34
құрылғының кедергісі кернеуі 380 В үш фазалы торапта 4 Ом-нан аспауы қажет
[11].
Кернеуі 6-10/0,4 кВ қосалқы станса үшін бір ортақ жерлендіру
құрылғысы жасалуы керек, оған төмендегілер қосылуы қажет:
- күштік трансформатордың 0,4 кВ жағындағы бейтарабы;
- кабельдік желінің металл қаптамасы мен қабаты;
-электр құрылғыларының ашық ток өткізгіш бөліктері;
- ток трансформаторы мен өлшем кернеу трансформаторының сәйкес
нүктедегі орамдары.
Жерлендіру құрылғыларының қ а б ы л д а у - т а п с ы р у жұмыстары
электр монтаждық жұмыстар біткен соң жасалады. Құрылғының барлық
элементтері мұқият қаралады және жоба мен ПУЭ талаптарына сай тексеріледі.
Қимасы, бүтіндігі және өткізгіштің қорғанысының беріктігі, қосылуы және
жалғануы тексеріледі. Қабылдау-тапсыру жұмыстарының көлемі келесі
операцияларды қамтиды:
- жерлендіргіш құрылғылардың элементтерін тексеру құрылғының
элементтерін қарау жолымен жасалады және жоба құжаттамасына сай
анықталады;
- электр қондырғысының жерлендіргіш элементтер мен жерлендіру
арасындағы тізбекті тексеру;
- жерлендіру құрылғыларының кедергісін өлшеу табиғи жерлендіруді
жалғау арқылы жасалады; өлшенген шамалар жоба құжаттарында келтірілген
шаманы қанағаттандыруы қажет; сонымен қатар өндірістік кәсіпорынның
қосалқы стансаларында өлшеу монтаждан соң, күрделі жөндеуден соң немесе
қайта құрудан кейін, және пайдаланудың бірінші жылы мен мекеменің
нұсқаулығына сай мерзімдежасалады;
- жанасу кернеуінің нормаларымен салынған электр құрылғыларында
жанасу кернеуін өлшеужасалады;
- жерлендіру құрылғыларының ауданында топырақтың меншікті
кедергісін өлшеу.
Жерлендіру құрылғысын пайдалануға тапсыру кезінде келесі құжаттар
тізімі болуы қажет: орындалған сызбалар мен құрылғылардың сұлбалары,
жабық жұмыстардың актілері мен ашық түрде төселген қорғалған
өткізгіштердің актілері; «фаза-ноль» тізбегіндегі кедергі мен жерлендіру
кедергісін өлшеудің хаттамалары; электр қондырғылары корпустары мен
жерлендіргіштердің арасындағы тізбекті тексерудің хаттамасы.
Достарыңызбен бөлісу: