Zanmedia. Kz қоғамдық-саяси, құқықтық газет


Мемлекеттік тіл – қоғамды ортақ істерге жұмылдыратын, бірік



Pdf көрінісі
бет26/37
Дата18.06.2022
өлшемі1,02 Mb.
#146738
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
Байланысты:
ZG2022-7

Мемлекеттік тіл – қоғамды ортақ істерге жұмылдыратын, бірік
-
тіретін, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын бірден-бір 
құрал. Мемлекеттік тіл мемлекеттік маңызды мәселе болғандықтан, ол 
азаматтық, патриотизм, мәдени тұтастық сияқты ұғымдармен тығыз 
байланысты. Бір тілде сөйлемеген халық біріге де алмайды, өздерін бір 
шаңырақтың мүшесімін деп сезіне де алмайды. 
Тарихтан белгілі, қандай ел болмасын бостандық алған соң ең бірінші мем­
лекеттік тілінің мәселесін шешеді. Қазіргідей әлемдік бәсеке жағдайында күшті 
ұлттар ғана өз мүддесі үшін күресуге қауқарлы. Күшті ұлт болу үшін күшті 
мәдениет қалыптасу керек. Сонда ғана әлемдік өркениет кеңістігінен өзіне ти­
есілі орынды ала алады. Жүрегі елім деп соғар әр азаматтың елге деген, тілге 
деген құрметі мәңгі сөнбеуі керек! Әлемдегі барлық өркениетті елдердегідей 
мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет істейтіндердің бәрі бұл тілді білуге 
міндетті. Онсыз ол мемлекеттік тіл болып есептелмейді. Конституциялық талап 
осы. Қазақ тілін білуге міндеттеу ешкімнің құқығына қол салғандық болмайды. 
Мемлекеттік тілді білу – кәсіби талап.
А.УЮМДАСОВА, 
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының 
жетекші маманы
БІР ТІЛДЕ СӨЙЛЕМЕГЕН 
ХАЛЫҚ БІРІКПЕЙДІ
ҚАУІПСІЗДІКТІ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МІНДЕТ
Сот ғимараты стратегиялық маңызы 
бар, елдегі өте күрделі, қоғамда қор­
даланған мәселелер шешімін табатын 
нысан болып табылады. Осы айрықша 
ғимараттың тыныштығы мен қауіпсізді­
гін сақтау барлық қызметкердің пары­
зы. Дегенмен, бұл істе сот приставына 
жүктелер міндет ауқымды. Осы орайда 
сот приставының жұмысына аз­кем 
тоқталып өтсек.
Сот приставы – мемлекеттік қыз­
метке жататын, өзіне жүктелген міндет­
терді орындайтын және сот отырысы 
кезінде залда тәртіп пен тыныштықтың 
сақталуын қамтамасыз ететін лауазым­
ды тұлға.
Сот ғимаратына кірудің өз тәртібі 
бар. Сот кез келген адам баса­көктеп, әр­
лі­берлі өте беретін аула емес екені анық. 
Онда қатаң сақталар қағидалар бар. 
Қауіпсіздікті қорғау тек сот при­
ставы және мамандандырылған күзет 
қызметкерлерінің ғана емес, басқа 
сот қызметкерлерінің де міндеті. Сот 
қызметкерлері сот ғимаратының қа­
уіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 
барлық сезікті заттар мен азаматтардың 
әрекеттеріне ерекше көңіл аударуды, 
мұндай жағдай анықталса тез арада сот 
приставына, кіру бекетіндегі полиция 
қызметкеріне хабарлап айтуы керек. 
Адамдардың күзетілетін ғимаратқа 
және режимдік үй­жайларға кіріп ке­
туіне, ғимараттан тиісті рұқсатсыз қыз­
меттік құжаттарды және материалдық 
құндылықтарды алып шығуына, ғима­
раттан қызметтік құжаттарды және ма­
териалдық құндылықтарды ұрлауға, ғи­
маратқа техникалық байқау құралдарын 
атыс, суық қаруды, арнайы құралдарды 
рұқсатсыз кіргізуге жол берілмейді.
Сот приставы сот ғимаратында 
әкімшілік құқықбұзушылық тура­
лы хаттама жасауға, сонымен қатар, 
әкімшілік құқық бұзушылық өндірісін 
қамтамасыз ету мақсатында құқық 
бұзушыны жеткізуге, құжаттары мен 
заттарын алуға құқылы. Аталған қыз­
меттер жиынтығы сот приставының тек 
сот отырысына ғана қатысты бір қыры. 
Сотта әділдік жүзеге асып, тәртіп пен 
адамгершілік нормаларынан аттамай, 
құқықтық жүйенің қатаң сақталуы 
қамтамасыз етіледі. Ал сот приставы 
белгіленген құқықтар мен міндеттеріне 
осы игі іске сай өз септігін тигізеді. 
Сот ғимаратының қауіпсіздігін сақтау 
мақсатында әр қызметкер сот приста­
вымен өзара үйлесімде жұмыс істеуі 
қажет. Бұл дегеніміз соттың, ең бастысы 
азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз 
етудің алғы шарты болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет