Айтылуы бірдей, мағыналары мен жазылуы әртүрлі сөздер о м о ф о н -
д а р
(грекше
: homos
– бірдей,
phone
– дыбыс)
деп аталады.
Мысалы
,
а щ ы к ө л, а щ ы д ә м
,
е с і к т і а ш ш ы
деген тіркестердегі
а щ ы, а ш ш ы
сөздері - омофондар.
Біркелкі жазылып, екпіннің алмасып түсуіне байланысты түрліше
дыбысталатын, мағыналары әрбасқа сөздер мен сөз формалары
о м о г р а ф т а р (
грекше:
homos
– бірдей,
qrape
- жазамын
) деп аталады.
Қазақ тілінде омографтар, негізінен, зат есім мен етістіктің болымсыз
түрінен жұп құрайды. Мысалы,
т а р т п а
(1. зат есім,
үстелдің, шкафтың
тартпасы, 2. Ер-тоқым әбзелі
),
т а р т п а
(етістік,
кейін тартпа
),
а л м а
(зат есім, жеміс),
а л м а
(етістік ),
32 - жаттығу.
Берілген сөздердің омонимдерін жазып, мағыналарын түсіндіріңдер.Жақша
ішіне бір-бір сөйлемнен мысал келтіріңдер)
Ат, от, жаз, ақ, түс, мақта, арық, ара, жар, нан, күл, сана, сен.
Ү л г і :
Ат
– деректі зат есім (
Ат- ер қанаты
.)
Ат
– дерексіз зат есім (
Балаға Ертөстік деп ат қояды
.)
Ат
– етістік (
оқ ату
)
33 - жаттығу.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін пайдалана отырып, төмендегі сөздерге
омоним болатын сөздерді тауып жазыңдар. Олардың мағынасын түсіндіріңдер.
Өлең, қию, бұршақ, бақыр, барыс, жару, нан, сана, жаз, сыр, тоң, мал, атан,
арық, сыз, тамақ, іш, шөл, тақ, той, сан, саба, қой, мал,
§ 25. Антонимдер
Сөз – адамның айналадағы заттарды, құбылыстарды білу, тану
әрекетінің нәтижесі, сол процесте адам санасына әсер еткен заттардың
сәулесі, бейнесі болса, әрбір заттың екі жағы болатыны сияқты, сөз
мағынасының да екі жағы болады. Екінші сөзбен айтқанда, сөз мағынасы да
қарама-қарсы бірлікте келеді: күн болса, түн болады; жаз болса, қыс болады;
ауыр болса, жеңіл; ұзын болса, қысқа болатыны сияқты тілдегі сөздердің
көпшілігі мағыналық жағынан қарама-қарсы жұпталып айтылады.
Сөйтіп,
Достарыңызбен бөлісу: |