Тимур РАИСОВ, Алматы қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қазақстан Республикасы
-
ның 2006 жылғы 16 қаңтарда
қабылданған «Алқабилер туралы»
заңына сәйкес алқаби дегеніміз
– соттың қылмыстық iстi заңда
белгiленген тәртiппен қарауы
-
на қатысуға шақырылған және
ант қабылдаған ҚР азаматы, ал
алқабиге кандидат дегеніміз – ҚР
Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне
сәйкес кейiннен алқабилердi iрiк
-
да балаларының, қауіпсіздігі үшін
қорқып, сотқа қатысудан бас тар
-
тады. Бұл, әрине, дұрыс емес. Бұл
тұрғыда ешқандай қорқудың қа
-
жеті жоқ, өйткені «Алқабилер ту
-
ралы» заңға сәйкес алқаби, оның
отбасы мүшелерi және олардың
мүлiктерi мемлекеттiң қорғауын
-
да болады. Егер алқабиден тиiстi
өтiнiш келiп түссе, сондай-ақ
алқабидің қауiпсiздiгiне немесе
оның мүлiктерiнiң сақталуына
қауiп төнудiң басқа да айғақтары
анықталса, онда сот алқабидiң,
оның отбасы мүшелерiнiң қа
-
уiпсiздiгiн, оларға тиесiлi мүлiк
-
тердiң сақталуын қамтамасыз
ету бойынша қажеттi шараларды
қолданады.
Алқабиге кандидаттардың
тізімін облыстың жергілікті атқа
-
рушы органы, яғни облыстық
әкімдік, сайлаушылар тізімдерінің
негізінде жасайды.
Алқаби өзiнiң iшкi нанымы
бойынша iстiң мән-жайын өз
бетiнше бағалауға және алқаби
-
лер алқасының алдына қойылатын
сұрақтарға жауап беруге мүм
-
кiндiк алу үшiн сотта қаралатын
дәлелдемелердi зерттеуге қаты
-
суға; процеске қатысушыларға
төрағалық етушi арқылы сұрақтар
қоюға; заттай дәлелдемелердi, құ
-
жаттарды тексерiп қарауға, жердi
және үй-жайларды тексерiп қарау
iсiне, сот тергеуiндегi барлық
басқа да iс-әрекеттерге қатысуға;
төрағалық етушiге заңнама нор
-
маларын, сондай-ақ сот отыры
-
сында жария етiлген құжаттардың
мазмұнын және iске қатысты, өзi
-
не түсiнiксiз басқа да мәселелердi
түсiндiрудi сұрап өтiнiш жасауға;
сот отырысы кезiнде жазбалар
жасауға құқылы.
Төрағалық етуші судья сот оты
-
рысы барысында алқабилерге қой
-
ылатын шектеулерді сақтамаған
алқабиді сот процесіне одан әрi
қатысудан шеттетуі мүмкін. Бұл
жағдайда шеттетілген алқабиге ай
-
лық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге
дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салы
-
нуы мүмкін.
Алқабиге бюджет қаражаты
есебiнен іс бойынша төрағалық
етуші судьяның лауазымдық жа
-
лақысының жартысы мөлшерiнде,
бiрақ алқабидiң сотқа қатысу уақы
-
тына барабар, оның негiзгi жұмыс
орны бойынша орташа жалақы
-
сынан кем емес мөлшерде сый
-
ақы төленеді. Алқабиге кандидатқа
(алқабиге) iссапар шығыстары да
республикалық бюджет қаражаты
есебiнен өтеледі. Алқабидiң сотта
мiндеттерiн атқару уақыты еңбек
стажын есептеген кезде есепке алы
-
нады. Алқабидiң мiндеттерiн атқару
кезiнде оның негiзгi жұмыс орны
сақталады. Алқабидiң сотта мiндет
-
терiн атқаруы кезiнде оны жұмыс
берушiнiң бастамасымен жұмыстан
шығаруға немесе ақысы төмен жұ
-
мысқа ауыстыруға жол берiлмейдi.
Лауазымды адамның, яғни жұ
-
мыс берушінің азаматқа сотта алқа
-
би мiндеттерiн атқаруға кедергі
келтiруі Қазақстан Республикасы
Әкімшілік құқық бұзушылық тура
-
лы кодексінің талаптарына сәйкес
ескерту жасауға немесе он айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде ай
-
ыппұл салуға әкеп соғады.