Бердалы мырзаханов


«Ауруға салыну» реакциясы



Pdf көрінісі
бет121/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

«Ауруға салыну» реакциясы 
- науқас ауырсыну жағ-
дайына толық назарын аударып, оған өз Құндылықтарының 
ішінде жоғары орын беріп, ауруына байланыссыздарын 
елемейді. 
Аурудың ішкі бейнесі 
- ауру тұлғасының ауруға 
психологиялық реакциясының негізінде дерт туралы өз 
көрінісі, білімі пайда болуы. 
Аффилиация 
- медициналық қызметкер тұлғасының 
науқаспен жанасуға ықпалдануы, олармен әрекетке түсуге 
ынталануы. 
«Біріншілік» әсер 
- Бұл науқас туралы алғаш естіген 
немесе көрген мәліметтер өте мағыналы және ұмытылмайтын 
болып, келешекте Бұл адамға деген қатынасқа тікелей әсер 
ете алады. 
Вербальды коммуникация- 
сөз арқылы қатынасу. 
Гармониялық 
ауруға қатынас түрі - өзінің хал-жағдайын 
адекватты, қалыпты түсінетін және барлық жағдайды жаман-
дық жағынан қарамай, бірақ қуаныш сезімінсіз бағалайды, 
емдеуге белсенді түрде қатысады. 
Гиперсоматонозогнозия 
- адам аурудың жеке белгілеріне 
қалыптан тыс, өте жоғары баға береді. 
Гипосоматонозогнозия 
- адам ауруын, жағдайын өте 
төмен бағалап мән бермейді. 
Диссоматонозогнозия 
- адам ауырғанын жоққа шығарып, 
мойындамайды, әсіресе, онкологиялық аурулардың бастапқы 
кезінде. 


 
 
191 
Деструктивтік қақтығыс 
дегеніміз-негативтік бұзылыс-
ты әрекеттесу салдарынан, дау-дамай туып, ұйымның немесе 
топтың жумыс нәтижесі кенет күрт төмендеуі. 
Диалогтық қатынас 
- науқасқа дәрігер тарапынан 
ұстамдылық көрсетіп, тепе-теңдік жағдайы туады. 
Дисфориялық реакцияда 
- науқастың көңіл күйі нашар, 
сау адамдарға қызғанышпен қарайды, жақындарына 
деспотиялық қатынаста болуы белгіленеді. 
Диссимуляция 
- сырқаттанғанын біле отырып пациент 
саналы түрде аурудың белгілерін жасырады және ол үшін 
барлық күшін салады: мамандық міндеттерін бір қалыпты 
орындай береді, жанүяда және қоғамда қалыпты жағдайын 
сақтайды. 
Идентификация 
- үғыну үшін өзін басқа адамның орнына 
қою арқылы өзін-өзі сезініп, түсіну, өз мінездемесіне басқа 
адамды сәйкестендіру арқылы, оның ой-пиғылын түсініп 
тануы, яғни басқа адамды өзімен салыстыру. 
Интраверсия 
- Бұл термин, субъектінің өз-өзіне қарай 
бағытталуын анықтайды, өзінің сезімдеріне, уайымдауына 
шектен тыс назар аударуын білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет