Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет27/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

§ 12.
Буын 
Тілдегі сөздер белгілі бір нәрсенің, ұғымның атын білдіріп, лексикалық 
мағынаға ие болып, мағыналық жағынан бір тұтас, тілдік құбылыс болса, 
айтылуы, дыбысталуы жағынан бөлшексіз, бітеу тұлға бола алмайды. Жеке 
сөздерді айтуда дауыс 
 
құйылысы үнемі бір толқынмен шықпай, бірқатар 
сөздерді айтуда үзіліп-үзіліп бөлшектеніп шығады. Мысалы: 
ат, ет, бол, жас
деген сөздерде өкпеден келген ауа бірақ толқынмен бірден шығатын болса,
қара, терезе, қасық, болады 
деген сөздерді айтуда дауыс құйылысы бірден 
түйдек шықпай, бөлшектеніп 
қа-ра, те-ре-зе, қа-сық, бо-ла-ды 
күйінде үзіліп-
үзіліп шығады. 
Сөздерді айтуда дауыс құйылысының бірнеше толқынмен бөл-
шектеніп үзіліп-үзіліп айтылуындағы ауаның бір толқынын б у ы н
дейді. 
Сөздердің айтылуындағы өкпеден келген ауаның әрбір толқыны дауысты 
дыбыстардың үні арқылы естіліп, жіктеліп отырады. Сөзді буынға бөліп, 


ажыратып бөлшектеп айтуға себепші болатын — тілдегі дауысты дыбыстар, 
яғни сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбыстардың қасиетімен байланысты. 
Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Дауысты дыбыссыз 
буын болмайды. 
Ол, ет, әл, шам, мал, жер, көл 
деген сөздерде бір дауысты 
дыбыс бар да, алдыңғы үш сөзде бір дауыссыэ дыбыс, соңғы төрт сөзде екі 
дауыссыз дыбыс бар. Сондықтан бұл сөздердің барлығы да бір буынды сөздер. 
Қала, шеше, бота, көне, бөлшек, тарақ, басшы 
деген сездердің әрқайсысында 
екі дауысты дыбыс бар да, алдыңғы төрт сөзде екі, соңғы үш сөзде үш 
дауыссыз дыбыс бар. Сонымен байланысты ол сөздер айтылуда бірнеше дауыс 
толқынына бөлшектеніп, 
қа-ла, ше-ше, бо-та, кө-не, бөл-шек, та-рақ, бас-шы 
түрінде айтылып, екі буыннан құралып тұр. 
Балалық, кебеже, орташа, өнеге, 
санама, балдырған, оқушы, қазақша 
деген сөздерде үш дауысты дыбыс бар. 
Бұл сөздер дыбысталуда бірнеше дауыс толқынына бөлшектеніп, 
ба-ла-лық, 
ке-бе-же, ор-та-ша, ө-не-ге, са-на-ма, бал-дыр-ған, о-қу-шы, қа-зақ-ша 
күйінде айтылып, әрқайсысы үш буыннан келіп тұр. 
Сөйтіп, туынды сөздерде дауысты дыбыстың саны көбейген сайын буын-
ның саны да көбейе береді. Қазақтың байырғы сөздерінің түбірі негізінде бір 
буынды болып, кейде екі не үш буынды болып келеді. Бірақ қазақ тілінің 
жалғамалылық қасиетіне сай туынды сөздерде қосымша үстіне қосымша 
жалғанып, буын саны көбейіп кетеді. Мысалы, 
шаруашылықтарымыздың 
деген сөзде екі жұрнақ үш түрлі жалғау бар. Бұл сөз мына сияқты сегіз 
буыннан тұрады: 
шар-уа-шы-лық-та-ры-мыз-дың.
Негізінде, буын құрайтын дауысты дыбыс болғандықтан, бір буынның 
ішінде дауысты дыбыстың орналасу түріне қарай қазақ тілінде буынның үш 
түрі болады: 1) ашық буын, 2) тұйық буын, 3) бітеу буын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет