335
( Б.М.).
Бұл сабақтас құрмалас сөйлемдегі бағыныңқы сөйлем басыңқы
сөйлемдегі оқиғаның мезгілін білдіріп тұр.
2)
Жел үп етсе, күзгі дала сыбдыр етіп, сыбырласа жөнеледі ( Ғ. М.).
Бұл сабақтас құрмалас сөйлемде баяндауышы
шартты райлы етістіктен
болған бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі айтылған ойдың себебін
көрсетіп тұр.
199-жаттығу
Мәтінді оқып шығыпдар. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы шартты
райлы етістіктен болған сабақтас сөйлемдерді теріп жазыңдар да,бағыныңқы
сөйлем мен
басыңқы сөйлемнің мағыналық қарым-қатынастарын түсініңдіріңдер.
Жылқы етінің өзге малдың етінен күштілігі туралы
Мақан толып жатқан
кеңестер айтады.
- Мысалы, - дейді ол, - осы суықта оттан түскен қазанды қостың іргесіне
қойшы,егер жылқының сорпасы болмай,басқа
малдың сорпасы болса,
бетіндегі майы лезде тобарсып қата қалады. Ал жылқының майы үскірік суық
болса да, қатпай балқып тұрады. Неліктен осылай? Әрине, жылқы етінің өзге
еттен күштілігінен. Жылқының сорпаға шыққан майы ғана емес , етінің де
майы қатпайды.
- Қойдың,сиырдың немесе түйенің етін тоя жеп көр, – дейді Мақан, - екі-үш
күнге шейін кекіргің азып ауырасың , күпті боласың. Ал жылқының етін
қанша
тойып жесең де , бойыңа сіңіп,қарның лезде ашады. Ол да жылқы етінің
адамға өзге еттен тез ас болатындығынан.
- Күшті сүт,- дейді Мақан,- күшті еттен ғана шығады. Жылқы етінің өзге
еттен қуаттылығынан тағы бір мысал мынау: малдың денесіне жаздыгүні
жара түссе, шыбын қонып құрттайды. Жылқыдан басқа
малдың құрттаған
жерін емдемесең, құрт ішіне түсіп өліп қалады. Ал жылқы құртасса, қашан ісік
желініп болғанша , құрт жүреді де,таза етіне жеткенннен кейін өліп түсіп
қалады.Олай болса ,оның тірі күніндегі етінің өзі өзге малдың етінен
анағұрылым қуатты (С. М. ).
Достарыңызбен бөлісу: