқытушы: Нуржанова Ботакоз Нуртановна

Алматы қаласы 2022


Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы мен шығу арналары.
1. Сөздік құрам мен сөздік қордың арақатынасын сызба арқылы көрсету.



Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның бір-бірінен түбірлі айырмашылықтары бола тұрса да, олардың ара жігі сіресіп қатып қалған, өзгермейтін дүние емес, керісінше, бір-бірімен үздіксіз қарым-қатынаста болып отырады. Бұлардың өзара арақатынасы мынадай жайттерден нақты көрінеді:





1. Негізгі сөздік қор мен сөздік құрам бір-бірін толықтырып, жаңартып отырады. Тіл дамуының бір кезеңіндегі негізгі сөздік қорға енген сөздер, оның екінші бір кезеңінде сөздік құрамға ауысады. Мысалы: шидем, асадал, қорамсақ, отқа салар, малай, дүре, сабан, тіс ағаш, т. б. сөздер бір кезде халық өмірінде аса қажет ұғымдарды білдіріп, негізгі сөздік қорда болса, жаңа заманда ол ұғымдардың ескіріп қолданылмауына байланысты сөздік құрамға ауысып, оның пассив қабатынан (тарихи сөздер) орын алады.
Керісінше, сөз құрамдағы электр, радио, телефон, почта, ферма, бригада, арифметика, институт, пенсия, стипендия, автобус, трактор, комбайн, вокзал т. б. сөздер тілге кейін енгеніне қарамастан жалпыхалыктық сипат алып, негізгі сөздік қорға ауысып отыр.



2. Негізгі сөздік қордың сөз тудыруға ұйытқы болатын
қасиетінің арқасында сөздік құрам үнемі жетіліп, толығып отырады. Негізгі сөздік қор сөзжасам тәсілдері арқылы тілдің бүкіл лексикалық жүйесінің даму бағытын анықтап, әрдайым сабақтастырып, байланыстырып отырады. Сол себепті бұлардың арақатынасының жылжымалы, шартты сипаты бар.


2. Түркі тілдеріне ортақ сөздерді картотекаға түсіру.


1. Анатомиялық атаулар: бас, қүлақ, көз, қас, аяқ,тізе, буың, шаш, төбе, мандай, кірпік, қол, ауыз, тіс, бел, арқа,ерін, жақ, т б.
2Мал атаулары: құлын, тай, бие, қысырақ, айгыр, ат, жылқы, інген, түйе, бура, бота, бұқа, өгіз, сиыр, бұзау, қой,қозы, лақ, т. б.
3. Туыстық атаулар: ата, ана, іні, келін, қатын, абысы күйеу, ұл, қыз, ер, аға, құда, жиен, нағашы, бажа, әке, шеше,жезде, балдыз, сіңлі, бөле т. б.
4. Жан-жануар, ан, жәндік атаулары: қоян, түлкі, тиын,арыстан, піл, доңыз, аю, шымшық, қаршыға, қырғи, қарқақұс, бөрі, қарға, буркіт, қаз, уйрек, ит, жылан, құрт, шыбын, бүрге,қандала, маса, тышқан т. б.
5. Табиғат құбылыстарының атаулары: жел, су, өзе, көл, агаш, тас, ай, күн, жұлдыз, үркер, кұм, саз, түн, түс, жауын, бұршақ, қар, жер, тау, теціз, жаз, күз, таң т. б.
6. Түр-түсті, сапа-сынды білдіретін атаулар: кызыл,жасыл, қара, сары, ақ, көк, қоңыр, Сұр, жирен, торы, қысқа, ұзын, қалың. жуқа, биязы, ауыр, жаңа, көне, сскі, ыстық, суык, тәтті,ащы, сұйық, кою т. б.
7. Сан есімдер: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, жүз, мың, жарты т.б.
Есімдіктер: мен, сен, ол, біз, анау, сонау, кім, не, қайсы, қалай канша, неше, барша, өзі, ешкім, ештеңе, түгел т. б. К
Қимыл атаулары: кел, кет, жүр, кір, бар, қаш, көгер, ал,бер,қой , кал, өс, өт, өл, ер, т. б.
10 Үстеулер: ерте, кеш, ілгері, жоғары, төмен, қашық, алыс, шалғай, тез, жылдам, бұрын, түнде, жазда, қыста, күзде, жай, бәсен, т, б.
11 Шылау сөздер: немесе, мейлі, дейін, соң, түгіл, таман, үшін,мен,да, және, тұрмақ т. б. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет