§ 30. Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамы
Тілдің сөздік құрамы «Адамның өндірістік ісімен сол сияқты адамның
барлық жұмыс саласындағы басқа істерінің бәрімен тікелей байланысты»
болады да, үнемі өзгеру, даму, толығу үстінде болып отырады. Қоғамның
мәдени, шаруашылық, саяси-әлеуметтік дамуындағы болатын өзгерістер
тілдің сөздік құрамына тікелей әсер етеді. Шаруашылықтың, салт-сана, әдет-
ғұрыптың ескі түрлерінің өзгеруімен байланысты тілдегі бұрын ұсталып,
қолданылып жүрген бірқатар сөздер көнеріп, күнделікті қолданылудан
шығып қалып отырады. Оның есесіне шаруашылықтың, мәдениеттің,
қоғамдық тұрмыстың, идеологияның, ғылым мен техниканың жаңа түрлерінің
шығып, дамуына байланысты жаңа түсініктер, жаңа ұғымдар пайда болып,
оның жаңа атаулары – жаңа сөздер пайда болып отырады.
Тілдегі бұрын қолданылып жүрген кейбір сөздердің мағыналары жаңарады.
Мысалы, бұрынғы
құн, пұл, жарыс, табыс, еңбек
,
жалдану
сияқты
сөздердің мағыналары жаңарып, саяси, экономикалық терминге айналды.
Қазақ тілінің сөздік құрамының үздіксіз өсу, даму, жетілу процесінде
болып отырғандығын тілдің қазіргі сөздік құрамын қазақ тілінің лексикасы
ғылым объектісі ретінде зерттеле бастаған XX ғасырдың алғашқы ширегіне
дейінгі сөздік құрамымен салыстыра отырып айқын көруге болады.
Кеңес өкіметі дәуірі мен еліміз егемендік алған
жылдар ішіндегі қазақ
тілінің сөздік құрамында көптеген сандық және сапалық айырмашылықтар
бар. Сапалық жағынан сөздік құрамдағы сөздердің лексикалық саласы әрі кең,
әрі әр тарапты. Тілдегі бұрынғы сөздердің бірқатары бұрынғы мағыналарын
сақтай отырып, жаңа мағыналарға ие болды.
Өткен ғасырда
сөздік құрам
негізгі сөздік қорға жататын сөздердің мағыналарының кеңеюі, жаңаруы
арқылы да байыды.
Мысалы, табыс, мүше, партия, жарыс, өріс, көш
деген сияқты сөздер қазақстанда кеңес өкіметі орнаған ХХ ғасырдың алғашқы
ширегіне дейін қарапайым ұғымдарды ғана білдіріп,
табыс
– саудадан түскен
табыс
, партия
– біріне – бірі қарсы топтар,
жарыс
– ат жарысы,
мүше
– дене
мүшесі (анатомиялық атау ),
өріс
– мал жайылымы деген ұғымдарды ғана
білдірсе, қазір олар бұрынғы мағыналарына қосымша жаңа ұғымдарға ие
болып, ғылыми терминдерге айналды
. Табыс
– қоғамдық еңбектің жемісі,
партия
– саяси ұйым,
жарыс
– халық шаруашылығын дамытудағы сыналған
жұмыс тәсілінің бір түрі,
мүше
- белгілі қоғамдық ұйым мүшесі,
өріс
–
қоғамдық істің даму бағыты, аумағы, көлемі.
Тілдің сөз байлығының, лексикасының дамуы негізгі екі арнамен болып
отырады. Бірінші, қазақ тілінің ішкі даму заңдылығына сай, сөздік құрамның
дамуына ұйытқы, база болатын, сөздік қорға жататын байырғы түбірлік
сөздерден жаңа сөздер жасалу жолымен дамиды. Бұл- сөздік құрамның
дамуының ең негізгі арнасы.
Екінші, қазақ тілінің сөздік құрамына өзге көршілес отырған халықтардың
тілдерінен әрбір тарихи кезеңдерде әртүрлі себептермен, әртүрлі жолдармен
сөздер ену арқылы болып отырады.
Қандай халық болса да өзінің тарихи даму жолында өзге көршілес халық-
тармен экономикалық, ғылыми, техникалық, мәдени – ағарту жұмысы және
63
және дипломатиялық жағынан қарым-қатынас жасамай , тек өз шеңберінде
ғана қалып отыра алмайды. Ел мен елдің арасында болатын қарым-қатынас-
тың түрі де, көлемі де әр тарихи кезеңнің , дәуірдің түріне қарай өзгеріп
отырады. Қазақ халқының да өзінің тарихи дамуының бойында әр кезеңде әр
түлі халықтармен қарым-қатынас жасап келгені тарихтан белгілі.
Қазіргі қазақ тілінің құрамындағы өзге тілдерден ауысқан (енген) сөздер-
ді қандай халықтың тілінен енуіне қарай: а) шығыс халықтарының тілінен
енген сөздер, ә) орыс тілінен және орыс тілі арқылы европа халықтарының
тілінен енген сөздер деп екіге бөлуге болады.
Қазақ тілінің сөздік құрамына қазан төңкерісіне дейін енген сөздер,
негізінде, күнделікті тұрмыста кездесетін бұйым аттары, сауда-сатыққа
байланысты атаулар және кейбір дінге байланысты түсініктер мен ұғым
атаулары болып келеді.
Қазақ халқын құраған ру-тайпалардың және XI ғасырдан кейін қазақ
халқының шығыс халықтарымен (араб, иран, моңғол, түркі халықтары мен )
әр түрлі қарым-қатынаста болуынан қазақ тілінің сөздік құрамына сол
халықтардың тілдерінен сөздер еніп, қазақ тілінің дыбыстық заңдарына
бағынып, кейбір тұлғалық өзгерістерге ұшырап, сіңісіп кетті.
Қазақ тілінің сөздік құрамында кездесетін араб-иран тілдерінен енген
сөздерді мына сияқты топтарға бөлуге болады:
а) шаруашылық, сауда – саттық қарым қатынастарға байланысты бұйым
атаулары
: базар, кез, пұл, несие, қарыз, дихан, таразы, шырақ, перде, айна,
тарақ, опа, далап, әтір, кілем, палас, шарап, шекер, шербет, науат т. б.
ә) мәдени және ғылыми қарым-қатынастар арқылы ауысқан сөздер:
мектеп,
медресе, ғылым, мұғалім, пән, мәдениет, қағаз, қалам, шәкірт, хат,
кітап, әдебиет, дәптер т. б.
б) қазақ даласына ислам дінінің тарауына байланысты енген сөздер: мешіт,
имам,
құран, аят, күнә, алла, намаз, дұға, парыз, шариғат, жұмақ,
садақа, ораза
,
обал, сауап
т. б. осы сияқты сөздер.
Моңғол тілінен енген сөздердің көпшілігі қару-жарақ атаулары,
жауынгерлікке байланысты сөздер болып келеді:
түмен, ноян
,
дулыға,
жасақ, аймақ, алтын, ұлыс, балта, жебе т. б.
сияқты сөздер.
Қазақ халқының орыс мемлекетінің құрамына енуімен байланысты
орыс халқымен қарым-қатынас нығая түсті. Сондықтан қазақ тілінің сөздік
құрамына Қазан төңкерісіне дейін де көптеген орыс сөздері енді.
Қазақ тілінің сөздік құрамына қазан төңкерісіне дейін ауысқан орыс сөздері
қазақтың ауызекі сөйлеу тіліне енгендіктен, қазақ тілінің дыбыстық заңдарына
бағынып, кейбір тұлғалық өзгерістерге түсіп қалыптасты. Ол сөздер
ояз ,
болыс, үйез, гүберна, жандарал, сот, түрме, приказ, пошта, песір, тілмаш,
поштабай, салдат, пргауор, атбекет, итжеккен, тескентау, мұжық,
қарашекпен, ләпке, сияз
сияқты әкімшілік, ел басқару жұмыстарына
байланысты болды;
сажын, кірпіш, бөрене, қамыт, доға, самауыр, шәйнек,бөтелке,
тәрелке,үстел
сияқты күнделікті тұрмыста кездесетін бұйым атаулары
болды.
Жәрмеңке, ләпке, сәтен, шәлі, сөлкебай,бөкебай, пұт, мәнет,
кәмпит
сияқты сауда-саттықпен байланысты атаулар болды.
Қазіргі қазақ тілінің ең бай, дамыған кезеңі де, орыс тілінен сөздің көп
ауысқан кезеңі де Қазақстанда Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі дәуір болды.
Бұл кезеңде қазақ тілінің ұлт тілі дәрежесіне жетуіне, әдеби тіл болып
қалыптасуына жағдай туды. Кеңес дәуірінде ғылымның, техниканың ,
мәдениеттің дамуына байланысты қазақ тілінің сөз байлығы бұрын болып
көрмеген дәрежеде дамыды. Қазақтың әдеби тілінің ғылыми-техникалық,
қоғамдық-саяси, мәдени терминдері жасалды. Қазіргі қазақ тілінің сөздік
құрамының дамуына орыс халқының тілі үлкен әсер етті.Орыс тілінен және
орыс тілі арқылы өзге батыс европа халықтарының тілдерінен қазақ тіліне
ғылымның барлық саласынан терминдік сөздер еніп қалыптасты. Мысалы,
грамматика, стилистика, морфология
,
физика, атом, ядро, химия,
зоология, кафедра, медицина, клиника, рентген, доктор, институт,
семестр, фонетика, синтаксис, лицей, колледж, конференция, семинар,
компьютер, калькулятор, слайд,сайд т б.
Еліміз егемендік алып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі болып жарияланғаннан кейінгі жылдарда қазақ тілінің
қолданылу аясы жаңа сатыға көтерілді. Бұрын, негізінен, орыс, шетел
сөздерімен аталатын көптеген терминдік сөздер , зат, ұғым, бұйым атаулары
қазақтың төл сөздерімен алмастырылды.
Мысалы, кеден, әуежай, ұшақ,
тікұшақ, зымыран, ғаламшар, ғаламтор, ұжым, мұрағат, мұражай, әкім,
заңгер, мәжіліс, жарнама,тойхана, мейрамхана, сынып, мәтін, сынақ,
бағдаршам, ермексаз, оралман, жанкешті, зілзала, ота, дәрумен т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |