25
Бұл — гректің
orthos –дұрыс, epos - сөз
деген сөздерінен алынған термин.
Қоғамдағы адамдардың қатынас құралы қызметін атқаратын жалпы
халықтық тіл күнделікті тұрмыста ауызекі сөйлеу тілі түрінде де, жазба әдеби
тіл түрінде де қолданылады. Сөйлеу тілі де, әдеби тіл де жалпы халықтық
тілдің сөздік құрамындағы сөздерді пайдаланады. Ол сөздерді өзара
байланыстыру үшін халықтық тілдің грамматикалык ережелерін қолданады.
Сөйте тұрса да, сөйлеу тілі мен әдеби тілдің бір-бірінен белгілі ерекшелік-тері,
айырмашылықтары бар. Әдеби тіл, негізінде, жазу тілі болады да, белгілі
ережелерге бағынған, белгілі нормаға келтіріліп қалыптасқан тіл болады.
Әдеби тілдің жалпыға ортақ жазу нормасы және жеке сөздерді, сөз тіркестерін
айту нормасы болады. Әсіресе қазақ тілінің дыбыс үндестігінің орфоэпиялық
норма үшін ерекше мәні бар. Ол норманың бұзылуы жазушы және сөйлеуші
адамдардың білім саяздығын, сауатының кемдігін көрсетеді.
Сейтіп,
жеке сөздерді, сөз тіркестерін
дұрыс айту нормасын (ережесін)
о р ф о э п и я дейді.
Әдеби тілдегі қолданылып жүрген сөздер мен сөз тіркестерінің жазылу
нормасы мен айтылу нормасы үнемі бірдей болып келе бермейді. Әдеби
тілдегі қолданылып жүрген сөздердің түбірі мен қосымшасының аралы-ғында,
біріккен сөздің сыңарларының ара лығында және қатар айтылған сөз
тіркестерінің аралығында көрші дыбыстардың бір-біріне тигізген әсерінен
сөздің айтылуы жазылу ережесіне үнемі сай келмейді. Мысалы:
жұмыс+шы,
тұз+шы, ұш + сын, іш+се, жаз + са, көз+сіз, ерін+ген, сен + бе; шек+ ара,
Алпыс + бай, Дос + жан, Дүйсен + бек; көз сала жүр, торы ала ат, ақ ешкі,
кім келді
болып жазылады да, әдеби тілдің айтылу нормасы бойынша
жұмыш
+ шы, тұш + шы, ұш + шын, іш + ше, жас + са, көс + сіз, ерің + ген, сем +
бе, шег + ара, Алпыс + пай, Дош + шан, Дүйсем + бек, көс сала жүр, тор (ы)
ал (а) ат, ағ ешкі, кім гелді
болып айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: