Сабақ тақырыбы Санды теңдіктер және олардың қасиеттері



Дата18.01.2022
өлшемі0,94 Mb.
#129437
түріСабақ
Байланысты:
1. Санды теңдіктер және олардың қасиеттері. Нұсқа 2.

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Мектеп: №141ЖББМ

Күні:10.01.22ж

Мұғалімнің аты-жөні: Исмагулова А К

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Санды теңдіктер және олардың қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.1

тура санды теңдіктердің қасиеттерін білу және қолдану;



Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • санды теңдіктер анықтамасымен, тура санды теңдіктер анықтамасымен танысады;

  • тура санды теңдіктердің қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

«Миға шабуыл»



Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

Сабақ басында:

1) оқушылардың зейінін шоғырландыру, түгелдеу.

2) оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын /ОМ анықтап алу 3) сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау.






Сабақтың ортасы

«Мағынаны тану»




Жаңа материалды баяндау.

  1. Егер және болса, онда болады.

1-мысал. 9 және 36 , онда 9

  1. Тура санды теңдіктің екі жақ бөлігіне де бірдей санды қосқанда тура санды теңдік шығады.

болса, онда

2-мысал. 1) 8,4+3,6꞊12 2) 24:3+(-6)꞊2

8,4+3,6+(-3,6)꞊12 +(-3,6) 24:3-6 ꞊ 2

8,4꞊12-3,6 24:3-6+6 ꞊ 2+6

8,4꞊8,4 8 ꞊ 8 Демек, тура санды теңдіктің бір жақ бөлігіндегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсы таңбаға өзгертіп, оны теңдіктің екінші жақ бөлігіне көшіруге болады.



  1. Тура санды теңдіктің екі жақ бөлігін де нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде тура санды теңдік шығады.

болса, онда , , с

3-мысал. 1) 3-11=-8 2) 3-11=-8

(3-11)·2=-8·2 (3-11):4=-8:4

-16=-16 -2=-2


  1. Екі тура санды теңдікті мүшелеп қосқанда тура санды теңдік шығады.

және с=d болса, онда a+c=b+d .

4-мысал. 42:(-6)=-7

12·5= 60

42:(-6)+12·5=-7+60

53=53

  1. Екі тура санды теңдікті мүшелеп көбейткенде тура санды теңдік шығады.

және с=d болса, онда ac=bd болады.

5-мысал. 5+3=8

9-2=7

(5+3)(9-2)=8·7

56=56

Жаңа материалды бекіту.

Тапсырма береміз.



841. Тура санды теңдіктерді таңдап алыңдар:

1) 6+3=1,8 4) ·6-1=4+1

2) 2,8-9=3,4·2 5) ·8+7=2,4:0,3

3) 0,9·6+2=10-2,6 6) 1,6+4=0,8·2+4.



842. Берілген санды теңдіктің:

1) 7,2+1,8=9; 3) 6-1,3=4,7

2) 1,4·5=7 4) 9:1,8=5

екі жақ бөлігіне де:

а) 1,3; ә) -1,8; б) -11 сандарын қосыңдар.

843. Тура санды теңдіктерді мүшелеп қосуды орындаңдар:

1) 7:1,4=5 және 0,6·3=1,8

2) (-9):1,5=-6 және 4=3,2:0,8

3) 0,8·(-7)=-5,6 және 1,2·5=6

4) 3,2·5=16 және 9:6=1,5.

Тура санды теңдіктер туралы қорытынды жасауға оқушыларды жетелейміз.



844. Тура санды теңдіктің қасиетін пайдаланып,

1) 1,2·(-7)=-8,4 теңдігінің екі жақ бөлігін де:

а) -5-ке; ә) 3-ке; б) 0,5-ке көбейтіңдер;

2) 5,4·2=10,8 теңдігінің екі жақ бөлігін де:

а) -3-ке; ә) 9-ға; б) 6-ға бөліңдер.

Мұғалім түрткі болу сұрақтарын қою арқылы оқушылардың жауаптары ескеріліп, тура санды теңдік құруды қарастырамыз.



845. берілген екі санды теңдіктен бір санды теңдік құрастырыңдар.

1) 24:6=28:7 және 60:15=28:7;

2) 9,5:1,9=2,4:0,48 және 8,5:1,7=2,4:0,48;

3) 5,6:0,7=18,4:2,3 және 5,6:0,7=11,2:1,4.

Ауызша бағалау басбармақ әдісі арқылы орындалады. 3.Оқушылармен бірігіп есептің шығарылу жолының алгоритімін құрамыз:


  1. Санды теңдіктердің қасиетін білу;

  2. Оларды есеп шығаруда қолдана алу;

  3. Жауабын жазу.

Осы дескриптор бойынша оқушылар өзара бағалау жұмысын орындайды.

Сергіту сәті. Мұғалім оқушылардан көзге арналған жаттығуларды жасауларын сұрайды.

«Көзге арналған жаттығу».





Топтық жұмыс: Топ оқушылары тапсырманы тақтада орындап болған соң, тапсырмаларын алмастырып дескриптор бойынша және тілек жазу арқылы бағалайды.

846. Тура санды теңдік шарты орындалатындай етіп, жақшаны қойыңдар:

1-топ

а) 2-8·0,5=48:(-16); ә) 72:9+3=3,2+2,8;



2-топ

а) 9,6:1,2=5·0,7+0,9 ә) 9·2-8=20·(-2,7)



Жұптық жұмыс:

847. Тура санды теңдіктерді мүшелеп қосуды орындаңдар:

  1. 0,6-2=-1,4 және 2+1,8=3,8

  2. 1,7+6=7,7 және 0,5-1,7=0,4·(-3)

  3. 1,8·(-5)=-2·4,5 және -5·1,2=-2·3

  4. ·( )=-0,15 және ·( )=-0,6

Жұптағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийі бойынша бағалайды.

Бағалау критерийлері:

1) Санды теңдіктердің қасиетін біледі;



  1. Тура санды теңдіктерді мүшелеп қосуды біледі;

  2. Жауабын жазады.

Ережелерді есептер шығаруда қолдана алады.

Жеке жұмыс: (Шығармашылық тапсырма)

1. Бану қабырғасы 5 см болатын шаршы қағазды екі тіктөртбұрышқа бөлді. Бұл тіктөртбұрыштардың біреуінің периметрі 16 см. Екіншісінің периметрі қанша?

Бұл тапсырманың жауабын мұғалім бағалайды.

Бекіту сұрақтары:


  1. Санды теңдік дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

  2. Тура санды теңдіктің бір жақ бөлігіндегі қосылғышты екінші жақ бөлігіне қалай ауытыруға болады?

  3. Екі тура санды теңдік қалай қосылады?

Екі тура санды теңдік қалай көбейтіледі?

http://festival.1september.ru/articles/599748/

Қосымша 1.

Т.А. Алдамұратова, Е.С. Байшоланов. Математика 6, Алматы «Атамұра» 2015

15-17 беттер

Қосымша 2.

Т.А. Алдамұратова, Е.С. Байшоланов Математика 6, Алматы «Атамұра» 2015




Сабақтың соңы

Рефлексия




Сабақты қорытындылау. Оқушыларға сұрақтар қою.

Рефлексия: БББ



Сабақты қорытындылау:

  1. Бүгінгі оқу мақсаты қандай болды?

  2. Бағалау критерийі қандай?

  3. қалай талдау керек?

Үйге тапсырма: №848.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет