Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет60/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

Эвфемизм
Сөздің ұғымы қолайсыздау, дөрекілеу, естіген адамның көңіліне 
келетіндей болып келген жағдайда, ол сөз басқа сөзбен алмастырылып 
айтылады. Алмастырылып айтылған сөздерді тіл білімінде э в ф е –
м и з м ( грек тілінің 
euphemeo
– « сыпайы сөйлеймін» деген сөзінен алынған 
термин) деп атайды. Мағынасы тұрпайы сөздерді сыпайылып жеткізу. 
Эвфемизм сыпайыгершілікке, әдептілікке байланысты туған. Ол тілдегі 
ауыспалы мағынадағы сөздерді толықтырып отыратын көркемдеуіш, 
бейнелеуіш құралдардың бірі. Мысалы , адам өлімі қай замандардан-ақ, 
қорқынышты, үрейлі құбылыс. Сондықтан ол туралы жақын адамдарына 
естіртуге аса сақтықпен қараған, тұспалдап жеткізген. Өлді деудің орнына
дүние салды, қайтыс болды, жан тәсілім етті, қайтпас сапарға аттанды, 
жаны жай тапты
деген тіркестерді қолданған. 
Аққу ұшып көлге кетті. Ақ 
сұңқар ұшып шөлге кетті. Олар адасып кеткен жоқ, Әркім барар жөнге 
кетті ,
- деп, поэтикалық сарында тұспалдап, бейнелі естірту, көңіл айту 
қазақта бұрыннан бар .
Неке, отбасына байланысты эвфемизмдер: 
әйел, зайып, жұбай, бәйбіше
(
анайы түрі: 
 қатын); күйеу, жұбай, жолдас (
анайы түрі:
бай); үйленді, құс 
қондырды, аяқтанды, тұрмысқа шықты, шаңарақ көтерді, (
анайы түрі
 
қатын алды, байға тиді);
Моральдық-этикалық кемшілікке, қомсынуға байланысты эвфемизмдер: 
қолының жымысқысы бар
(ұры), 
жеңіл ауыз
(өсекші), 
жеңіл жүрісті
(бұзылған, жезөкше), 
ауыр аяқ
( жүкті, екіқабат),
сөзуар
(мылжың), 
құлағының мүкісі бар
(керең),т.б. 


59 
Дәрігерлер бірсыпыра жағдайда сырқатқа диагностика қойғанда, ауруды 
өз атымен атамай, латын сөздерімен немесе арнайы медициналық 
терминдермен атайды.
Қазіргі кездегі қолданылып жүрген эвфемизмдер халқымыздың бүгінгі 
таңдағы қалыптасқан этикалық, мәдени нормаларының көріністері болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет