§ 148. Сабақтас құрмалас сөйлемге енген жай сөйлемдердің байланысу тәсілдері Сабақтас құрмалас сөйлемге енген басыңқы сөйлемдер алуан түрлі
мағыналық қарым-қатынаста келеді де, әрбір мағыналық қарым-қатынастың
грамматикалық жағынан көріну жолы, тәсілі болады.
Қазақ тілінде,орыс тіліндегі сияқты,құрмаласқа енген жай сөйлемдердің
бірінің екіншісіне мағыналық жағынан бағынышты екендігін көрсете байла-
ныстыратын жалғаулықтар болмағандықтан, қазақ тіліндегі басыңқы сөйлем
мен бағыныңқы сөйлемдердің мағыналық арақатынасы, грамматикалық
байланысы бағыныңқы сөйлемнің б а я н д а у ы ш т ұ л ғ а с ы арқылы
көрінеді.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқы сөйлемдері мен бағыныңқы
сөйлемдерінің грамматикалық байланысы бағыныңқы сөйлемнің
баяндауышының төмендегі морфологиялық тұлғаларда қолданулы арқылы
болып отырады.:
1) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы көсемше етістік болып келуі
арқылы;
2) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы жатыс,шығыс,көмектес септік
жалғауы немесе шылау сөздер тіркесіп айтылған есімшелер арқылы;
3) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы шартты райлы етістік болып келуі
мүмкін;
4) Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы негізгі етістікке
де көмекші етістігі
тіркесіп айтылу арқылы.
§ 149. Көсемше бағыныңқылы сабақтас сөйлем Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы көсемше тұлғалы етістік болып
келгенде,бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі айтылған ойдың не
мезгілін, не себебін , не қимыл-амалын білдіріп сабақтас құрмалас сөйлем
жасалады.
Мысалы: 1)
Қыр мұрны қоңқайып , көк көзі тостаған түбіндегі жұлдыз құртындай жылтырайды. ( К. Т.). Бұл сабақтас құрмалас сөйлемде бірі бағыныңқы
,екіншісі басыңқы қатынаста айтылған екі жай сөйлем бар. Бағыныңқы сөйлем
басыңқы сөйлемдегі ойдың қалай өткендігін көрсетіп, қимыл-сын
пысықтауыш бағыныңқылық қызмет атқарып тұр. Бұл екі сөйлемді біріне –
бірін бағындыра байланыстырып тұрған морфологиялық тұлға-бағыныңқы
сөйлемнің баяндауышы қызметінде