Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет262/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

С И Н Т А К С И С
СӨЙЛЕМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 
§ 99. Сөйлем мен сөйлеу 
 
Адам баласы айналадағы өзін қоршаған заттардан, жаратылыс 
қүбылыстарынан, өмір әрекеттерінен, қоғамдық болмыстардан әр түрлі әсер 
алады. Соның нәтижесінде жеке адамдардың санасында белгілі ой, пікір пайда 
болады. Ол ой, пікірді бірімен-бірі грамматикалық байланысқа енген сөз 
тіркестерінен сөйлемдер құрау арқылы екінші адамға жеткізе алады. 
Сөйлеуші адамның өз тыңдаушысына жеткізбек болған ойы белгілі бір 
нәрсе жөніндегі сараланған жеке құбылыс болуы да, бір-бірімен мезгіл, 
мекен, әрекет, мақсат, себеп-салдар жағынан байланысты бірнеше жеке 
пікірлердің тіркесі түріндегі біртұтас оқиға болуы да мүмкін. Мүны анық 
түсіну үшін мысалдар алып талдап көрелік. 
1) 
Аттылар жүріп кетті. (М. Ә.) 
2) 
Биыл көктем белгісі ерте білінді. (Ғ. Сл) 
3) 
Облыс әкімі осы жумысты қолға қатты алып жатыр. (Ә. Ә.)
Мұнда үш түрлі ой айтылған: бірі аттылар жөнінде, екіншісі көктемнің ерте 
басталғандығы туралы, үшіншісі облыс әкімінің істеген әрекеті жайында. 
Бұлардың әрқайсысы өз алдына жеке-жеке тиянақты ойды білдіріп 
тұрғандықтан, сөйлем болып тұр. 
Біршама тиянақты ойды білдіретін бір сөзді я бірнеше сөздердің 
тіркесін с ө й л е м дейді. 
Сөйлеуші, жазушы адамдар өзінің тыңдаушылары мен оқушыларына дара 
ойларды ғана жеткізбей, кейде бір-бірімен әр түрлі мағыналық байланыстағы 
біртұтас оқиғаны жеткізуді мақсат етеді. Мысалы: 1) 
Бөгетке бүгін түнеп 
шығармыз. 
2) 
Саламат болсақ, ертең түс қайта ауылда боламыз ғой. 
3) 
Бөріден сақ бола көріңдер. 
4) 
Мылтық бар, ит күзетің мықты. 
5) 
Тек бүгін 
ұйқы демеңдер. 
6) 
Ауылға жеткен соң бір-ақ тыныс алармыз. (Ғ. Сл.)
Бұл үзіндіде малға жауапты адамның малды аман сақтау жөніндегі
тапсырмалары айтылған. Бұл — біртұтас түйдек ой бірнеше дара
ойлардан құралған. Олардың әрқайсысы жеке сөйлемдерден тұр. 
Сөйтіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет