333
Бұдан бейхабар сонау алыс тылдағы әйелдер күйеуін, бөбектер әкесін, ал
қартайған кемпір болса баласын...әйтеуір небір ылғалды көз мөлдіреп жол
тосатын да шығар-ау... Бұл жайт жас жауынгер ойына келгенде, оның бар
денесі аяз қарығандай түршігіп, тұла бой мұздап кетті, селк етіп басын көтеріп
алды. Бірақ дәл қарсы алдында бірдеңе ақырын ғана сытыр-сытыр ете қалды.
Оған ілісе қу бұтақтар күрт-күрт сынды, біреу, сірә, барлаушы болуы керек,
бері қарай еңбектегендей болды (Д.Т.).
§ 150. Есімше бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы жатыс, шығыс, көмек-тес септік
жалғаулы немесе шылау сөздері тіркесіп айтылған есімше болып, басыңқы
сөйлеммен байланысады да басыңқы сөйлемдегі ойдың не мезгілін, не себебін
немесе бағыныңқыдағы ой мен басыңқыдағы ойдың қарама-қарсы екенін
керсетіп сабақтас құрмалас сөйлем жасалады. Мысалы:
1)
Сейілбек өз үсынысын жасап
Достарыңызбен бөлісу: