31
- электр машиналарының, трансформаторлардың, аппараттардың,
шамдардың және т.б. корпустары;
- электр аппараттарының жетектері;
- өлшеу трансформаторларының екіншілік орамдары;
- басқару қалқандары мен тарату қалқандарының қаңқалары;
- тарату құрылғыларының конструкциялары, кабельдік конструкциялар,
кабельді муфталардың қаңқалары, күштік
және бақылау кабельдерінің
қабықшалары мен қаптамалары, электр сымдар жүйесінің болат құбыры және
т.б.
- қандай да бір электр техникалық бұйымдары бекітілген және олар
металл жерлендірілген қаңқаға орнатылған, қоршаулардың ажырайтын немесе
ашылатын бөліктері, шкафтар мен тарату құрылғыларының камералары.
Елді мекенде орналасқан кернеуі 6-10 кВ әуелік желіде темір бетон және
металл бағаналарды, сонымен қатар ағаш, темір бетон немесе металл
бағаналарда
орналасқан
электр
қондырғыларының
(айырғыштар,
сақтандырғыштар, разрядтағыштар) корпустары мен қаңқаларынжерлендіреді.
Электр аспаптарының қаңқалары мен релелері, жерлендірілген металл
конструкцияларда орналасқан және олармен
берік электрлік байланысқан
қондырғыларды жерлендірмейді.
Электр құрылғыларында жерлендіруқұрылғыларын орналастыру үшін
бірінші кезекте табиғи жерлендіруді пайдалану керек - ол өздерінің қасиеті
бойынша жерлендірудің де қызметін атқаратын әртүрлі құрылғылар мен
конструкциялар. Табиғи жерлендірулер:
- жермен түйіскен ғимараттар мен құрылыстардың металл және темір
бетон конструкциялары, сонымен қатар темір бетон іргетасы;
- жерге төселген, су құбырының металл құбырлары;
-бұрғы ұңғымасының шегендеу құбырлары;
- су таратқыштар, гидротехникалық салулардың металл шпунты;
- электрлендірілмеген
темір жолдың рельстік жолдары, рельстердің
арасында арнайы қосқыштар болған кездегі жолдар;
- жерге төселген брондалған кабельдердің металл қаптамалары.
Жерлендіргіш ретінде кабельдердің алюминий қаптамасын, жанғыш
сұйықтықтар мен газдардың құбыр желісін, кәріз бен орталық жылу беру
құбырларының желісінпайдалануға рұқсат етілмейді.
Табиғи жерлендіргіштер ПУЭ талаптарын қанағаттандырмаса, жасанды
жерлендіргіштерді пайдаланады, олар көлемі
мен топырақта орналасқанына
байланысты үш түрге бөлінеді:
- тереңдетілген - іргетас периметрімен қазаншұңқыр түбіне көлденеңінен
төселетін, жіңішке болат;
- көлденең - траншеяға төселген дөңгелек немесе жіңішке болат;
- тігінен - топыраққа тігінен бұрап енгізілген немесе батырылған
дөңгелек болат білік.
Жерлендіруге әдетте диаметрі 10-16 мм дөңгелек болат, қимасы 40х4 мм
жіңішке болат, 50х50х5 мм бұрыштық болаттың кескінін қолданады. Тігінен
32
бұрап енгізілген немес батырылған жерлендіргіштердің ұзындығы әдетте 4,5-5
мм, ал қағылғаннның 2,5 – 3 м [14].
Достарыңызбен бөлісу: