39- жаттығу. Сөйлемдерден ауызекі сөйлеу тіліне тән сөздерді, табу, эвфемизм,
дисфемизмдерді теріп жазып, олардың мағынасына түсінік беріңіздер
1. Бір пәледен құтылдық па десек, түпке сақтағаның бар екен ғой! ( Ғ. М. ).
2. –ойбай, мынау ырсылдақ қараның шабысы! Ол жетпей қоймайды! Иттің
малы, алдынан келсең- тістеп, артынан келсең - теуіп, жолатпап еді ! ( Ғ. М. ).
3. – Е, болыс аулы болса, ендеше құдай берді, жігіттер. Қарап тұрыңдар, Сатан
осы ауылдан төрт ат жегіп жөнеледі,-деп Сатан күлді. – Атаң басы жегесің –
деп, Әбіш нағашысын тойтарып тастады. ( І. Ж.). 4. Біржанның «Жанбота» деп
аталатын әні ышқынған жанның зары. «Өлген жерім осы ма еді? Боқтыққа
көмген жерің осы ма еді?-деп келеді ( Ғ. М. ). 5. Ол бір оқыс сөйлейтін адам
екен: - Әй, сен шырақ, жақсы редақтор боламын десең, сыбырлақ сынға
пысқырма! Оттай берсін!- деді. 6.Қарны кебежедей бір можа биеге малшы
қатын мінем деп, үзеңгіге аяғы жетпей мықшыңдап жатыр еді. – Ана жаман
күңді атқа салып жіберші! -деп, Қара бәйбіше Сәрсенбайды жұмсады.
Сәрсенбай: - Әй, өлімтік-ай!-деп, малшы қатынды мықынынан бір түйіп,
ашасынан алып, аттың үстіне бір қойды. – Тоқта, қағынды! Атымды алайын, -
дегенге қаратқан жоқ. –Әтшу, әтшу!-деп, бәйбіше көшін жөнелтіп, бір қатынға
құман ұстатып, түзге жөнелді ( Ж. А. ).
Тақырып бойынша сұрақтар: 1. Тілдің лексикология тарауы нені зерттейді ? 2. Сөз дегеніміз не ? 3. Сөз мағынасы деген не ? 4. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары деп қандай мағыналарын айтады ? 5. Сөздің грамматикалық мағынасы нелер арқылы беріледі ? 6. Сөздің тура және келтірінді мағынасы деп қандай мағыналарын айтады 7. Сөздің көп мағыналығы деген не ? 8. Сөз мағынасы қандай жағдайда нақтыланады? 9. Омоним деген қандай сөздер ? 10. Антоним деген қандай сөздер ? Қазақ тілінде көбінесе антонимдес болатын қандай сөз таптары ? 11. Синоним деген қандай сөздер ? Синонимдік қатар деген не ? 12. Табу және эвфемизм деген қандай сөздер ?
13. Табу сөздер неге байланысты шыққан ? 14. Дисфемизм деген қандай сөздер ?