Қазақ тілін қоғамдық қатынастардың барлық саласында, оның ішінде мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізуде кең қолдану, мәрте - бесін көтеру өзекті мәселе. Азаматтық процестік кодекстің 14-бабына сай азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда бел - гіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады. Сот төрелегін жүзеге асыруда сот ісінің тілі туралы қағидат қатаң сақталынады. Көбінесе, талап арыздардың орыс тілінде берілгеніне байланысты азаматтық істер осы тілде қаралады. НұрСұлтан қаласы Есіл аудандық сотының өндірісіне 2021 жылы азаматтар
мен заңды тұлғалардан барлығы 11303 талап арыз түскен, оның тек 514і (5%)
ғана қазақ тілінде берілген. Яғни, сот төрелігін мемлекеттік тілде жүргізу өз
мәртебесіне сай деп айтуға ерте. Қазақ тілінде жүргізілген азаматтық істердің
өзі көп жағдайда аудармашының қатысуымен қаралады. Сотта қазақтардың
«мен қазақ тілін білмеймін, маған аудармашы қажет» деуі үрдіске айналып бара
жатыр. Тіпті, бірнеше жыл некеде тұрған ерлізайыптылардың ажырасу туралы
азаматтық ісіне де жауапкердің арызы бойынша аудармашы қатысқан кез болған.
Немесе, жеке тұлға банктік қарыз шартын даулап сотқа қазақ тілінде талап
арыз берген. Алайда банк сотқа хат жолдап «Өкіліміз (ұлты қазақ) қазақша
білмейді, іске аудармашы қатыссын» деді. Өтініш орындалды. Себебі, заң бой
ынша іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін
іске қатысатын адамдар аудармашы қызметін тегін пайдалануға құқылы, оны
сот қамтамасыз етуге тиіс. Дегенмен, банкте мемлекеттік тілді жақсы меңгеріп,
сот процестеріне қатыса алатын бірдебір заңгердің болмауы өкінішті жағдай.
Қ.ЕРМАҒАНБЕТОВА, Есіл аудандық сотының судьясы НҰРСҰЛТАН ҚАЛАСЫ