3. Төл сөз автордың сөзінің ішінде келеді. Төл сөз
автор сөзінің ішінде
айтылғанда, автор сөзінің алды-артынан үтір не сызықша қойылады да, төл сөз
тырнақшаға алынады не алдынан сызықша қойылады. Мысалы:
Ол кереуеттен тұрды да:
« Бүркітбай!» -
деді қатқыл дауыспен
( С.М.).
Абзал қасына келгенде Жанар күлімсіреп:
- Комбайынды жақсы біледі
екенсің ғой өзің,
- деді таңданғанын жасыра алмай (Б.С.).
4.Төл сөзді сөйлем екі жарылып, автордың сөзі
төл сөздің ішіне
қыстырылып айтылады: Мысалы:
- Бай, бағлан боп қадірлі болмайды жігіт ,
- деді Абай жаңағы өз ойын
аяқтатып тоқтатпақ боп,
- өнерлі боп, сол өнерін ұстай біліп қадірлі
болады.
5.Төл сөз
бен автор сөзі бірнеше бөлініп, араласып келуі де мүмкін.Ондай
жағдайда жоғарыдағы төрт қағида негізге алынып, тиісті
тыныс белгілері
қойылады. Мысалы:
Ержан оған қолын ұсынып жатып, ақырын ғана:
- Айқынов, -
деп еді, ол
өзін:
- Буратай Жексенов,
- деп таныстырды ( Ғ. С. ).
6.Көркем әдебиеттерде төл сөзді сөйлем мен автор сөзінен құралған
сөйлемді
де
көмекші етістігінің
деп, деді де
сияқты тұлғалары
байланыстырып, төл сөзді аралас құрмалас
сөйлем жасалатын болса,
деп,
деді де
етістіктерінен кейін үтір қойылады.
Мысалы:
1). Жолаушылар ұзап барады. Әйгерім, Үмітейлердің құлағына соңғы
қайырма әлі де анық естіліп тұр. Алыстағы көк жотаға қонақтар өрлеп
барады.
- Қозы көш жерге кетті, әлі естіліп тұр, не еткен үн?-
Достарыңызбен бөлісу: